Қосымша еңбек ақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
демалыс уақыттарына ақы төлеу;
мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін ақы төлеу;
кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу;
5. Капитал - бұл жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде қосымша құн әкелетін авансталған кұн.
Капитал рыногын өнеркәсіптік, сауда, қарыз капиталдары құрайды.
Өнеркәсіптік капитал - өнеркәсіп саласына және ауыл шаруашылығына, кұрылысқа, көлікке бағдарланған капитал.
Сауда капиталы - сауда пайдасын алу мақсатында сауданы ұйым-дастырумен айналысу.
Қарыз капиталы - қайтарымдылығы және пайызды төлеу қағидалары негізінде қарызға берілетін капиталдың ерекше ақшалай нысанын көрсетеді.
Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).
Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |