Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет66/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

[С.Толыбеков. «Қазақ шежіресі» / Алматы: Қазақстан, 1992.-
144 бет] 
Байұлы рулары XYIII ғасырда негізінен Кіші жүз жерінің 
оңтүстік батысын, яғни Жайық ӛзенінің тӛменгі ағысы мен Жем 
бойын, Сам құмы мен Маңғыстау түбегінде мекендейтін; 
Жетірудың кӛпшілігі Қазақстанның солтүстік батысын, яғни 
Жайық ӛзенінің орта ағысын, Қобда, Елек және Ор ӛзендерінің 
бойын және Мұғалжар тауларының қойнауларын мекендейтін; 
Әлімұлы ұрпағы Батыс Қазақстанның кең байтақ шығыс ӛңірін, 
яғни Ырғыз, Торғай ӛзендерінің бойында, Шалқар кӛлінің тӛңі-
регінде, Кіші және Үлкен Борсық құмдары мен Қарақұм атыра-
бында және Сырдарияның тӛменгі ағысында мекендейтін. 
Әрине, жоғарыда кӛрсетілген Кіші жүз қазақтарының ме-
кен жайлары еш ӛзгеріссіз қала берген жоқ. Кейбір рулар немесе 
оның шағын бӛлімдері әрқилы себептермен қоныс аударып та 
тұрған. Мұндай жағдай, әсіресе XYIII ғасырдың бірінші жарты-
сында жоңғар шабуылына байланысты болса, сол ғасырдың 
екінші жартысында Сырым батыр кӛтерілісіне байланысты бол-
ды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Батыс 
Қазақстанның барлық ӛңірінде Кіші жүзге кіретін үш үлкен тай-
палық топтардың ӛкілдерін де кездестіруге болатын еді. Деген-
мен, олардың негізгі топтары ӛздерінің ата мекенінде қалды. 
XYI-XYII ғасырларда Кіші жүз құрамына енген негізгі ру 
тайпалық топтар Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке 
хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан Тӛле, Қаз дауысты 


233 
Қазыбек және Әйтеке билер арқылы қазақтың үш жүзіне бірдей 
хандық билігін жүргізді. 
Тәуке хан ӛлгеннен кейін Кіші жүзге Әбілқайыр хан сай-
ланды да, ол біріншіден, жоңғарларға қарсы Ресей сияқты іргелі 
елге арқа сүйеу мақсатын кӛздесе, екіншіден, Ресей патшалығы-
ның қолдауымен қазақтың үш жүзіне бірдей ӛзінің хандық 
билігін орнатуды да ойлады. Қайткен күнде де, оның Ресеймен 
жақындасу саясатын жүргізгендігіне күмән жоқ. Ақырында
1731 жылы ол Кіші жүз қазақтарын Ресейге бодан етіп тынды. 
Әбілқайырдың ресейшілдік саясатына қарсы топтар да аз болған 
жоқ. Нәтижесінде, ол 1748 жылы Барақ сұлтанның қолынан қаза 
тапқан соң Кіші жүз хандығына, оның мұрагерлері – Нұралы, 
Ералы, Есім, Айшуақ және Шерғазы хандар хандық салтанатын 
құрды. 1824 жылы патша ӛкіметі Кіші жүзде хандық басқаруды 
жойып, оның орнына басқарушы сұлтандар басшылығымен 
Кіші жүз жерін – Батыс, Орта және Шығыс әкімшілік жерлеріне 
бӛлді. Бірақ, кӛп ұзамай басқару жүйесі тағы да ӛзгеріп, «дис-
танциялық басқару жүйесі» енгізілді. Небәрі Кіші жүз жерінде 
56 дистанция құрылып, олар ауылдарға бӛлінді. Тек, Арал 
ӛңірінде, Қарақұм мен Маңғыстау түбегінде және Сырдария бо-
йында мекендейтін елдерде бұрынғыдай рулық басқару жүйесі 
қалдырылды.
XIX ғасырдың басында Еділ мен Жайық ӛзендерінің 
аралығында Бӛкей хандығы құрылды. 1845 жылы Жәңгір хан 
ӛлген соң патша ӛкіметі де жойды.1867-1868 жылдары саяси 
реформа бойынша Кіші жүз жері облыстарға, уездерге бӛлінді 
де, Кіші жүз жұртшылығы Орал облысының – Орал, Ілбішін, 
Темір уездерінде; Торғай облысының – Ырғыз, Торғай және 
облысының – Перовск, Қазалы уездерінде; Закаспий облысының 
– Маңғыстау уездерінде және Бӛкей ордасында қалды. Реформа 
патша ӛкіметінің отарлау саясатының мүддесіне сай жасалған-
дықтан, ол бүкіл Кіші жүз жұртшылығының наразылығын ту-
ғызды. [ С.Толыбеков «Қазақ шежіресі» / Алматы: Қазақстан, 
1992.-144 бет]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет