Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі



Pdf көрінісі
бет45/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Егін шаруашылығы. Қазақтар орта ғасырларда егін шаруашылығымен де 
айналысқан. Түрлі аудандарда егіншіліктің дамуы мейлінше әркелкі болды. 
Кейбір аудандарда егін шаруашылығы төмен дәрежеде болды. Ал ежелден бері 
қалалық мәдениеттің дамыған ошақтары болып саналатын Жетісу мен Оңтүстік 
Қазақстан қалаларының маңында егіншілік кең етек жайды. Қала тұрғындарының 
қала сыртында өңделетін жер учаскесі болып, жазда олар сол жерге көшіп барған.
XVІ-XVІI ғғ. Қазақ хандығында егін шаруашылығы біркелкі дамымады. 
Кейбір жерлерде бұл шаруашылық түрі өте маңызды болып, кең етек жайса, кей 
жерлерде мүлдем дамыған жоқ.
Отырықшы мәдениеті дамыған Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, әсіресе 
Сырдария, Арыс, Шу мен Талас өзендерінің бойында, Қаратаудан басталған өзен 
аңғарлары, Ұлытау төңірегінде, Атбасар даласы мен Зайсан көлінің маңайында 
халық егін егумен айналысқан. Олар бидай, арпа, тары, жүгері, сұлу, күріш, маш, 
тагар, анис, жүзім, қарбыз, қауын, өрік, алма, мақта еккен. Сол кезеңдегі 
қазақтардың шаруашылығы туралы мәліметтер XVІI ғ. соңында Тәуке ханға 
жіберілген орыс елшілерінің жазбаларында кездеседі.
Ибн Рузбихан Исфахани «Михман наме-йи Бұхара» еңбегінде: «Сығанақта 
егістік Сейхуннан (Сырдария) тартылған арықтармен суландырылады», - деп 
хабарлайды. Сығанақтағы грамоталарда Қызылтал, Шығыл-Торғай, Ордакент, 
Қалта-Жалғия, Жүлек, Жыңғылбұлақ, Арыстанды арықтары, сондай-ақ Тоқтамыс, 
Қараси, Хисаршық бұлақтары аталған.
Отырарда ішінара жаппа жабылған шаруашылық аулалары, астық пен ауыл 
шаруашылық өнімдеріне арналған үлкен қоймалар, малға арналған арнаулы қора-
қопсылар сол кезеңдегі қаланың аграрлануы күшейе түскендігін көрсетеді. 
Қоймаларда астық, кептірілген жемістер сақталған. Астық пен ұн сақтау үшін 
көзелер мен астық ұралары пайдаланылған.


263 
Сырдарияның сол жақ жағалауындағы соңғы ортағасырлардағы қалалар – 
Қожан, Аркөк, Үзкент, Аққорған ауданындағы археологиялық зерттеулер мұнда 
суландыру негізінен өзен арналарынан бастау алып, өздігінен ағатын басты 
жүйелерге негізделгенін көрсетеді. Бұл қалалар дерек мәліметтері бойынша 
астықты мол өндірушілер болған.
Тау етегіндегі аудандарда суландыру үшін тау өзендерінің сулары 
пайдаланылған, сондай-ақ тәлімді жерге егіс салу кеңінен қолданылған. 
Оңтүстік аудандарда егіншілік әдетте суармалы болған. Өзендерден 
каналдар мен арықтар жүйесі тарам-тарам болып егістікке тартылды.
Бұл кезеңде егін егетін құралдар да қарапайым болды. Олар кетпен шот, 
кетпен, ағаш соқа, тырма, орақ болды. Тұқымды қолмен себетін. Астықты ат 
тұяғымен, кейде астық басатын тоқпақтармен бастыратын. Егін суаруға су 
тартатын қарапайым аспан-атпа пайдаланылды. Аспа деген сабы үш аяқты аспаға 
ілінген ожау. Су көтеретін аспап шығыр да пайдаланылды. Шығыр әдетте теріден 
жасалынады.
Жазба дерек мәліметтері мен археологиялық деректерге қарағанда қала 
тұрғындарының егіншілік кәсібі тұрмыста маңызды рөл атқарғандығын 
дәлелдейді. 
Дешті Қыпшақтың алуан түрлі жануарлар дүниесі бар кең-байтақ кеңістігі 
көшпелілерге жеке-дара және ұжым болып аңшылық етуге зор мүмкіндіктер берді. 
Ортағасырлық деректердің мәлімдеуінше дештілік көшпелілердің «көбінесе 
садақпен тамаша аң аулай білетіндігін» атап өтеді.
Ибн Рузбихан Исфахани «Михман наме-йи Бұхара» шығармасында: «Сол 
көп нұр жауған елдің бүкіл шөл даласы жабайы аңдарға толы. Сол далада шөбі 
шүйгін жайылымдары мол болуынан киіктер семіз сиыр сияқты жүгіре алмайды, 
ал сол өңірдің аңшысы аң қуғанда аты аңға зорықпай жетеді», - деп сипаттайды.
Аң аулаудың бірнеше түрі болған: құс салған, тазы иттер қосып, қаумалап 
аулаған. Қыран құстардан қаршыға, бүркіт, сұңқар, лашын т.б. пайдаланылған.
Жалпы қорыта келгенде, XV-XVІIІ ғғ. Қазақстан тарихында мал, егін, аң 
шаруашылықтары дамып, өркендеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет