Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
1. XII ғ. соңы – XIII ғ. басындағы Қазақстан аумағына Моңғолиядан түрік
және моңғол тілдес тайпалардың келу себептерін түсіндір.
2. XII ғ. соңы – XIII ғ. басындағы Қазақстан аумағына Моңғолиядан түрік
және моңғол тілдес тайпалардың келу кезеңдерін атап көрсет.
3. Моңғол үстіртін мекендеген ру-тайпалардың Қазақстан аумағына қоныс
аударуы қалай жүрді және оның этникалық үдерістерге тигізген әсері қандай?
4. Қазақстан аумағына Моңғолиядан қоныс аударған тайпаларды нақты атап
көрсетіңдер.
5. Не себепті XIII 40-60 жж. Қазақстан аумағына тайпалар көптеп қоныс
аударған?
6.Қоныс аударған тайпалар арасында қандай тайпалар қазіргі қазақ
халқының құрамында кездеседі?
§ 2 ХІІІ ғ. ортасы мен ХІV ғ. ортасына дейінгі Дешті Қыпшақ
аумағындағы қыпшақтану үрдісіне әсер еткен факторлар
ХІІІ ғасырдың орта тұсынан ХІV ғасырдың бірінші жартысы аралығында
Дешті Қыпшақ аумағындағы этнопроцестердің ерекшелігіне этноүрдістердің
қайта жандана бастауы мен жаулап алу барысында аумаққа келген түрік және
монғол тілдес тайпалардың қыпшақтануы процесінің жүруі, аяқталуы жатады. Бұл
ерекшелік Жошы ұлысының сол қанаты болып саналатын Шығыс Дешті Қыпшақ
аумағына да қатысты.
ХІІІ ғ. ортасынан ХІV ғасырдың ортасына дейінгі Алтын Орданың сол
қанатындағы Орда Ежен ұлысындағы салыстырмалы түрдегі саяси тұрақтылық
және Монғол империясы мен Алтын Орда хандарының бағындырылған
141
аумақтардағы жүргізген ішкі саясаты этнопроцестердің қайта жандануына
қолайлы жағдайлар жасайды. Саяси тұрақтылық қоғамның әлеуметтік,
экономикалық, мәдени, рухани өмірлерінің қалыпты өмір сүруі мен дамуында
негізгі фактор атқаратындығы белгілі. Орда Ежен ұлысындағы саяси өмірдің де
тұрақты болуы – жаңадан келген этнокомпоненттердің аумақтағы этноөмірге тез
араласып кетуіне, соның нәтижесі ретінде олардың қыпшақтанып кетуінде
шешуші рольдердің бірін атқарады.
Монғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтық этноортаға тез сіңісіп,
араласып кетуіне әсер еткен бір қолайлы жағдайға – монғолдық әскери-әкімшілік
құрылымның Жошы ұлысында немесе Дешті Қыпшақта енгізілуі жатады.
Монғол
қоғамындағы
қатынастарды
терең
зерттеген
академик
Б.Я.Владимирцев Шыңғыс хан тұсындағы қоғамдық қатынастардың, яғни
бұрынғы қатынастар мен жаңа ене бастаған қатынастардың ара-жігін көрсетіп,
әрбір қатынасты қалыптастырған элементтердің қоғамдық өмірге енуі
эволюциясын нақты дерек мәліметтері бойынша негіздейді. Мысалы,
көшпелілерге бұрыннан белгілі ондық, жүздік, мыңдық және онмыңдық
бірліктерді «Шыңғыс хан алғаш рет наймандарға қарсы күрес қарсаңында
қолданып, бұрынғы курендік бойынша құрылған жасағын белгілі бір жүйе
бойынша құрылған әскерге айналдырады. Сөйтіп, Шыңғыс хан 1206 жылы қаған
болғаннан кейін бүкіл монғолдарды мыңдықтарға бөліп, оларға мыңдық-
нояндарын белгілейді», - деп жазады Б.Я.Владимирцев. «Ондыққа, жүздікке және
т.с.с. бөлудің ешқандай жаңалығы жоқ, бұл – Орта Азия көшпелілерінің ғасырлар
қойнауынан келе жатқан әдеті. Шыңғыс ханның бұл жүйедегі қосқан жаңалығына
– ұзақ процестер барысында жауынгерлер басшыға дейін өскен адамдардың
вассалдық (тәуелділік, басыбайлық) қатынастарын ретке келтіруі және бекітуі
жатады», - деп түсіндіреді монғолтанушы ғалым. Одан әрі ол монғол қоғамында
мыңдықтардың пайда болуының екі түрлі жолы болғандығын, біріншісі –
бұрынғы рулар негізінде, екіншісі - әр түрлі рулардың бөліктері мен
қалдықтарының бірігуінен деп көрсетеді. Екінші жолмен құрылған мыңдықтар
туралы көптеген деректерді келтіре келе, ол: «Шыңғыс ханның «мыңдықтарды»
қалай «жинастырып» құрастырғанын түсінуімізге бұл деректерді жеткілікті деуге
болады», - дей келе, Б.Я.Владимирцев одан ары былай деп жазады:
«мыңдықтардың» құрылуы барысында монғол рулары мен тайпаларының
бұлайша араласуының рулық құрылым үшін өте зор салдары болды, міндетті
түрде олар қатты өзгеруі және жайылып кетуі тиіс еді. «Мыңдықтарға» бөлу,
ұлыстарға бөлу көптеген монғол тайпаларының... толығымен шашырап, жойылып
кетуіне алып келді, мысалы, татар, меркіт, джаджират, найман, керейттердің
қалдықтары көп жағдайда әртүрлі ұлыстар мен мыңдықтарға бөлініп, таралып
кетті».
Б.Я.Владимирцевтің бұл айтқан пікірлері монғол қоғамының ішкі өміріне
қатысты болғанымен, біз оны монғол жаулап алуынан кейін Дешті Қыпшақ пен
142
Мауереннахр аумақтарында құрылған ұлыстарға да тікелей қатысы бар екенін
байқаймыз. Жошыға берілген төрт мыңдықтың біз екіге бөлініп, бір – Батыйға,
немесе оң қанатқа, екіншісін – сол қанатқа, немесе Орда Еженге берілгенен
айтқанбыз. Шығыс Дешті Қыпшақтағы жергілікті тайпалар да Жошының үлкен
ұлы Орда Ежен ұрпақтары мен оның інілерінің арасында кішігірім ұлыстарға, ол
ұлыстар мыңдықтарға, мыңдықтар жүздіктерге бөлінеді. Басқаша айтқанда
бұрынғы ру-тайпалық негізде құрылған жүйенің орнына жаңа жүйені, әскери-
әкімшілік негіздегі жүйені енгізеді. Бұрынғы ірі тайалардың кішігірім
тайпалардың орынан түмендер мен мыңдықтар келеді. Кейбір мыңдықтарды
басқаруға бұрынғы ру-тайпа көсемдері немесе олардың ұрпақтары қалдырылса, ал
кейбіріне монғол нойандары тағайындалады. Тіпті жаңадан жүздіктер құрылып,
оның басшылығына еңбегі сіңген қатардағы монғолдар қойылады. Мұндай көзге
түскен қарапайым жауынгерді ондықты, жүздікті, тіпті келе-келе мыңдықты
басқаруға тағайындауды Шыңғыс хан кезінде жиі қолданған болатын. Аз санды
монғолдардың ондық, жүздік, мыңдықтарға басшы ретінде тағайындалуы
біріншіден, оларды бір-бірінен ажыратып, алыстатса, екіншіден, жүйенің бірлігін
құраған жергілікті қыпшақ тайпаларының арасына тез араластырып жібереді.
Осылайша, Шығыс Дешті Қыпшаққа жаулап алушылар ретінде келген монғолдық
этнокомпоненттер әскери-әкімшілік негізінде құрылған жаңа жүйеге тез еніп
кетеді де, аз санды монғолдар қалың қыпшақ тайпалары арасында құмға сіңген
судай, өздерінің этникалық болмыстарын тез жоғалта бастайды.
Монғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтық этноортаға сіңісіп кетуін
тездеткен фактордың біріне – жергілікті тайпалар мен жаулап алушылар
арасындағы шаруашылық пен тұрмыс-салттың жақындығына байланысты
этникалық араласу жатады. Жазба деректер ХІІІ ғ. ортасы мен екінші жартысында
Жошы ханнан тараған 2-4 буын өкілдерінің әйелдері және олардың қай тайпадан
шыққандығын атап көрсетеді. Қарапайым есептеу жолымен Жошы ұлысының сол
қанатындағы ұлысты басқарған Орда Еженнің ұлдары: Сартақтай, Құи, Күнқыран,
Хулагулерді шамамен 1220-1230 жж. дүниеге келген деп есептесек, олардың
ұрпақтары ХІІІ ғ. ортасында туылған болып шығады. Рашид ад-динде Орда
Еженнің және оның ұлдарының көбі қоңырат тайпасынан қыз алғандығы туралы
көп айтылады. Бұл Шыңғыс хан заманынан бері келе жатқан дәстүрді ХІІІ ғасырда
да оның ұрпақтары одан ары жалғастырғандығын көрсетеді. Орда Еженнің ең кіші
ұлы Хулагудың екі әйелінің бірі – қыпшақ тайпасынан шыққан, есімі –
Турбарчин-хатун. Ал осы Хулагудың Темір-Бұқа атты ұлының әйелдері Қоңырат,
Арғын тайпаларынан алынған. Орда Еженге немере болып келетін Куинджи
(Қоныша), Тумакан, Мұсылман секілді ұлдардың әйелдері Қоңырат, Меркіт,
Жаджират, Татар, Найман тайпаларынан делінеді. Ал ХІІІ ғасырдың соңы мен
ХІV ғасырдың І жартысында өмір сүрген Куйнджидың (Қоныша) ұлдарының
әйелдері – Кераит, Қоңырат, Огунан (Уақ) тайпаларынан болған.
Біріншіден, жоғарыда келтірілген дерек мәліметтері Орда Ежен
143
ұрпақтарының, әсіресе Жошы ұлысының сол қанатындағы билеуші әулет
өкілдерінің жергілікті тайпалардан (Қыпшақ, Арғын) қыз алысуы олардың
этникалық өзара байланысын көрсетеді. Бұл сол кездегі ішкі саясат үшін екі жаққа
тиімді болатын. Ұлыс билеушілері жергілікті жердегі мықты тайпалардан, әсіресе
тайпа басшыларының, оның ішінде монғолдарға дейінгі тайпалар басшыларының
қыздарына үйленіп, оларды өздеріне жақын тартса, жергілікті этникалық
топтардың өкілдері билеуші әулет өкілдеріне қыз беру арқылы өздерінің бұрынғы
дәрежесін сақтап қана қоймай, оны одан әрі өсіруге ұмтылып отырады. Билеуші
әулеттің бұл дәстүрін кішігірім ұлыс басшылары, түмен, мыңдық, жүздік
басшылары да қолданады. Жоғарыдағы деректер аз санды монғолдық
элементтердің қыпшақтық этноортаға тез сіңісіп кеткендігін көрсететін өте нақты
мәліметтер болып саналады.
Екіншіден, Арғын, Қыпшақ тайпаларымен қатар аталатын Қоңырат, Найман,
Кераит (Керей), Онгунан (Уақ) айпалары Монғолия аумағынан ХІІІ ғасыр басында
келсе де, түрік тілдес және көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар
болатын. Тілдік жақындық, этникалық тығыз байланыстар және ортақ саяси
жүйеде ұзақ уақыт болу – бұл тайпаларды біртұтас этносқа айналдыра бастаса,
таза монғолдық элементтер осы этникалық ортаға аралсып, сіңісіп кетеді.
Монғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтың этноортаға тез сіңісіп кетуінде
қыпшақ тілінің ролі ерекше болғандығын атап өтуіміз керек. Қыпшақ тілі монғол
жаулауына дейін бүкіл Дешті Қыпшақ аумағында өмір сүрген барлық тайпалар
үшін ортақ тіл болып, Ертістен Дунайға дейінгі орасан зор аумақта болған қыпшақ
(куман, половец) хандықтары өздерінің сыртқы саясатын қыпшақ тілінде жүргізді.
Қыпшақ тілінің ролі мен маңызын мынадай салыстырулар арқылы көрсетуге
болады. Кең мағынадағы қыпшақ тайпаларының ХІ-ХІІІ ғғ. мекендеген
аймақтарын ортақ атаумен Дешті Қыпшақ десек, ондағы тұрғындардың бәрін
жалпы атаумен қыпшақтар (кумандар, половецтер) деп, олардың мемлекеттілігін
қыпшақ хандықтары деп атасақ, қыпшақ тілі де бүкіл Дешті Қыпшақтың жалпыға
ортақ кең таралған тілі болып саналады.
ХІІІ ғасырда қыпшақ тілі жеңіске жеткен монғолдармен бірге монғол тілінің
келуіне қарамастан, тұрмыстық деңгейдегі, рухани өмірдегі, әдебиет саласындағы
өз позициясын жоғалтпайды, тіпті жоғарғы деңгейдегі мемлекетаралық
қатынастардың, елшілік қарым-қатынастардың құралы ретінде монғол тілімен
қатар қолданылып, ХІV ғасырдың өзінде оны бірте-бірте қолданыстан ығыстырып
шығарады. ХІІІ ғасырда өмір сүрген Дешті Қыпшақтың ұлы жыршысы
Кетбұғаның Жошының өлімін Шыңғыс ханға астарлап естіртуі дәстүрлі өлең
түрінде айтылып, қыпшақ (түрік) тілінде баяндалады.
«Тенгиз баштын булғанды ким тондурур, а ханым?
Терек тубтын джығылды, ким турғузур, а ханым?», -
деген ұлы жыршыға, Шыңғыс хан:
«Тенгиз баштын булғанса тондурур олум Джошы дур,
144
Терек тубтан джығылса, турғузур олум Джошы дур», -
деп жауап қайырған екен».
ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында қыпшақ (түрік) тілінде айтылған бұл
өлең жолдарының қазіргі қазақ тіліндегі нұсқасынан аса көп айырмашылығы жоқ
екенін тіл мамандары түгілі, қазақ тілін жетік білетін әрбір адам аңғарады. Бұл
төрт жолдың қазіргі қазақ тіліндегі нұсқасы блыайша айтылады:
«Теңіз бастан былғанды,
Кім тұндырар, уа ханым?!
Терек түптен жығылды,
Кім тұрғызар, уа ханым?!
Теңіз бастан былғанса,
Тұндырар ұлыс – Жошы-дүр!
Терек түптен жығылса,
Тұрғызар ұлым Жошы-дүр!».
Кетбұға жыры үзіндісінің бізге дейін жетуі оның ХІV-ХV ғғ. жазба тарихқа
енуінің арқасында болса, ал ХІІІ ғ. өзінде қыпшақ тіліндегі ауыз әдебиетінің
үлгілерінің бізге дейін жетпегені қаншама!
ХІІІ ғасырдағы монғолдар билігінің алғашқы кезеңінде қыпшақ тілінің кең
тарауымен бірге оның жазба әдебиетте де кең қолданыста болғандығын сол тілде
жазылған көптеген туындылар дәлелдейді. «Кодекс Куманикус», «Оғыз-наме»,
«Мухаббат-наме», «Хусрау және Шырын», «Жүсіп-Зылиха», «Гюлистан би-т-
тюрки», «Қиссас-уль анбия» және тағы басқа қыпшақ тілінде жазылған бұл
туындылар – ХІІІ-ХІV ғғ. Алтын Ордада қыпшақ тілінің әдебиет пен мәдениеттің
тілі болғандығын көрсетсе керек. Бұл туындыларды негізінен сарай төңірегіндегі
талантты ақындар жазған. Олар мемлекеттік қызметтер атқарған немесе
билеушілер жанында болып, өз туындыларын екінің бірінде өз билеушілеріне
арнаған не оларға сыйға тартып отырған.
Қыпшақ тілінің сол дәуірде халықаралық деңгейге дейін өскендігіне «Кодекс
Куманикус» (ХІV ғ. басы) («Қыпшақ тілінің сөздігі») атты жинақ дәлел бола
алады. М.Г.Сафаргалиев бұл еңбекті «Италияда 1303 жылы құрастырылған бұл
Қыпшақ сөздігі (Половецкий словарь) Дешті Қыпшақта сауда жасайтын
итальяндық саудагерлерге көмекші ретінде қызмет етті», - десе, Қазақстан
тарихының авторлары «Бұл - ... арнаулы сөздік және кейбір жағынан әр түрлі
мақсаттармен Ордаға келген және латынша білетін европалықтарға, сондай-ақ
латынша білгісі келетін қыпшақтарға арналған қыпшақ тілінің оқулығы», «Дешті
Қыпшаққа келіп, тіл жөнінен қиындық көргендерге көмек көрсету мақсатын
көздеген адам құрастырғанын көрсетеді». Сөздікте қыпшақ тілінің латын, парсы
тілдерімен қатар қойылып, әрбір сөздің осы үш тілдегі аудармасының қатар
берілуі – қыпшақ тілінің Алтын Орда империясында кең тараған тіл екендігін,
империяның ресми тілі болғандықтан, оның халықаралық маңызы да болғандығын
дәлелдей түседі.
145
Қыпшақ тілінің Алтын Ордадағы хан Ордасында да кең тарап, ресми тілге
айналғандығын мынадай дерек көрсетеді. Ибнабдеззахир 1263 жылы Египеттен
келген елшілерді Берке ханның қалайша қабылдағаны туралы былай деп суреттеп
жазады: «Ол (Берке) 100 адам (басқа нұсқаларда 500 адам) сиятын үлкен шатырда
тұрды, шатырдың сырты ақ киіздермен жабылған, ал іші қытайдың қымбат жібек
маталарымен, түрлі-түсті асыл тастармен көмкерілген. Ол тақта отырды, жанында
үлкен әйелі болды және 50-60-тай әмірлер орындықта отыр. Елшілер кірген кезде
ол өз уәзіріне жолдауды оқытты, сосын оларды сол жақтан оң жаққа қарай
ауыстырды... Оның жанындағы бас қазы жолдауды аударып берді және ханға
тізімді берді, сұлтанның хаты (Беркенің) жанына тұрғандарға арнап түрікше
оқылды, олар (татарлар) бұған қатты қуанды».
Алтын Орданың ресми құжаттарының бәрін қыпшақ тілінде (түрік тілінде)
жазу кең етек алады.
Алтын Ордадағы монғолдық этноэлементтердің қыпшақтық этноортаға
сіңісуі барысындағы қыпшақ тілінің ролін қарастыра келе, біз мынадай
қорытындыларға келеміз.
Біріншіден, қыпшақ тілі монғол жаулап алушылыған дейін бүкіл Дешті
Қыпшақ тайпалары үшін өзара қатынас құралы ретінде қандай роль атқарса,
Жошы ұлысындағы қыпшақтық және монғолдық этнокомпоненттер арасындағы
қатынас құралы болып қала береді.
Екіншіден, жаулап алуға байланысты Монғолия аумағынан Дешті Қыпшаққа
келген түріктік және моңғ олдық аз санды этникалық элементтер азғантай
уақыттың ішінде қыпшақ тіліне ауысады да, ол өз кезегінде қыпшақтану процесін
тездетеді. Қыпшақ тілі қарапайым адамдардан хан Ордасындағы билеуші топ
арасына дейін тез таралып, ХІІІ-ХІV ғғ. ауыз әдебиетінің үлгілері, жазба әдебиет
ескерткіштері ресми құжаттар, тіпті халықаралық сөздік осы тілде орындалады.
XIV ғасырдың бірінші жартысында Алтын Ордада болған араб авторлары
ресми хандардың бәрін Қыпшақ хандары деп атайды. Мысал келтірсек,
Аддзехеби (1348/1349 ж.ө.) өзінің «Ислам тарихы» атты еңбегінде Берке ханды
«Қыпшақ және Судак даласының патшасы болған», ал Тоқта ханды «Қыпшақ
патшасы», - деп жазады. Ал-Омари Алтын Орданың билеушісін «Қыпшақ
патшалығының ханы», «Қыпшақ және Хорезм жерлерінің билеушісі», Өзбек
ханды «Қыпшақ мемлекетінің қазіргі билеушісі», - деп жазады. Ибн Ал - Форат
«665 жылы (1266 ж. 2 окт. – 1267 ж. 21 сент.) (Тоған) патшаның ұлы Менгутемір
қыпшақ патшалығының тағына отырды», - деп атап өтеді.
Бұл деректерде Алтын Орда, Жошы ұлысы атауы мүлде қолданылмайды,
керісінше, бір ғана термин – Қыпшақ мемлекеті және Қыпшақ ханы деген атау
айтылып тұр. Сондай-ақ, мәліметті берушілердің бәрі дерлік өз еңбектерінде ХІІІ
ғасырдағы тарихи жағдайларды сипаттап қана қоймай, өздері Алтын Ордаға
келген кездегі көргендерін де айтып өтеді. Оған «қазіргі кездегі Қыпшақ
мемлекетінің билеушісі Өзбек хан» деген дерек дәлел. Деректің мәліметтеріндегі
146
тарихи оқиғалар ХІІІ ғасыр мен ХІV ғасырдың бірінші жартысындағы кезеңге
сәйкес келеді. Олай болса, ХІV ғасырдың басында-ақ Дешті Қыпшақтағы
монғолдық этникалық элементтер толығымен және түпкілікті түрде қыпшақтанып
болған. Осыны үрдісті ал-Омаридың мынадай дерегінен көруге болады: «Ежелде
бұл мемлекет қыпшақтар елі болатын, бірақ оларды татарлар басып алған соң,
қыпшақтар оларға бағынышты болды. Бұдан кейін олар (татарлар)
(қыпшақтармен) араласып, туыстасты және жер олардың (татарлардың) табиғи
және нәсілдік белгілерінен үстем түсті; монғолдар (және татарлар) қыпшақтар
жеріне қоныстанғандықтан, олармен некеге тұрып, олардың (қыпшақтардың)
жерінде өмір сүріп қалғандықтан, өздері де олармен бір рудан шыққандай, тура
қыпшақ болып кетті». Сөйтіп қорыта келе, монғолдардың қыпшақтануы ХІV
ғасырдың басында-ақ аяқталған деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |