Стандарттар өмірлік циклдың барлық кезеңдерінда өнім сапасын көтеруді жоспарлау тәртібін және әдістерін белгілейді, өнім сапасын бақылау және бағалау құралдары мен әдістеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Өнім сапасын басқару мемлекеттік, халықаралық, салалық стандарттар және кәсіпорын стандарттары негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік стандарттау қоғам, нақты тұтынушы мүдделерін қорғау құралы ретінде қолданылады және басқарудың барлық деңгейіне таралады.
ИСО 9000 сапа саласындағы негізгі ұғымдар арасындағы айырмалар мен өзара байланыстарды анықтау үшін және сапаны басқару міндеттерін шешу барысында фирманың ішкі пайдалануына қолданылатын сапа жүйелеріне ИСО стандарттарын таңдау және қолдану жөніндегі жетекші ережелерді ұсыну ретінде пайдаланылады. (ИСО 9004).
Біздің елімізде құрамына негізгі бес стандарт енген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі құрылды:
1. ГОСТ Р 1.0-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер.
2. ГОСТ Р 1.2-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі.
3. ГОСТ Р 1.3-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі.Техникалық шарттарды мақұлдау, бекіту және тіркеу тәртібі.
4. ГОСТ Р 1.4-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жүйесі. Кәсіпорындар стандарттары .Жалпы ережелер
5. ГОСТ Р 1.5-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жүйесі. Стандарттарды құруға, баяндауға, ресімдеуге және мазмұнына қойылатын жалпы талаптары.
ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР дегеніміз мемлекеттік стандарттарға қосымша талаптарды белгілейтін, ал олар болмаған жағдайда өнімнің сапалық көрсеткіштеріне дербес талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжат, сонымен қатар осы құжатқа теңестірілетін суреттеме, рецептура, үлгі-эталон. Техникалық шартта қарастырылған талаптар мемлекеттік стандарт талаптарынан төмен болмайды. Қызмет көрсетуде стандарттаудың міндеттері
Достарыңызбен бөлісу: |