ISSN – 2617-6319 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ №3 (51), 2022
56
ҒТАХР 78.09.20
https://doi.org/10.56132/
2791-3368.2022.3-49-06
Г.Ж. Байсалдина
1
1
ҚР Ұлттық Ұлан Академиясы
e-@mail: Alash.2507@mail.ru
XV-XVIIғ. Қазақ хандығының әскери дәстүр тарихы
Мақалада XV-XVII ғасырлар аралығында Қазақ хандығының әскери дәстүрі туралы
жазылған. Елдің террриториялық тұтастығын сақтау үшін құрылған қазақ әскерінің
тарихы туралы, шабуылдар барысында қолданылған негізгі тактикалық әдістер мен
маневрларды қарастырады. Әскерді басқарудағы Қазақтардың әскери тарихының
аспектілері туралы,
әскери өнерінің спецификалық ерекшелігін зерттеуге талпыныс
жасалған.
Біздің бабаларымыздың соғыс тәжірибесі мен заңдарын әлем елдерінің қарулы
күштері қабылдап, әскери жүйесін жасақтағаны жайында сипаттайды.
Қазақ
жауынгерлерінің тактикалық әдістері әскерді ұйымдастырудың озық үлгісі екенін
дәйектейді.
Кілт сөздер: Әскер, ту, тактика, атты әскер, жауынгер, дәстүр, шайқас, сұлтан,
жекпе-жек.
Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстан – кешегі заманда атының тұяғымен Еуразияны
дүрліктірген айбынды көшпелілердің заңды ұрпағы. Біздің баһадүр
бабаларымыздың соғыс тәжірибесі мен заңдарын әлем елдерінің қарулы
күштері қабылдап, әскери жүйесін жасақтағаны – біз үшін зор мақтаныш.
Сондықтан Қарулы Күштеріміздің әскери рухын шыңдауда даңқты әскери
тарихымыз жауынгерлік дәстүріміздің өнегесі мен тәлім-тәрбиесі өлшеусіз
рөл атқарады.
Жоғары жауынгерлік дайындықты сақтау, әскерлерді жедел пайдалану
жоспарларын уақтылы әзірлеу, қорғаныс өнеркәсібінің соғыс уақытындағы
іс-қимылдарға стратегиялық дайындығын құруды талап етеді. Сондықтан
біздің мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға
бағытталған шараларды қабылдау бірінші кезектегі маңызды міндет болып
табылады.
Зерттеу әдістері
Қойылған міндеттерді шешу үшін мақалада тарихи, салыстырмалы,
жүйелі, ақпараттық- сараптамалық әдістері қолданылды.
Негізгі бөлім
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ хандарының әскерлері тұрақты әскерден
және жинақталушы әскерден тұрды. Атты әскердің саны орта есеппен 30-50
|