Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
1 Есенбұға ханның билікке келуінің барысын көрсетіңіз?
2 Есенбұға хан билігі тұсындағы Моғолстан мемлекетінің дамуының
ерекшелігі неде?
3 Жүніс хан тұсындағы Моғолстанның саяси дамуының сипаты қандай
болды?
4 Моғолстан мемлекетінің ыдырау үдерісіне сипаттама беріңіз?
VI тарау. XIII-XV ҒҒ. РУХАНИ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ
§1 Діни наным-сенімдер. XIV-XV ғасырлардағы ислам. Көшпелілердің
исламдануының дискретті сипаты
121
Шыңғыс хан жаулап алушылығы Қазақстан түркі тайпаларының ұзақ
ғасырларға созылған исламдану үдерісін уақытша баяулатып, тоқтатты, алайда
келіп жеткен мәдени-өркениеттік феноменді тоқтатып, тежей алмады. Сонымен
қатар, жаулап алушылармен бірге, аймаққа мұсылмандық емес наным-сенімдер
толқыны келді: шаманизм (тәңіршілдік), несториандық, буддизм, манихейлік, т.б.
Бұрынғы Қарахан мемлекеті территориясындағы ислам діні мемлекеттік дін
статусын жоғалтты.
Ағылшынның ұлы философы А.Дж. Тойнби «бұл қан төгіс соғыста ислам ...
абыроймен аман қалды. Ортаазиялық жаулап алушылар ақыры ислам дінін
қабылдады ...» деп жазды. Моңғол билеушілері діни шыдамдылық саясатын
жариялағанымен, бұдан тыс әр түрлі діндер мен дәстүрлер басымдылығы үшін
бәсеке жүрді. Бұндай рухани күресте ислам ақыр соңында жеңіске жетті, себебі,
біріншіден, бұл дін Шағатай мен Жошы ұлыстарының жергілікті түркі тілді
халқының
діні
болды.
Екіншіден,
моңғол
жаулаушыларын
ислам
қарапайымдылығымен, өзінің икемділігі, әскери рухымен және интеллектуалды
әлеуетімен қызықтырды.
Орталық Азияның мұсылман түркілері Шыңғыс хан келгенге дейін көп
бұрын жоғары дәрежедегі мәдениет, әдебиет, өнерді дамытты; әл-Фараби,
Қашқари, Баласағұни және т.б. ғалымдарды дүниеге әкелді. Сондықтан да,
моңғолдардың территорияны басып алу барысында жергілікті этникалық
құрылымға интеграцияланып (яғни, түркілену, қыпшақтану), ал сонымен қатар
ақыр соңында сопылық элементтермен біте қайнасқан исламның сунниттік-
ханафиттік бағыттағы жергілікті халықтың дінін қабылдауы заңды құбылыс
болды. Сол сияқты, оңтайлы геосаяси факторлар қатарында бүтін саяси құрылым
көлемінде (Алтын Орда) Қазақстан даласының бұрыннан дамыған исламдық
орталықтары Еділ өңірі мен Хорезммен, және оңтүстік-шығыс Қазақстан
аймақтарының ислам дәстүрлеріне бай Мәуереннахрмен бірігуін атауға болады.
Бұндай біріктіретін процестер жаңа саяси элита – шыңғыс ұрпақтары арқасында
жүзеге асты.
Моңғол ұлыстарында XIII ғасырдың екінші жартысынан-XIV ғасырдың
ортасы аралығында конфессия аралық күресте күрделі оқиғалар орын алды, бұл
кезде билеуші династия өкілдері түрлі позицияларды ұстанған болатын. Ислам
дінін қабылдаған шағатайлық хандар ішінде Тармашырын (1326-1334 жж.)
ерекшеленді. Моғолстан исламдануы жағынан Мәуереннахрдан көп артта қалған
болатын. Алайда, XІV ғасырдың ортасына қарай Жетісу мен Қашқарда моңғолдар
арасында
мұсылмандық
бағытты
ұстанушылық
күшейеді.
Жетісу
территориясында мұсылман болған Үгедей ұлысының ханзадасы Әли Сұлтан
кезінде, 1339 жылы христиандарды қудалау да орын алғаны белгілі.
Исламға түбегейлі бет бұрыс 1348 жылы Моғолстан ханы болып сайланған
шағатайлық Тоғлұқ Темір есімімен байланысты болды. Мұхаммед Хайдар Дулати
Тоғылұқ Темірдің ислам дінін қабылдауын егжей-тегжейлі сипаттайды. Ханның
122
тұсында ислам позициясын нығайтуға қатысты нақты әрекеттер жасалды. XIV
ғасырдан Моғолстан өмірінде ислам діні маңызды рөлге ие еді. Мұхаммад хан
кезінде (1408-1416 жж.) моғол тайпаларының көпшілігі мұсылмандарға айналды.
«Моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде (XIII-XV ғғ.) бүкіл Орталық Азия
көлемінде Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы қалалар ханафиттік фикх,
араб философиясы, басқа да ғылымдар жөнінен алдыңғы орынға шықты. Бұл
аймақ Бұқара, Самарқанд, Хорезм сияқты мойындалған орталықтармен сәтті
бәсекелесетін болған».
Жошы ұлысы территориясында билеуші моңғол ақсүйектері арасында
рухани өзгерістер Берке хан (1255-1266 жж.) және Өзбек хан (1312-1342 жж.)
есімдерімен байланысты болды. Бұл жөнінде Л. Гумилев былай жазады: «Үздік
ислам мәдениеті көптеген моңғол хандары мен батырларын қызықтырды, ол өз
кезінде Жошы ұлысының саясатына ықпалын тигізді». М.А. Усманов Жошы
ұлысының исламдануы кезіндегі хандардың мысалында бұл үдерістің ішкі және
сыртқы факторларын бөліп көрсетеді. Ішкі факторы бұл Жошы ұрпақтарының
жаңа дінді іздеуіне итермелейтін себептер комплексі, оған ой-сананың дағдарысқа
ұшырап, тығырыққа тірелуі, идеялар күресі алып келді. Сыртқы фактор Хулагу
ұрпақтарымен болған қарсыласу еді.
Бату хан билігі кезінде-ақ Берке 1253 ж. мұсылман болды. «Шыңғыснама»
авторы Өтеміс қажының сөзінше «Дешті Қыпшақ уәлаяты Берке ханға бағынған
кезден бастап, дінсіздердің басым көпшілігіне ол ислам дінін қабылдатқызды».
Билеушілермен бірге карамағындағы руларымен ақсүйектердің үлкен топтары
ислам дінін қабылдады. Мысалы, 1262-1263 жж. ислам дінін қабылдау акциясы
туралы айтылады, онда бүкіл отбасымен, қызметшілері және әскерімен ислам
дінін қабылдаған нойондардың есімдері аталады.
Алтын Орда көшпелілері арасында исламның таралуы оңай өткен жоқ;
шаманистер, христиандар, буддистер тарапынан қарсыласу фактілері орын алған
болатын. Қол жеткен жетістіктерге қарамастан Берке хан Алтын Орданың
біржолата исламдануы мәселесін шеше алмады. Исламдану процесі барысында
орын алған идеялық қарама-қайшылықтарды, бұқараның енжарлығын,
көшпелілердің ақсүйектер тобының сепаратизмін нумизматикалық материалдар
дәлелдейді.
123
Берке ханның монеталары (теңгелер)
Берке хан ислам мәдениетін қолдады, ол «өнер мен ғылымды жақсы көріп,
ғалымдар мен суретшілерге жағдай жасады, өзінің қыпшақ астанасын жаңа
ғимараттармен безендірді». Мұсылман авторларының жазбаларына қарағанда
«(Берке) үнемі Құранды талдайтын, хадистерді түсіндіретін, құқықтанушылар мен
ұлы ғалымдар оның жанында болатын. Оның діни кітаптары өте көп еді және
мәжілістері мен кеңестерінің басым көпшілігі ғалымдармен өтетін. Сарайында
шариғат туралы үнемі пікір таластар болып тұрды. Мұсылмандық ісіне ол аса
жауапты әрі бар көңілімен кірісті».
Сонымен қатар, алдында айтылғандар саяси есеп пен пайданы жоққа
шығаруды білдірмейді. Жошы ұрпақтарының өзінің территорияларын Кавказға
қарай кеңейтуге құлшынысы мұсылман мемлекеттерімен жақындасуының негізгі
себебі болды. Берке хан Каирде тұрған халифпен хат жазысып, одан сыйлы
киімдер алып отырды. Берке хан мен Өзбек хандар тұсында Алтын Орда мен
Мысыр арасындағы дипломатилық байланыстар Қыпшақ мемлекетінің мәдени
124
дамуына, оның діни негіздерінің бекуіне оң ықпал етті. Каһирамен (Каирмен)
және басқа да мұсылман орталықтарымен байланыстардың үдей түсуі Қазақстан
халқының интеллектуалды және рухани өмірін одан ары жандандырды.
Жошы Ұлысының исламдануының аяқталуы Алтын Орда тағында отыз жыл
саяси үстем орнатқан, мемлекетті гүлденген шегіне қол жеткізген белгілі Өзбек
хан кезіне сәйкес келді. Мұхаммед Өзбек хан (1312-1342 жж.) өзі шынайы
мұсылман болумен, исламға қатысты протекциялық саясат жүргізумен шығыстың
ең белгілі билеушісі атағын иеленді. Ортағасырлық шығармаларда жазылғандай
«ол исламның әсемдігімен безендірілді ...оның таза жүрегі діни сенім
маржандарымен көмкерілді». Өзбек ханның ислам дінін қабылдауы туралы
«Шыңғыснамада» айтылады. Халық аңыздарына қарағанда ханды ислам дініне
қаратуда шешуші рөлді сопылық әулие Баба Түклас атқарған (кейінгі қазақ
эпикалық дәстүрінде оны батырлар пірі Баба Түкті Шәшті Әзиз деп атайды)
болатын.
Жазба деректер мен сакральдық аңыздарды зерттеу XIV ғасырда исламдану
үдерісі белгілі қиындықтармен өтіп, дискретті сипатта болғандығын көрсетеді.
Өзбек хан мен оның қарамағындағылардың исламды қабылдауы конфессия
аралық сипаттағы қақтығыстарға алып келді. Алтын Ордада буддизмді,
христиандықты, шаманизмді ұстанушылар әлі де болды; католик миссиялары
жұмыс істеді. Дешті Қыпшақ саяси өмірінде маңызды болған буддалық лама
Бажир Тоқ Бұға деген ұйғыр есімі белгілі еді. Ол өзінің жақтастарымен Өзбек
ханды өлтіруге әрекет жасамақшы болады (хан ажалдан әрең құтылды). Өзбек хан
бұған нағыз Шыңғыс ұрпақтарына тән қатыгездікпен қарсы жауап берді. Өзбектің
қыпшақ әскері ұйғырлардан шыққан ламалар мен бахшиларды (бақсыларды)
қырып салады. Алтын Орда билеушісі бұл әрекеті туралы Мысыр сұлтанына өзі
хабар жеткізген болатын. «Мысыр сұлтанына жазған хаттарында Өзбек
мемлекетінде мұсылман еместер жоқтығын жазады. Осылайша оның кезінде бүкіл
Алтын Орда мұсылмандалып болды».
Өзінің діни саясатында Өзбек хан қатаңдық пен бір беткейлік танытқаны
рас. Алайда, «Өзбек ханн бүкіл ұлысын ислам дініне қаратып, пұттардың
барлығын қиратып, көптеген мешіттер мен медреселерді салдыртты». Діни
процестердің өркениеттік негізі байқалғанымен, шынайы саяси және әлеуметтік-
экономикалық қызығушылықтарының рөлі кем емес еді. Жалпы, исламды
қабылдау саяси интеграцияның күшті идеологиялық негізін жасап, ру-тайпалық
сепаратизмге шектеу қойып, қалалардың гүлденуіне, сауданың дамуына,
мемлекеттің халықаралық абыройының артуына алып келуі керек еді.
125
Достарыңызбен бөлісу: |