Ж. Б. Аширбекова


Шыңғыс хан мен оның мҧрагерлері дәуіріндегі шежіре



Pdf көрінісі
бет67/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Шыңғыс хан мен оның мҧрагерлері дәуіріндегі шежіре. 
Моңғолдың атақты тарихшысы Лувсанданзанның еңбегі «Ал-
тын шежіреде» кейін қазақ хандығының құрамына кірген кӛне 


234 
тайпалар – Керей, Қоңырат, Меркіт, Найман, Жалайыр тағы бас-
қалардың алуан тарихы Темүжін – Шыңғыс хан ӛмірімен сабақ-
тас ӛріледі. 
Шыңғыс хан ӛзі билік жүргізген жылдарда Еділ бойын-
дағы Сарайдан шыққан жедел хабар Моңғол үстіртіндегі айшы-
лық алыс Қарақорымға алты-ақ күнде жететін керемет тәртіп 
болды. Оқтай ұшқыр ат мінген жедел хабаршылар, әр отыз ша-
қырым сайын заулап бара жатқан қалпы, хат салынған қуыс 
сапты қамшыны бір-біріне беріп үлгеретін. Бӛгет болған адамға 
ӛлім жазасы кесілді. Еуропадан шыққан сауда керуені қағанат-
тың ұлан ғайыр аймағын басып ӛткенде «тышқан мұрнын қа-
натпай» бейбіт жолдармен алаңсыз сапар шегетінді. Орасан үл-
кен қағанаттың кӛп тілді, кӛп дінді адамдары бір ғана заңға ба-
ғынды. Ол – «кӛбі азына мойынұсыну, азы кӛбінің дәстүрін құр-
меттеу» деген жалғыз сӛйлем еді. Мысалы, билеуші моңғолдар 
бағындырған елінің тілі мен дінін қабылдады да, ал бағыну-
шылар олардың ережелеріне мойынұсынды. «Алтын шежіренің» 
ең ӛзекті мазмұнында Шыңғыс ханның ел басқару, әскер жасақ-
тау, мемлекет істерін жүргізу, жат жұрттармен қарым-қатынас 
жасау рәсімдері, ӛзге елді жаулау тәсілдері түгелдей талданып, 
нақты дерек, жанды оқиғалармен бедерленген. Оның кӛбі ұзақ 
жайларды ықшамдау мақсатында ӛлеңмен беріліп отырған.
Әр жеңіс сайын Шыңғыс хан жақын серіктері мен доста-
рына елден ерек сый ұсынып, ерекше ерік берген. Мысалы 
Желме, Бӛріқұл бастаған ескі достарына арнап: «Олар тоғыз рет 
қателессе де, еш жазаға тартпай кешірім етіңдер!» - деген 
жарлық шығарған. Соғыста мерт болған достарының «әйел, бала 
– шағасына «Олар үрім бұтағына дейін қазынадан тегін кӛмек 
алып тұрсын» деген ерекше жарлық шығарып отырған. Әрі 
олардың әрбіріне тиесілі ел, жер бӛліп берген. Шыңғыс ханның 
ӛзі шығарған бұл ережелері, сол замандағы билік нығайтудың ең 
таңдаулы тәсілі болған еді. 
Үндінің алғашқы ханы Маха Сәмәдинінің алтын кіндігі-
нен тараған ұрпағы ӛсіп ӛніп, арада талай ғасыр ӛткеннен кейін, 
Тибеттің Мойын тұғырлы ханы дүниеге келеді. Сол ханнан ке-
йін кӛк тәңірдің ұрпағы – Бӛрте бӛрі дүниеге келеді. Одан кейін 
Добу мерген туады. Ол да ӛлгеннен кейін жесір қалған Алаң сұ-


235 
лудан Боданшар есімді ұл туады. Ұзақ ғұмырлы тәңірдің ұлы 
Боданшар қайта жаратылып, Алаң сұлудай ӛз шешесінен нәпсі 
қозып, екеуінің ақ тамшылары біріккендіктен, қиғұт сүйекті, 
боржығын текті Бұтыншар ныспылы ұл туған екен. 
Сол Бұтыншардың ұлы – Қабыш батыр, оның ұлы - Бекір 
батыр, оның ұлы – Қашыкүлік, оның ұлы – Барыс сұңқар, оның 
ұлы – Тамбанай шешен, оның ұлы – Бартан батыр, оның ұлы 
Есукей батыр, оның ұлы – Әуелін шешейден туған Шыңғыс қа-
ған еді. Шыңғыс ханның Жошы, Шағатай, Ӛгедей, Тұлы деген 
тӛрт ұлы болған. 
Жошыдан тарайтын ұрпақтары жайлы кӛп аңыз, әңгімелер 
айтылады. Шағатайдың ұрпағы орыстың ақ патшалары болған 
деседі. Шағатай ӛз әкесіне арамдық ойлап келгенін Ӛмір шешен 
сезіп қойып, алдынан шығып у беріп, екеуі де қатар ӛлген дейді. 
Ӛгедейден ұрпақ қалмағанды. Тұлының ұрпағы мұңғыл-
дың Ӛгедейден ұрпақ қалмағанды. Тұлының ұрпағы мұңғылдың 
тӛр тағын иеленген хандары болған. Шыңғыс ханның тоғыз 
тұғырының маңдайы – Мұқылайдан тарайтын ұрпағын Ордас 
жерінде деседі. Арлұт Боршы ұрпағы Бұрқа уаң елі, Жүрке 
Бӛріқұлдың ұрпағы шыдақұт, ұншын, табынанқұт әулеттері 
екен. Торыққан сарының ұрпағы ұйғыттар деп аталады. Ұранқай 
Желменің ұрпағы қазіргі ұранқай хошуын нояндары деседі. 
Желменің інісі Шыңғыстың кӛзі тірісіндегі талай ұрыста 
әйгіленген батыр Сүбетей деген болған. Жүршіт Шу мергеннің 
ұрпағы қазір де жүршіт нояндары деп аталады. Даян ханның он 
бір ұлынан Тӛрболаттың баласы Боталақ хан, Кӛкшіті ноян, 
жасақты хан үшеуінің ұрпағы бар. Олар қазір Сақар елін басқа-
рып отыр. Даян ханның ұрпағы қазір елу жасақтың қарамағын-
дағы екі бәрін, екі жарғұт, отхан, найман, кішікті, екі үзімшін, 
екі қошуыт, екі сүнет, сол қанат түмен, Кӛк қаланың түметі, ал-
ты ордас деген – осы жиырма бір хошуын ел. Бұлардың сыр-
тында бір кезде Тайсын ханға қарап кеткен орыт, жарғұт, қар-
шың. Кішікті, сақар ... секілді ру, тайпалар да Даян ханның 
ұрпағы деп аталады.Кейбір тарих жазбаларында Барысболаттан 
Күнтелін хан, Байқұтай хан, Тайшық хан, Сары, Бінтү, Кенже 
Шегір – Үшет деп те таратады. Байқұтай ханның ұлы Ақай 
Жасқұп хан, оның ұлы Ласқұп, оның ұлы - Норба Қорамшы, 


236 
Норбаның ұлы – Баран деп аталады.Тайшықта ұрпақ болмаған. 
Үшінші Сарының балалары Абай, Шоқты, Дей Дархан Бұрғаты 
деп аталады. Абай ноянның күмбезін Имантау деген жерде десе-
ді. Шоқтыдан Жалбын – Бӛре – Жамян – Күнетін; Дей, Дархан 
Бұрғытадан Баншұң – Бадымсын деп таратады. Бінтүден ұрпақ 
қалмаған дейді. Кенже Шегірдің ұлы – Буянағай, оның ұлы – 
Бірашы, оның ұлы – Доржы, оның ұлы Білік деп аталады. Даян 
ханның алтыншы ұрпағы – Үшетте ұрпақ болмаған. Оның әйе-
лін Зандынға қосқан. Ханның ӛз ұрпағына қарастыларын қиғұт 
ныспылы боржығын тектілер деп, бұлардың сыртында шырсұт, 
асұт, қаршың, ескі қаршың ,басқа елден кӛшіп келіп қосылған 
мұңғыл, қытай хошуындарды жалпылай қарғұт – қаршың деп 
атаған. Қаршын мен Дайшын нояндарының бітімге келе баста-
ғаны да осы кезден басталды деп, шежіреде айтылады. Осыдан 
бастап ел бірлігіне аманат болсын деп, Мәнжі мен Қаршын екі 
ұлыс мәңгі тату болу үшін қара жерге, қара сиыр, ақ аспанға боз 
ат құрбан шалып, күміс кесеге құйылған мӛлдір арақты кӛкке 
шашып тұрып анттасты дейді. Осымен ертеде ӛткен хандардың 
арғы тегінен бастап, Үнді, Тибеттен бергі мұңғылдың хан ноян-
дарын таратқан, оның ішінде ең әйгілі дана боғда Шыңғыс хан, 
оның немересі Құбылай шешен ханнан туған Даян хан, одан 
тараған Лигден хұтықтыға дейін түгел түйіндеп жазған «Алтын 
шежіре» атты дестүр тәмам болды. [Л у в с а н д а н з а н .
« А л т ы н ш е ж і р е » 2 0 0 9 ж . 4 9 4 б е т ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет