Ж. Б. Аширбекова


Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері



Pdf көрінісі
бет69/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері. ХХ ғасырда 
шежіре деректерін жинаған, зерттеген немесе шежіре туралы 
пікір айтқандар фольклоршылар мен тіл, әдебиет мамандары, 
публицист, жазушылар, тарихшы-этнограф ғалымдар мен дерек 
пен тарихнама зерттеушілер. ХХ ғасырда басында қазақ шежі-
релерін халықтың ӛткен тарихы мен тағдырын зерттеуге кеңінен 
қолданған, шежіре мәліметтерін рулық, этноәлеуметтік тұрғы-
дан зерттеу тарихында Ә.Бӛкейхан, А.Байтұрсын, М.Дулат, 


238 
А.Чулошников, М.Тынышпаев, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, 
М.Мұқанов, В.Востров тәрізді ғалымдардың есімі әйгілі. 
Ә.Бӛкейхан мақаласында: «Нұрфайыз хазіреттің жазып кӛр-
сеткен шежіресі мынау: Анас, оның баласы Мағаз, оның бала-
сы, Сахил, оның екі баласы – Ақ Қорай һәм Ақ Шолпан, Ақ 
Қорайдан Аламан, онан Алаш, онан Жаил хан, онан Майқы би. 
Осы шежіренің ешбір жері тарихқа дұрыс келмейді ... сол елдің 
осы күнгі балалары ӛздерін Анастың баласы санап, қазақты 
онан 500 жыл соң туғызып жүргені – ұят-ақ» - деп жазған. 
М.Тынышбаев қазақ халқының ру генеалогиясын зерттемейін-
ше, қазақтың тарихи кӛрінісін кӛзге елестету мүмкін емес дегені 
белгілі. Шежіре – кӛшпелілер қоғамының дәстүрлі институтта-
рының негізгісі. А.Байтұрсынұлы қазақ ауыз әдебиетінің жүйе-
сін саралай отырып ауызша дәстүр, шежіре, заман хат, ӛмірбаян, 
мінездеме тарих пен тарихи әңгімелерден құралады деп пайым-
дау жасаған. Әдебиет және тіл тұрғысынан алғашқы болып 
шежірелерге баға берген ғалым А.Байтұрсынұлы: «Шежіре жа-
зушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді. 
Тарихшылар құр істегенімен қанағаттанбай, рас, ӛтірігін тек-
серіп, расын ғана алады» - деп, шежіре мен тарихтың арасында-
ғы байланысты тиянақтап жазған ғалымдардың бірі 
Х.Досмұхамедұлы (1883-1939) мұрасында 1928 жылы Ташкент-
те шыққан «Қазақ халық әдебиеті» деп аталатын қысқаша 
очерктің орны ерекше. Мұнда Х.Досмұхамедұлы халық ауыз 
әдебиетіне шолу жасап, әдеби үлгілерді толық қамтуға тыры-
сады, жанрларын жіктеп, топшылау енгізеді, олардың ішкі маз-
мұнын ашады, шежірелерді «жеке адам шежіресі, тайпа шежі-
ресі, ру шежіресі, ата шежіресі, хан шежіресі» деп жіктеген. 
Е.Бекмаханов және Ә.Марғұлан сол ғалымдар қатарында 
болды. Оның қазақ тарихына байланысты алғашқы ғылыми ма-
қалалары қазақ рулары, жыр, шежіре дәстүрі турасында жазыл-
ған. Е.Бекмаханұлының зерттеу тақырыбы қазақ жерлерінің 
отарлануы, патшалы Ресейдің жүргізген саясатының мақсатта-
ры, қазақты тәуелсіздігінен айырып, ӛз қоластына күшпен қара-
тылуы болды. Е.Бекмаханұлы қазақ тарихының ең белесті оқи-
ғалары қатарына Кенесарының азаттық жолындағы күресін қоя 
білді. Е.Бекмаханұлының халық арасында кеңінен тараған ауыз 


239 
әдебиеті үлгілерін аса орынды пайдаланғанын байқаймыз. Ол 
"Наурызбай мен Ханшайым", "Жасауыл қырғыны", "Санжар 
батыр", "Кенесары" және басқа да халық жырларын ӛзінің еңбе-
гінде талдайды. Е.Бекмаханұлына тән тағы бір ерекшелік – осы 
ауыз әдебиеті мұраларын бұрмалау атауларына тӛзбей, шындық-
тың бетіне тура қарап, ӛзінің пікірін бүкпесіз айтуы. Ғалымдар-
дың тарихи фольклор деректерін тарихи зерттеулерде қолданға-
ны үшін қуғын кӛріп, репрессияға да ұшырағаны аз емес. Едіге 
жырына орай М.Әуезов, Ә.Марғұлан сияқты ғалымдар Едіге 
бейнесі турасында кӛзқарас білдірген үшін сынға ұшыраған. 
Соның бірінде: «в докторской диссертации на тему “Эпические 
сказания казахского народа” и в других трудах А.Маргулан оце-
нивает восторженно без исключения казахский богатырский 
эпос» – делінеді. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары Х.Арғынбаев, 
М.Мұқановтар этникалық территориялар мен ру-тайпалық құ-
рылым зерттеу ісіне шежіре деректерін қолданды. Белгілі шы-
ғыстанушы В.Юдиннің ӛтеміш қажы шығармасын зерттеу бары-
сында қария сӛз, шежіре, жалпы ауызша тарихи дәстүр турасын-
да салмақты ғылыми пікір білдіреді. Ол қария сӛздерді үлкен 
тарихи мәні дерек ретінде қарастырып, оны «далалық ауызша 
тарихнама» деп атады. Шежіре деректері М.Мұқанов, В.Востров 
сияқты этнограф ғалымдардың ғылыми монографиясында қол-
данысқа еніп, қазақ халқының ХVІІІ-ХХ ғасыр басындағы ру-
лық құрамы мен қоныстануы зерттелді. Мәдениетті және оның 
құрамдық элементтерінің даму заңдылықтарын тіршілік талап-
тарымен түсіндіретін болсақ, кӛшпелілерге қатысты түрде олар-
дың мәдени құбылыстарын экономиканы ұйымдастыру тәртібі-
нен туындатар едік. Н.Масанов қазақтың кӛшпелілік мәдениет 
мал шаруашылығы әсерімен болған дейді. Бұдан гӛрі 
Н.Әлімбайдың: «қазақ шежіресін кӛшпелі ортадағы тарихи са-
наның институттанған деңгейі, болмысы, бітімі» - деген тари-
хи-антропологиялық ұстаным тұрғысындағы анықтамасы шын-
шыл.
Сонымен, ХХ ғасырдағы ғылыми тарихи танымда шежі-
релер деректері әртүрлі еңбектерде жан-жақты қолданыс тапқан. 
[Казахстанская правда. 15января 1997.]. 


240 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет