Issn 2617-6319(Print) issn 2791-3368 (online) Индекс 10532 «ҚӘӘи хабаршысы»


№3 (51), 2022 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ ISSN – 2617-6319



Pdf көрінісі
бет38/73
Дата10.01.2023
өлшемі5.61 Mb.
#468297
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
Статья на воен журнал

№3 (51), 2022 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ ISSN – 2617-6319 
 
 
43 
психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы. Психологияда 
«мінез» түсінігі-адамның іс-әркеті мен жүріс-тұрыс формасында көрінетін 
жеке-дара психикалық қасиеттердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен 
ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға 
қатынасын білдіреді. Мінез – адамның әлеуметтік мінез-құлқының 
ерекшелігі, ол әлеуметтік топтағы адамдардың жүктелген істі орындау 
барысында, 
тұлғаралық 
қарым-қатынаста 
көрініп 
отырады. 
Адам 
мінездерінің көріністері әрбір жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан 
аңғарылады. Адамның іс-әрекеті сол іске деген қатынасымен қатар, ерік 
жігеріне, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін 
айқын аңғартады.
Мінездің қалыптасуы мен даму деңгейлеріне және ерекшеліктеріне 
байланысты әртүрлі топтарда өтеді (отбасы, достық орта, сынып, спорт 
командалары, еңбек ұжымы т.б.). Әр топтың өз құндылық ерекшеліктеріне 
байланысты мінез қырлары да дамиды. Мінез қыры дегеніміз - адамның 
белгілі бір жағдайдағы мінез-құлқын анықтайтын психикалық қасиет. Мінез 
қырларының көптеген топтастыруы бар. Психологиялық әдебиеттерде 
көбінесе екі бағыр кездеседі. Біріншісі мінез қырларын психикалық 
процестермен байланыстырып, ерікті, эмоциялық, интеллектуалдық 
қырларды бөліп қарастырған. Мінездің ерікті қырларына: табандылық, 
батылдық, қайсарлық, өжеттік, сабырлылық, байсалдылық, дербестік, 
белсенділік, ұйымшылдық кіреді. Эмоциялық қырларына: екпінділік, 
әсерленгеншік, қызбалық, инерттілік, байыпсыздық, қайырымдылық 
қасиеттері енеді. Ал интеллектуалдық қырларға терең ойшылдық, 
тапқырлық, зеректік, құмарлық, әуестік жатады. 
Екіншісі мінез қарларын тұлға бағытына байланысты қарастырады. 
Тұлға бағдарының мазмұны адамдарға, іс-әрекетке, қоршаған әлемге және 
өзіне қатынасы кезінде көрінеді. Тұлғаның бағдары адамның өмірлік 
мақсатын, жоспарын, оның өмірлік белсенділігінің деңгейін анықтайды.
Мінез адамның өзі таңдаған іс-әрекетінен байқалады. Кейбір адамдар іс-
әркеттің аса күрделі түрлерімен айналысуды қалайды, олар үшін кедергілерді 
жеңу жолдарын іздеу, түрлі амалдарды табу қызықты болады. Ал 
кейбіреулер іс-әркеттің ешбір кедергісіз оңай түрін қалайды. Кейбір кісілер 
үшін нәтижеге қандай жол арқылы жеткеннен гөрі басқа адамдарды басып 
озу басты мәселе болса, өзгелер үшін әйтеуір жұмысты бітірдік деген ой өте 
маңызды. Мінездің темпераменттен бір айырмашылығы-ол тек жүйке 
жүйесінің қасиеттеріне ғана емес, адам мәдениеті мен тәрбиесіне де 
байланыстыАдам мінезі әртүрлі стимулдар мен түрлі оқиғаларға кездейсоқ 
жауап беру ерекшеліктерімен анықталмайды, оның негізгі әрекеттерін 
айқындаушы болады. Мінезді адамның әрекеті әрдайым саналы, жауапты 
және ойланған түрде өтеді. Мінезді адам сыртқы жағдайға қарамасатан 
дербес, өзінің ерік-жігері мен белсенділігін көрсетеді, кез келген жағдайда 
өзін ұстай алады. Ал мінезсіз адам іс-әрекет пен қарым-қатынаста сыртқы 
жағдайларға бағынып, тәуелділікте жүреді. Адам мінезіне кіретін жеке тұлға 
ерекшеліктері: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет