Источник: ис параграф, 29. 04. 2015 11: 44: 55 Қазақстан Республикасының



бет15/33
Дата30.06.2016
өлшемі1.5 Mb.
#167303
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
20-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аудит, салықтар бойынша аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн аудиттелетiн субъектiнiң қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;»;

9) 21-бапта:



1-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) аудит, салықтар бойынша аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын сұратуға және тексеруге;»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) салықтар бойынша аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан аудиттелетін субъектіге қатысты мәліметтер сұратуға;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) аудиттелетiн субъект аудит, салықтар бойынша аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит, салықтар бойынша аудит жүргiзуден не аудиторлық есептi немесе аудиторлық қорытындыны беруден бас тартуға;»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны аудиттелетін субъектінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кіріс органына ұсынуға;»;

10) 24-бапта:



тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«24-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит жүргізу құқығын шектеу»;

екінші, жетінші және сегізінші абзацтармынадай редакцияда жазылсын:

«осы аудиторлық ұйым немесе осы аудитті, салықтар бойынша аудитті жүзеге асыратын оның қызметкерлері өздерінің қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;»;

«аудит, салықтар бойынша аудит жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, егер оның аудиттелетін субъектінің алдында немесе аудиттелетін субъектінің оның алдында ақшалай міндеттемелері бар болса;

жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, мүдделер қақтығысының пайда болуына әкелетін немесе осындай қақтығыстың пайда болу қатерін туғызатын жағдайларда, аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуіне тыйым салынады.»;

11) 25-бапта:



1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңнамасының аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге қатысты талаптары туралы қажетті ақпаратты алуға;»;

2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аудитті, салықтар бойынша аудитті уақтылы және сапалы жүргізуі үшін аудиторлық ұйымға жағдай жасауға, қажетті құжаттаманы ұсынуға, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірулер мен түсініктемелер беруге;

2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке, салықтар бойынша аудитке жатқызылатын мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;»;

12) 27-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Аудиттелетін субъект аудиторлық ұйымға аудит, салықтар бойынша аудит жүргізу үшін берген қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараттың толықтығы мен анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;

«3. Аудит, салықтар бойынша аудит жүргізу аудиттелетін субъектіні табыс ететін қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықтан босатпайды.».

28. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

18-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын.

29. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар;2014 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



29-тармақтың 1), 2), 4), 5) және 6) тармақшалары 2015 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді

1) 1-баптың 4-1) тармақшасындағы «өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауға» деген сөздер «мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 3-баптың 3) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу.»;

3) 7-баптың 1-тармағының 35) тармақшасы алып тасталсын;

4) 9-1-баптың 2) тармақшасындағы «өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 13-баптың 5-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнiмдi мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартқан жағдайда, бұл өнім оның иесiнiң қаражаты есебiнен экспорттаушы елге қайтарылуға жатады, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін, Қазақстан Республикасының шекара органдарын және мемлекеттік кіріс органдарын бұл жөнінде хабардар етедi.»;

6) 13-1-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің екінші сөйлеміндегі «өсiмдiктер карантинi бойынша мемлекеттік бақылау» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын.

30. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):

1) 1-бапта:



3) тармақша «шығарылуын,» деген сөзден кейін «пайдалануға берілуін,» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

«20-1) пайдалануға беру - өлшем құралдарын арналған мақсаттарда бірінше рет қолдану;»;

2) 5-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы алып тасталсын;

3) 17-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасында сериялы шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелінген және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдануға арналған өлшем құралдары пайдалануға беру алдында сынақтан өткiзіліп, осы өлшем құралдарының түрі кейiннен бекiтiлуге жатады.»;

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасында жасалған немесе бірен-саран данада әкелiнген және мемлекеттiк метрологиялық бақылау саласында қолдануға арналған өлшем құралдары пайдалануға беру алдында метрологиялық аттестаттаудан өткiзiледi.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Түрiн бекiту мақсатында сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдарын айналысқа шығаруға, пайдалануға беруге, қолдануға, өткiзуге және жарнамалауға тыйым салынады.

Түрiн бекiту туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн пайдалануда және сақтауда болатын өлшем құралдары осы Заңның 19-бабының талаптары сақтала отырып, толық физикалық тозғанға дейiн қолданылады.»;

4) 24-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«1) өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылауды;»;

5) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«25-бап. Өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық бақылау

Өлшем құралдарының (оның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң) шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық бақылау белгiленген метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.»;

6) 28-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«4) сынақтан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, пайдалануға беруге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;».

31. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы»2000 жылғы 5 шілдедегіҚазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

2-баптың екінші бөлігіндегі «әділет,» деген сөз алып тасталсын.

32. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 17-1-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы алып тасталсын;

2) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».

33. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

19-баптың 9-1) тармақшасы алып тасталсын.

34. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, кәсiби аудиторлық ұйымдар, пәтерлердің меншiк иелерi кооперативтерi және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.».

35. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

6-баптың 20-1) тармақшасы алып тасталсын.

36. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

6-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы және 22-баптың екінші бөлігі алып тасталсын.

37. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

1) 1-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әлеуметтік туризм - жұмыс берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын, туристік көрсетілетін қызметтердің мүгедектерге, халықтың күнкөрісі төмен топтарына қолжетімді болуын қамтамасыз ететін туризм түрі;»;

мынадай мазмұндағы 1-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) балалар-жасөспірімдер туризмі - серуендер, экспедициялар, сапарлар, экскурсиялар түрінде балалар мен жасөспірімдер тобына арналып жүзеге асырылатын туризм түрі;»;

«2-2) медициналық туризм - тұратын жерінің шегінен тыс жерде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алумен демалысты біріктіру көзделетін туризм түрі;

2-3) оқиғалы туризм - спорттық және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға бару көзделетін туризм түрі;»;

13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) туристік көрсетілетін қызметтер - туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) көрсететін қызметтері) және сапар мақсатына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсету шартында көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер);»;

16) тармақша алып тасталсын;

2)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет