Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет23/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

 
Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1 Шыңғыс хан мен алғашқы мұрагерлерінің саясатының мәдени-өркениеттік 
және рухани-конфессиялық аспектілерін ашып көрсетіңіз. 
2 Шағатай ұлысындағы діни үрдістер қалай жүрді? Элитаның исламға бет 
бұруының себептері неде деп ойлайсыз?  
3 Жошы ұлысынадғы исламдық мәдениетті классикалық және қазіргі 
заманғы ғылыми зерттеулер мен деректер бойынша суреттеңіз. 
4 «Далалық ислам» феномені мазмұны: Құран мен толеранттылық дәстүрі. 
Проблеманы пәнаралық негізде талқылаңыз.
 
§2 XIII-XV ғғ. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қала мәдениетінің 
дамуындағы архитектура мен өнер
Қазақстан аумағындағы архитектураның дамуы Х-ХІІ ғасырларда өзінің 
шарықтау шегіне жетеді. Аталған кезеңге қазірге дейін сақталып келген Тараз 
өңіріндегі Айша-Биби, Бабаджа-Хатун және т.б. жатады. Дегенмен, ХІІІ ғасырда 
болған Моңғол шапқыншылығы Қазақстандағы сәулет өнерінің дамуын 
баяулатты. 
Тек ХІІІ ғасырдың жартысы мен ХIV ғасырдың басында отырықшы қала 
мәдениетінің қалыптасуымен сәулет ғимараттары қайта салына бастады. 


129 
Солардың қатарында: Арыстан-Баб кесенесі, Қожа Ахмет Яассауи, Көк-Кесене
Алаша хан, Дәуітбек, Тек-тұрмас және тағы басқалары.
Егер бұрын архелогиялық зерттеулер бойынша Оңтүстік Қазақстанда 30 
қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кездері, олардың саны 37-ге жеткен.
Қалалар санының өсуі Шығыс экономикасы мен мәдениетінің 
дамығандығын, қала маңызының артқандығын көрсетеді. Екіншіден, қала 
төңірегіне жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала 
санының өсуіне әсер тигізген. 
Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жері – Арыс өзенінің 
Сырдарияға қосылатын тұсы. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникент 
қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өзеннің Сырдарияға құяр жерінде 
орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар 
аймағында Қарнақ, Шур, Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында – 
Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Асынас, Жент, Баршынкент 
қалалары өмір сүрген. 
Қалалық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу 
аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті 
өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан 
(орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған. Қалалар 
тек саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны 
негізінен үш топқа бөліп қарауға болады.
І топ: көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай 
қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран, тағы басқалар.
ІІ топ: 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар 
Бурух, Хурлуг, тағы басқалар.
ІІІ топ: көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар – Алмалық, Лавар, Қапал, 
Ақтам, Арасан, тағы басқалар жатқызылған. 
Мұнадай қалалар І және ІІ топқа қарағанда өте көп кездеседі. Қалалар 
көлеміндерінің үлкен-кіші болуының өзі, олардың тұрғындарының санына ғана 
емес, ішкі құрұлыс жүйелеріне, қоғамдық сауда, діни орындардың орналасуына да 
байланысты. 
Қолөнер мен сәулет өнері дамыған қалалардың бірі Жетісудағы көне Талхир 
(Тахир – Талхиз – Талғар). Қаланың тарихы сақ дәуірінен (б.з.д. VІІІ-ІІІ ғғ.) 
басталып, б.з.д. ІІІ - б.з. V ғасырына дейін Үйсін мемлекетіне қатысты болған. Х-
ХІІІ ғғ. гүлдену шегіне жеткен. Қолөнер өте жақсы дамып, егіншілік пен қатар мал 
шаруашылығы жетік игерілген. Ежелгі Талхир қаласының шеберлері – өз ісінің 
нағыз маманы және қала – Шығыстағы сирек кездесетін темір қорытатын 
орталықтардың бірі болған. Атақты құрыш болат осы жерде өндірілген. Талхир 
қаласы ХІІІ-ХІV ғғ. құлдырай бастаған. Оның себебі монғол хандарының өзара 
ауыздықтары, бітіспес соғыс еді.


130 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет