Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 5(1) 2019
ISSN 2410-2725
деятель С.Кожанов совместно с национальной интеллигенцией Казахстана, виднейшими его
представителями А. Байтурсыновым, М. Дулатовым и другими внес значительный вклад в
становление Казахской республики в условиях советского строительства. Автор описывает
политическую деятельность С. Кожанова, занимавшего ответственные государственные посты,
включая должность инструктора аппарата ЦК ВКП (б) по национальным вопросам в Москве.
Он стал жертвой массовых операций в годы Большого террора в 1937-1938 гг.
Ключевые слова: Султанбек Кожанов; Туркестанская Республика; революционный комитет;
Туркестанская комиссия; рабочие и крестьянские Советы; Туркестанский исполнительный
совет; большевики; кулаки; котрреволюция; Красная Армия.
ӘОЖ/УДК 94(574)(092)
Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси қызметінің Түркістан
Республикасы кезеңінің кейбір мәселелері
Ж.Қ. Симтиков
Жалпы кеңестік дәуірдегі қалыптасқан әлеуметтік-саяси ахуал, қоғамдық
орта жағдайы, қоғамның шектен тыс идеологияландырылуы зерттеушілерімізді
қате пайымдаулар мен сыңаржақ тұжырым жасауына әкелді. Жеке немесе
топтық қарсылықтарға "ұлттық ауытқушылық", халықтың өз қарапайым
құқықтарын қанағаттандыруды талап еткен ұсыныстарға "қазақ ұлтшылдығы"
сияқты өмірлік шындықтан алшақ, түптеп келгенде ұлттың өз азаттығына деген
табиғи ұмтылысын тұншықтыру мақсаттан туындаған айдарлар тағылды.
Кеңестік дәуірдегі зерттеулерде жекелеген тұлғалардың азаттық жолындағы
қасиетті де, қасіретті күресі өз ұлтына деген қызметі, өмір жолдарын зерттеу
күні кешеге дейін сыңаржақты бағаланып, оған тарихи шындық тұрғысынан
қарауға мүмкіндік бермеді. Кейінгі кездегі тың архивтік деректердің ашылуы осы
олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Осы тұрғыдан алғанда,
тарихты халық жасайды десек те, жеке тұлғалардың халық арасынан шығып,
оларды жаңа ұмтылыстарға, үрдістерге бастайтынын ескерген жөн. Осындай
ел басына күн туып, ұлттық тәуелділік және кемсітушілік пен ұлттық
құқықсыздықтарды отардағы қазақ халқы басынан кешіріп жатқанда, қазақ
халқының қалыптасып үлгерген зиялы кауымының бей-жай қалуы мүмкін емес
нәрсе еді. Бұл орайда қоғамдық дамудың түрлі өтпелі кезеңдерінде тер төгіп,
еңбек етіп терең із қалдырған тұлғалардың ұстаған бағытын уақыт таразысына
салып, саралап отыру сол қоғамның өз болашағы үшін қажет шаруа. Өкінішке
орай, қазақ елінің төл тарихында, соның ішінде XX ғасырдың алғашқы отыз
жылдық мерзіміндегі тарихи процесстерге байланысты шешімін таппаған
мәселе. Қазақ қоғамында ұлт азаттық қозғалысын дамытуға еңбек сіңірген,
халықтың ұлттық сана – сезімін оятуға, оның рухани жағынан өрлеуіне белсене
араласқан жарқын жандар аз болған жоқ (Сармурзин, 1991:33).
ХХ ғасыр басында қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары намысты
таптайтын шешімдерге қарсылық білдіріп, бұл қозғалысқа ұйымдасқан сипат
беріп, оны жаңа деңгейге көтерді. Қазақтың зиялылары ерте марқайып, тез
жетілуіне Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық кетеріліс, Ресейдің 1917
жылғы қос Ақпан және Қазан төңкерісінің әсері едәуір болды. Өз ұлтының
теңдігі, тәуелсіздігі мен болашағы үшін күрескен зиялыларымыздың кернекті
өкілі, қазақ халқының ортасынан шыққан аса ірі қоғам және саяси қайрат-
керлерінің бірі, және бірегейі Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (Султанбек
Ходжанов) еді. С.Қожанов 1916 жылдан бастап 1937 жылдар аралығында
ірімемлекеттік істерге араласып, соның бел ортасында жүрді. Бұл уақыттар
118
Достарыңызбен бөлісу: |