Қызмет көрсетуде стандарттаудың мәні, міндеттері және негізгі элементтері


Стандарттау тұтынушылардың құқығы мен мүдделерін мемлекеттік қорғауды іске асыратын негізгі бағыттардың бірі ретінде алға шығады



бет4/6
Дата20.05.2022
өлшемі7.53 Mb.
#458028
түріСеминар
1   2   3   4   5   6

Стандарттау тұтынушылардың құқығы мен мүдделерін мемлекеттік қорғауды іске асыратын негізгі бағыттардың бірі ретінде алға шығады.

Стандарттаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

* өнімнің жəне көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

*тұтынушылардың құқығын қорғау;

* өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;

* ғылым мен техниканың дамуына сəйкес өнімдердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету;

* өндіріс пен саудада техникалық кедергілерді (барьерлерді) болдырмау (соның ішінде халықаралық) болып табылады.

Қызметтер көрсету саласында стандарттауды табысты дамыту үшін мынадай қағидаттарды ескеру қажет:

  • Көрсетілетін қызметтерді стандарттау саласындағы негізгі буын шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері болып табылады, олар даму курсына дем берулері тиіс.
  • 2. Қызметтер көрсету саласында стандарттар әзірлеу кезінде бәрінен бұрын, тұтынушылар пікірін есепке алу қажет.

    3. Даму процесінде көрсетілетін қызметтерге стандарттар әзірлеу кезінде бағыттарды анықтау үшін кәсіпкерлік пен тұтынушылар арасындағы түйісу және қарама - қайшылықтар нүктелерін табу қажет.

Стандарттаудың негізгі міндеттері:

  • тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтынушының өмірі мен денсаулығы, жеке, заңды тұлғалардың меншігі, мемлекеттік меншік, экология, қоршаған орта, атап айтқанда, жануарлар мен өсімдіктердің қауіпсіздігі үшін қауіпсіздік нормалары мен қағидаларына сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • 2) әртүрлі төтенше жағдайлардың туындау мүмкіндігі бар объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады;

    3) ғылыми-техникалық прогреске жәрдемдесу;

    4) өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

    5) ресурстардың барлық түрлерін үнемді пайдалану;

    6) өнімнің үйлесімділігі және өзара алмасушылығы;

    7) бірыңғай өлшеу жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет