Issn 2617-6319(Print) issn 2791-3368 (online) Индекс 10532 «ҚӘӘи хабаршысы»


ISSN – 2617-6319 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ №3 (51), 2022



Pdf көрінісі
бет39/73
Дата10.01.2023
өлшемі5.61 Mb.
#468297
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
Статья на воен журнал

ISSN – 2617-6319 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ №3 (51), 2022 
44 
1. Іс-әрекеттің мақсатын таңдауда адамдардың әрекеттерін айқындайтын 
жеке тұлға қасиеттері. 
2. Алға қойған мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер. 
3. Темпераментпен байланысты инструменталды бітістер. 
Осы бітістердің барлығы бір адамның бойына жиналып, ол белгілі бір 
типке жатқызылады. Осыған байланысты көптеген ғалым мінез мәселесімен 
айналысты. Атап айтар болсақ, неміс психиатры: Э.Кречмер, У. Шелдон, А 
.Личко, К. Лоенгард, және т.б. 
Адам мінезінің өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдай үнемі ықпалы етіп, 
оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан 
анықталған тарихи шындық және объективті фактор екендігі еш дау 
тудырмайды.
Қабілет – бұл қызметте, қарым-қатынаста және оларды игерудің 
жеңілдігін қамтамасыз ететін жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері. 
Қабілеттерді адам бойындағы білімге, дағдыларға және біліктілікке 
жатқызуға болмайды, қабілеттер оларды тез игеруді, бекітуді және 
практикада тиімді қолдануды қамтамасыз етеді. Қабілеттерді төмендегіше 
жіктеуге болады: 
 туа біткен бейімділіктермен байланысты биологиялық тұрғыдан 
негізделген табиғи (немесе жалпы) қабілеттер; 
 әлеуметтік-тарихи шығу тегі бар және әлеуметтік ортада өмір мен 
дамуды қамтамасыз ететін арнайы қабілеттер; 
Жалпы қабілетке сан түрл әрекет негізінде адамның табысын 
анықтайтындар жатады. Мысалы, аталмыш категорияға қол қозғалысындағы 
талғампаздық пен дәлдік, есте сақтау, сөйлеу және басқа да ойлау қабілеттері 
жатады.
Арнайы қабілет ерекше көрінетін қажетті бейімділіктерді жүзеге 
асыруға және дамытуға арналған. Адамның қол жеткізген жетістіктері 
арнайы әрекеттер түрінде анықтайтындармен жобаланып түсіндіріледі. 
Ондай 
қабілеттерге 
музыкалық, 
математикалық, 
лингвистикалық, 
техникалық, әдеби, көркем-шығармашылық, спорттық қабілет түрлерін 
жатқызуға болады. Адамдарда жалпы қабілеттің болуы арнайы қабілеттің 
дамуын жоққа шығармайтынын ескеруіміз керек [4].
 
Қорытынды 
 
Қорыта айтқанда, офицердің әскери кәсіптік іс-әрекеті көпқырлы және 
көп аспектілі, сондықтанда оның кәсіби дайындық деңгейі мен тұлғалық 
қасиеттеріне қатаң талаптар қойылатыны сөзсіз. Жауынгерлік
психологиялық дайындықта сарбаздарда қажетті жауынгерлік қасиеттерді 
қалыптастыру құралын мына формуладан көруге болады: «жаттығуда қиын, 
соғыста оңай!». Дәл осы жерде бағынушыларды құрметтеудің негізі, адам 
өмірінің құндылығын шынайы бағалау жатыр, соғыс кезінде өзара 
түсіністіктің, бастық пен бағынушылар арасындағы жеке қатынастардың 
негізі қаланады. Әрине қандай жағдай болса да бейбіт өмірде болсын, ұрыс 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет