№3 (51), 2022 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ ISSN – 2617-6319
39
қол жеткізуге деген әскери қызметшілердің белсенділігі. Атап айтсақ,
жауынгерлік іс-әрекет өзінің мақсаттары мен мәселелері, шарттары,
құралдары, қиындықтары, психологиялық мазмұны бойынша өзіне тән
ерекшелігі
бар.
Оның
өзіндік
іске
асырылуына
психологиялық
заңдылықтары, белгілі бір ішкі құрылымы, мақсаты, түрткілері, әдіс-
тәсілдері арқылы оның бірқатар факторлар әсер етеді: әскери-саяси, әскери-
технологиялық, идеологиялық және психологиялық, қару түрі, ұжым
жетекшілігі, соғыста берілетін тәрбиелік жұмыс, жеке құрамның
жауынгерлік және психологиялық дайындығы.
Зерттеу әдістері
Мақаланы зерттеу барысында жинақтау, өңдеу, анализ, синтез тәрізді
психологияның ғылыми әдістері, тақырыпты зерттеудің теориялық-
әдіснамалық негіздемесінде қазіргі заманғы әскери педагогика және
психологиялық зерттеулердің іргелі тұжырымдарын басшылыққа алынды.
Әскери психология саласы бойынша әскери қызметшілердің психологиялық
ерекшеліктерін тереңірек ашуда отандық және шетелдік ғалымдардың
еңбектеріне салыстырмалы талдау әдісіне жүгінді.
Негізгі бөлім
Психологиялық мазмұнға және жауынгерлік іс-әрекеттің құрылымына
таңба басатын өмірге қауіп төну, құндылықтардың жойылуы, алып қиратылу,
адамдар
мен
техникадан
айырылу,
әртекті
айырылу
мен
қолайсыздықтарымен байланысты күрделі мәселелер шешімі болып
табылады. Жауынгерлік іс-әрекет дербес жағдай болып табылмайды. Егер
жауынгерлік әрекеттердің басталуының түрткілерін мемлекет дәрежесінде
айтатын болсақ, онда мұндағы негізгі себеп - елдің бірлігі мен тұтастығына
шынайы қауіп тууы. Жауынгерлік әрекеттерді жүргізу нақты адамдар (әскери
қызметшілер) жағынан белгілі бір белсенділік танытуды талап етеді.
Сонымен қатар адамдардың соғыс жағдайындағы іс-әрекеті (әскери
қызметшілердің жауынгерлік іс-әрекеті) өзіндік қозғаушы түрткілеріне ие,
олардың қатарына: қажеттілік, сезім, тілек, ұмтылыс, қызығушылық,
идеалдары, сенімдері т. б. жатады.
Әскери қызметшілердің жауынгерлік іс-әрекетінің маңызды әлеуметтік
түрткісі - өз Отанын, жанұясын, жақындарын қорғау. Дәл осы түрткі Ұлы
Отан соғысы жылдары мыңдаған адамдарды ортақ жеңіске жету жолында өз-
өзін құрбан етуге дейін апарған. Бұл түрткі әлеуметтік сипатқа ие: ол адамда
туа бітеді, оның тәрбиеленуі мен әлеуметтік даму үрдісінде қалыптасады,
түрлі қылықтарынан көрініс табады, көзқарастары мен ұстанымдарында
бейнеленеді. Сондықтаң әрбір офицердің міндеті - қоластындағылардың
патриоттық сезімдерін ояту, Отан қорғанысына әрдайым дайындықты
қалыптастыру [1].
|