______ ____________Ауыл шаруашылығы ғылымдары
14
initial cartographic data and geobotanical analysis of reference territories have been substantiated. The
main stages of data processing are presented. Based on the results of the work, maps-schemes of the
main indicators of the pastures of the studied territory were developed according to remote sensing
data, information was formed on the parameters of the productivity of the pastures of the studied
territory.
Түйін сөздер: жайылымдық алқаптар, жайылымдардың жағдайы, жайылымдардың
өнімділігі, тозу, ғарыштық мониторинг, Жерді қашықтықтан зондтау.
Key words: pasture lands, pasture condition, pasture productivity, degradation, space
monitoring, Earth remote sensing.
Кіріспе. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің негізгі санаттарының бірі
жайылымдық алқаптар болып табылады. Жайылымдық жерлерді анықтау, картографиялау,
мониторингілеу міндеті – ауыл шаруашылығы саласындағы неғҧрлым ӛзекті тақырыптардың
бірі. Әлемдегі жайылымдар кӛлемі бойынша бесінші орында тҧрған Қазақстан олардың 40%-ын
ғана пайдаланады [1]. Елдегі жайылымдардың жоғары ресурс сыйымдылығына қарамастан [2],
бҥгінгі кҥні Қазақстанда ауыл шаруашылығының ӛзекті мәселелерінің бірі жем-шӛптің
тапшылығы [3] және малдың жаппай қырылуы болып табылады [4]. Бір жағынан, бҧл жем-шӛп
дайындау мәселелерін басқару тиімділігінің тӛмен кӛрсеткішіне, екінші жағынан, жайылым
ресурстарының игерілмеуіне байланысты, бҧл жайылым ӛсімдіктерінің жағдайы туралы
сенімді ақпараттың болмауынан туындайды.
Жердің жай-кҥйі туралы ақпараттың жетіспеушілігі Қазақстанның барлық аумағында
кездесетіндіктен, жалпы жем-шӛп ӛндірісі проблемасының кҥрделілігін бағалау және нақты
жағдайға сҥйене отырып, жайылым ресурстарын басқару жӛніндегі іс-шаралардың толық
кешенін әзірлеу қиын. Жайылымдарды зерттеу мен басқарудың әртҥрлі әдістері бар, бірақ
ғарыштық мониторинг кезінде толық қамтуға, сондай-ақ жайылымдық жерлердің жай-кҥйін
объективті бағалауға ЖҚЗ әдістерін қолданған кезде ғана қол жеткізіледі [5, 6, 7].
Әрине, табиғи ресурстар мониторингінің неғҧрлым тиімді әдістемесі қазіргі заманғы
компьютерлік технологияларға, атап айтқанда ЖҚЗ деректерін ӛңдеу қҧралдарына және
геоақпараттық жҥйелерге (ГАЖ) сҥйенуге тиіс[8, 9, 10, 11, 12, 13].
Ғарыштық тҥсірілімдер іріктемелі жерҥсті бақылаумен, сондай-ақ басқа да ақпарат
кӛздерімен – қолда бар электрондық карталармен, рельефтің цифрлық модельдерімен
ҥйлесімде проблемаларды жедел анықтау және ғарыштық мониторинг ҥшін негіз болады.
Ӛсімдіктің жағдайын ҥнемі бақылауға мҥмкіндік беретін ЖҚЗ әдісін қолданудың
ӛзектілігі қызығушылық аймағының ауқымын арттырады[14, 15].
Меншікті ғарыш технологияларын дамыту (Қазақстан Республикасының Жерді
қашықтықтан зондтау ғарыш жҥйесі (ҚР ЖҚЗ ҒЖ), Қазақстан Республикасының жоғары
дәлдікті спутниктік навигация жҥйесі (ҚР ЖДСНЖ), ғарыштық мониторинг) Қазақстанға
188 млн га жайылымдарды қашықтықтан мониторингтеу қҧралдарын дамытуда артықшылық
береді [16,17].
Достарыңызбен бөлісу: |