Ж. Б. Аширбекова


Шежірені зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет68/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Шежірені зерттеу әдістері. Жалпы шежірені зерттеу әді-
сінің екі түрін кӛре аламыз. 1.Теоретикалық басқа пәндермен 
(биология, химия, генетика, математика) байланыстыра зерттеу. 
2. Сипаттық (ру, тайпа, жанұя тұлға шежіресін оқып үйрену). 
Теоретикалық шежіре адам ӛмірінің барлық қырларын қамти-
ды. Бұл әдіс, адам жайлы әлеуметтік қатынас пен құрылымды 
ғана қарамай (гуманитарлық ғылым), сонымен қатар биология-
лық-генетикалық құрылымды (жаратылыстану ғылым) және осы 
екеуінің ӛзара байланысын қарайды. Бұл әдіс арқылы әлеумет-
тік институттармен қатар, әр түрлі әулеттік некелер арқылы қо-
ғамның қозғалмалы ерекшелігін анықтайды. Осы ерекшеліктер 
қазақ халқының жалпы әлемдегі қоғамдық қозғалыстардың бір 
бӛлшегі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бірақ, шежіренің 


237 
пәндік ерекшелігін естен шығармау қажет, яғни, шежіре ру-тай-
палардағы туыстық қатынасқа қатысты мәліметтер береді. Ше-
жіретанудың әдістері де осы ерекшелікке негізделеді. 
Уақыт ӛте келе шежірелер, ағаш тәріздес бейнеленіп, алып 
бәйтерек түрінде кӛрініс тапты (кескіндемелік шежірелер). Бұл 
бәйтерек тәріздес бейнелеу бекерге алынған жоқ. Бұл бәйтерек-
тің мағынасына адам және табиғат, тылсым күш пен нақты дү-
ние, туу мен ӛлім, т.б. сыйдырылған. Бәйтерек – қазақ халқында 
ӛмір жалғастығының, ӛшпес ӛмірдің символы. Бәйтерек жапы-
рақтарының күзде түсіп, кӛктемде қайтадан бүршік атуы - бір 
жанұяның, ру тайпаның ӛлместігінің, жоғалмастығының бейнесі. 
Бәйтеректің тамырында рубасы, ру – тайпалар, ал жоғарғы 
бұтақтарына ұрпақтары орналастырылды. Ал, Еуропа елдерінде 
бәйтерек бұтақтарына ұрпақтардың суреттері орналастырылып, 
арнайы түспен безендірілді. Мысалға, қыз-кӛк, ұл бала – сары, 
тірі адам – жасыл, ұрпақ жоқ болса – қызыл т.с.с. [ « Қ а з а қ
т а р и х ы » ж у р н а л ы № 4 2 0 0 4 ж . ] .  
Негізінен шежіренің ең кӛп тараған түрі – кестелік және 
тарихи шежірелер. Кестелік шежірелер ата-бабаны жүйелен-
ген кестелерге салып тарқатса, тарихи шежірелер ӛз құрамында 
сол ру, тайпа, жанұя жайлы қосымша мәліметтерді сақтаған. 
Еуропа елдерінде, бұндай шежіре әкесі жағынан да, анасы жа-
ғынан да есептелінсе, түркі халықтарында, атап айтқанда, қа-
зақтарда әкесі жағынан, жоғарыдан тӛменге қарай жүру жүйесі 
қатаң сақталған. Бірақ, жалаң кестелік тізімдік шежірелер, жал-
пы ру тайпаның даму динамикасы мен белгілі бір адамды табу 
үшін жақсы кӛмектескенімен, басқа да қосымша мәліметтер бе-
ру жағынан тұралап қалады. [«Қазақ тарихы» журналы №4 
2004 ж.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет