Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістер:
1) Стандарттау нысандарын ретке келтіру
Стандарттау нысандарының алуан түрлігін басқару болып табылады. Мысалы, жіктеуіштер, типтік конструкциялар, комплекттеуші бұйымдар, процестер, ережелер, құжаттардың формалары (нұсқалары) ретке келтіру жұмыстарының нәтижесі болып табылады.
Ретке келтіру стандарттау нысандарын жүйелеу (жүйеге келтіру), типтендіру, селекциялау, симплификациялау және оңтайлау арқылы (жолымен) жүзеге асырылады.
2) Параметрлік стандарттау – параметрлердің қолайлы номенклатурасын және сандық мәндерін таңдау және негіздеумен байланысты стандарттау әдісі.
Өнімнің ең маңызды параметрлері болып оның арналуын және қолдану шарттарын айқындаушы сипаттары табылады:
- өлшемдік параметрлер (киімнің, аяқ киімнің размері, ыдыс аяқтың сиымдылығы.;
- салмақтық параметрлер (спорт инвентарінің жеке түрлерінің салмағы);
- машиналар мен аспаптардың өнімділігін сипаттаушы параметрлер (желдеткіштің өнімділігі, көліктің жүру жылдамдығы);
- энергетикалық параметрлер (тоңазытқыш пайдаланатын қуаттын мөлшері) және т.б.
Параметр
3)
3) Бірыңғайландыру – бірдеңені бірыңғай жүйеге, формаға, бірегейлікке келтіру. Мысалы техникада бірыңғайландыру деп өнімнің және оны шығаруға қажет құралдардың минимум санды типтік өлшемге, маркаға, қасиеттерге келтіруді айтады.
4) Агрегаттау-бұйымдардың, түрін құруға мүмкіндік береді. машина, аспап және жабдықтарды бөлек стандартты бірыңғайланған бөлшектер мен тораптардан құрау және қолдану әдісі. Бұндай бөлшектер мен тораптар әртүрлі қосылыста конструкциясы және сыртқы бейнесімен ажырасатын өлшемдердің кең номенклатурасын өзірлеуге мүмкіндік береді. Мысалы, жиһаэ өндірісінде щиттардың 15 өлшемін және стандартты жәшіктердің 3 өлшемін қолдану осы элементтерді әртүрлі комбинациясы арқылы жиһаздың 52
5) Кешенді стандарттау-стандарттаудың негізгі әдістерінің бірі. Кешенді стандарттау кезінде тұтас нысанның өзіне ғана емес, оның негізгі элементтеріне де өзара байланыстырылған талаптар қойылады және қолданылады. Мақсаты – нақты мәселенің оңтайлы шешімін табу.
Өнімге қатысты айтсақ, кешенді стандарттау – дайын өнімнің және оны шығаруға қажетті шикізаттың, материалдар және комплекттеуші тораптардың, сондай-ақ өнімнің бұзылмауы (таңбалау, буып-түю, тасымалдау, сақтау) және қолдану (пайдалану) жағдайларының сапасына өз деңгейлері бойынша өзара байланыстырылған талаптар тағайындау және қолдану болып табыдады.
Қорытынды Сонымен, стандарттау дегеніміз - тұтынушының тиісті сападағы тауарларды ақылға қонымды бағамен сатып алу құқығын, сондай-ақ жұмыста қауіпсіздік пен жайлылық құқығын қамтамасыз ететін міндетті және ұсынылатын талаптарды, нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды әзірлеуге және белгілеуге бағытталған қызмет. Стандарттаудың мақсаты - нақты өмірде, жоспарланған немесе әлеуетті міндеттерді шешу үшін белгіленген ережелерді, талаптарды, нормаларды кең және бірнеше рет пайдалану арқылы белгілі бір салада тапсырыс берудің оңтайлы дәрежесіне жету. Назарларыңызға рахмет !!!
Достарыңызбен бөлісу: |