Issn 2617-6319(Print) issn 2791-3368 (online) Индекс 10532 «ҚӘӘи хабаршысы»


ISSN – 2617-6319 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ №3 (51), 2022



Pdf көрінісі
бет35/73
Дата10.01.2023
өлшемі5.61 Mb.
#468297
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Статья на воен журнал

ISSN – 2617-6319 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ №3 (51), 2022 
40 
Әскери қызметшілердің тұлғалық қасиеттері оның батыр немесе 
жасқаншақ болуының басты шарттарының бірі болып табылады. Ең күшті 
сыртқы әлеуметтік әсерлер де ішкі, жеке жағдайлар арқылы да күйзеліске 
ұшырайды. Сонымен қатар, жауынгерлік іс-әрекеттің психологиялық 
ерекшеліктері, оның мақсаттары, мотивтері, жауынгерлік міндеттерді шешу 
әдістері және т. б. әскери қызмет етушінің жеке басының көрінісіне 
айтарлықтай түзетуші әсер етуі мүмкін.
Тұлға – бұл индивидтің заттық іс-әрекетте және қарым-қатынаста 
игерілген, қоғамдық қатынастардағы деңгейін сипаттайтын жүйелі 
әлеуметтік қасиет.
Жауынгерлік іс-әрекет қарсыласуды тоқтату үшін жауға қарсы қарулы 
күш арқылы жүзеге асыру жолымен мақсаттарына қол жеткізу процесі, ұрыс 
(жауынгерлік міндеттерді орындау) жағдайында орын алатын әскери қызмет 
түрі. Жауынгерлік іс-әрекет қарсыласпен ең экстремалды және өткір форма 
жағдайында күресудің күрделі түрі. 
Мамандар ұрыста аман қалу үшін оған бейімделу қажет деп санайды. 
Бейімделу үшін «өркениет баспалдағымен төмен түсу» керек. Әлеуметтік 
рұқсат етілген мінез-құлық пен өмірдің құндылығы туралы бұрынғы идеяны 
өзгерту керек, сезімталдықты басып агрессивті және қатал бола білу керек. 
Дегенмен ұрыс тәжірибесі тек қайғылы жағдайлармен қиын бастан 
кешірулерден ғана тұрып, ал ұрыс әрекеттерінің меңгерген қасиеттері 
психикалық бұзылыстармен ғана шектеліп қоймайды. Соғыста қиын, ауыр 
оқиғалар ғана емес, сонымен бірге күш, батылдық, өзіне деген сенімділікті 
күшейткен оқиғалар да болды. Өлім қаупімен кездесу, қорқынышты жеңу, 
қиын жағдайда өзара қолдау – осындай сынақтардың барлығында мінез 
шыңдалды.
Ұрыс әрекеттеріне қатысу әскери қызметшінің тұлғасына жағымды 
әсерін тигізеді. Кейбірінде жаңа дүниелер туындайды атап айтсақ, әлемді 
неғұрлым айқын анық көре бастау, құндылықтар мен бақылаудың айрықша 
жүйесі, өтірікке, жалғандыққа деген ерекше сезімталдықты ашады. 
Жауынгерлік іс - әрекеттерге қатысу – бұл риясыз достық, өзара көмек
қорқынышты жеңу, өзін жеңу, бұрын мүмкін емес болып көрінген нәрсеге 
қол жеткізу тәжірибесі.
Жауынгерлік 
іс-әрекетке 
қатысқандардың 
кейбіреулері 
ерекше 
психологиялық тәжірибе – өмірлік энергияның күшті толқынында, өз күшін 
сезіну, сезімдердің шарықтау шыңында көрінетін «гипершынайылық» 
сезімдері туралы айтады.
А. М. Столяренко ұрыс әрекеттеріне қатысушылардың көпшілігінде 
болып жатқан оң өзгерістерді атап көрсетеді.
Ұрыс әрекеттеріне қатысудан қалыптасқан жағымды салдарды атап 
өтуге болады. 
1. Дағдыларды, тәжірибені, кәсібилікті арттыру. Ұрыс әлеуметтік 
уақытты тездетеді. Адам оған өмірлік маңызды дағдыларды қысқа мерзімде 
үйренеді. 
Ол 
кез-келген 
мамандық 
үшін 
тәртіп, 
ұйымшылдық, 
жауапкершілік, алдын-ала ойлану, қырағылық, келісілген ұжымдық іс-


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет