Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
1. ХV-ХVІІІ ғғ. қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
2. Көшпелі мал шаруашылығын сипаттауға арналған ортағасырлық
деректер мен зерттеу еңбектерімен жұмыс жасау.
3. Егін
шаруашылығы туралы ортағасырлық жазба деректердің
мағлұматтарын топтастыру, талдау.
4. Мал шаруашылығының түрлері.
§3. Кәсіпшілігі, қолөнері
264
Қазақ халқының тіршілікті қамтамассыз ету мәдениеті көп жағынан халық
кәсіпшілігі мен қолөнері арқылы анықталады. Кез келген өндіруші шаруашылық,
мал шаруашылығы немесе егіншілік өз қолөнер кәсіпшілігінің бұйымдарынсыз
дамуы мүмкін емес: мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды
ұстайтын, байлайтын жабдықтар мен т.б., егіншілік үшін жерді жыртатын және
тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар мен т.б. қажет.
Сондықтан, қазақтар арасында әртүрлі салалар бойынша мамандар: ағаш
өңдеушілер, темір ұсталар, тері илеушілер, тас қалаушылар және т.б. болған.
Қолөнер кәсіпшілігі дене күшін жұмсауды қажет етеді, сондықтан мұнымен әдетте
еркектер айналысты.
Ұсталық пен зергерлік өнер әр түрлі металдардан сан алуан үй бұйымдары,
сәндік әшекейлер жасаумен байланысты. Қазақстан жерінде мыс, жез, темір және күміс
сияқты металдардан бұйымдар жасау ісі өте көне замандардан басталады. Содан бері
ұсталар мен зергерлер ісінде сан қилы жағдайларға байланысты даму және тоқырау
кезеңдер де болды. Соған қарамай, ұсталар мен зергерлердің дәстүрлі өнері біздің
заманымызға дейін жетіп отыр.
Көшпелі өмір жағдайында қазақ ұсталары мен зергерлерінің арнайы дүкендері
болмаған. Кейде ескі киіз үйде немесе қысы-жазы ездері тұратын тұрғын үйлерде
жұмыс істеген. Жаздыгүні есік алдындағы үй көлеңкесінде немесе әдейі жасалатын
лапастар мен күркелерде отырып, ұсталық құрды.
Үй кәсіпшілігі әрбір отбасының тіршілігіне қажетті заттармен белгілі бір
дәрежеде қамтамассыз етіп отырды: әр алуан киім түрлері, үйдегі өндірістің едәуір
бөлігін құраған – тұрғын үйдің ішкі жасауының бұйымдары және т.б. Тұрмыстық
заттарды жасау шыдамдылықты және эстетикалық талғамды қажет етеді.
Қазақтардың халықтық кәсіпшілігі мен қолөнерінің өз ерекшеліктері болды
және олар халықтың шаруашылық қызметі мен тұрмыс салтының нәтижесінде
қалыптасты. Халыктың басым белігі мал шаруашылығымен айналысты, оның
негізінде жайылымды маусым сайын алмастырып отыру принципі жатты, мұның
өзі көшпелі тұрмыс салтына себеп болды.
Көшпелінің шаруашылығы тұтынуға қажетті бұйымдарды өзі өндіретін
сипатта болды және халықтық кәсіпшілік оның негізгі бөлігін құрады.
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының
алатын орны ерекше. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылай
отырықшылққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті
тұрмысына қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың түрі сан алуан. Ағаш өңдеуді
кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай «үйші», «ерші»,
«арбашы», «ұста» деп даралады. Ал, бұл шеберлердің әрқайсысы өзінің негізгі
кәсібінен басқа да уақ-түйек бұйымдар түрлерін жасай білді. Әсіресе, «ұста» атанаған
шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және
сүйек өңдеу ісімен да айналысты.
265
Ер-тұрман /ат әбзелдері/ - қазақ халқының арасында ер-тұрман салт атқа мініп
жүру үшін жасалған. Ер-тұрманды жасау тек халық ішінен шыққан шеберлердің
қолынан келетін іс. Іскерлік өнерге қарай шеберлердің біреулері ердің соқа басын
жасайтын болса, екіншілері ағаштан ер шауып, былғарыдан, киізден, тоқым тігіп,
қоладан үзеңгі құйып, темірге күміс, алтын жалатып және сүйектен нақыштап, асыл
тастан көздер орнатып, ер-тоқымды түгелдей жасаған. Ер-тұрман жасау мен оны
күнделікті өмірде пайдалану – қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық қарым-
қатынас мәселелерімен тығыз байланысты.
Айыл – атқа ерді бекітуге керекті жабдық. Айыл қайыстан, былғарыдан екі
қабатталып қыйылып жасалады, ұзындығы 150-160 см, ені 8 см. Айылдың төс айыл
/тартпа деп те аталады/ және шап айылға бөлінеді. Шап айыл төс айылға қарағанда
ұзындау болады. Шап айыл жалаң ердің үстінен, ал төс айыл аткөрпенің үстінен
тартылады. Сол сияқты, ат дорба, ат тарақ, ауыздық, ашамай, белдік, бұғалық, делбе,
доға, ершік, жабу, желдік, жүген, кісен, қамшы, таға, үзеңгі және т.б. заттар
жасалынды.
Көркем қолөнер ең алдымен шаруашылықта, тұрмыста қолдану үшін
жасалады. Кез келген заттың әшекей-өрнегі оның сынын келтіру мен өтімділігін,
тұрмыста қолайлылығын арттыруды мақсат етіп жасалынған. Көркем қолөнерге
қазақ шеберлері темір, мыс, қола, алтын, күміс, қалайы, киіз, ағаш, мүйіз, сүйек,
тері мен былғарыны пайдаланған. Олар жасалған материалына қарай бөлінеді.
Зергерлер соққан білекке салатын, саусақтарға киетін, құлаққа, омырауға тағатын
білезік, жүзік, сақина, алқа, моншақ, шашқа тағатын шолпы, шашпен қоса өрілетін
шашбау сәндік бұйым ғана емес, халықтың биік эстетикалық талғамынан шыққан
нағыз өнер туындылары болып саналады. Бір ғана білезіктің жасалуына қарай –
алтын білезік, күміс білезік, топсалы білезік, құйма білезік, қос білезік, т.б.
266
атаулары бар. Алтыннан, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған, күміс шынжыр
арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік – «бес білезік» қолөнердің сирек
кездесетін туындысына жатады.
Қазақтың қолданбалы өнер туындыларының өзіндік ерекшеліктері көшпелі,
жартылай көшпелі және отырықшы (Жетісуда, Оңтүстік Қазақстанда) өмір
салтының өзгешеліктерімен тығыз байланысты. Барлық бұйымдар тез
құрастырып, тез жинап алатын, тасымалдауға жеңіл, сынбайтын материалдан
(тері, жүн, мал сүйектері, ағаш пен металл) әзірленді. Қазақтар табиғи ортада
қоян-қолтық өмір сүре отырып, көркемдік жарасымдылығы мен көңіл жадыратар
әсемдігі ғажап үй-іші әлемін жасай алған. Бояуларының әртүрлілігі және ою-
өрнектерінің ырғақты байлығы қазақ әйелдерінің дизайнерлік шеберлігімен де,
киіз ішіндегі үнемі құбылып тұратын жарықтың түсу мүмкіндіктермен де сәнді
синтез құрған. Үй ішінің ішкі көрінісінен әлемді көркем бейнелеуге деген
ұмтылыс байқалады. Мысалға, шаңырақтан төмен қарай төгіліп тұрған түрлі-түсті
баулар жұлдыздарға теңестірілсе, ұзын басқұрлар мен үзікбаулар бетіндегі
тынымсыз қимылға толы өрнектер жұлдызды аспанды – Құс жолын еске түсіреді,
қабырғалардағы кілемдер мен түскиіздер жұпар иісі аңқыған гүлді алқап үй ішіне
орнағандай әсер береді.
Орта ғасырда табиғи бояғыштар пайдаланылған, кейін анилинді бояулар
қолданыла бастаған.
Қолданбалы шығармашылықтың ең көп тараған түрі киіз басу болды.
Қазақтар киізді тұрмыс қажеттеріне пайдалану жөнінен ғажап тапқырлық пен
шеберлік танытқан. Тығыз етіп басылған ақ және қоңыр киізбен үй сүйегінің
сыртын жапқан, оны еденге төсеген, кілемдер, шаруашылыққа қажетті дорбалар,
қаптамалардан бастап жайнамаз, дастархан, ерлердің сырт киімдері мен бас
киімдеріне шейінгі неше түрлі бұйымдарды киізден әзірлеген. Материал ретінде
қойдың күзгі қырқымдағы жүні пайдаланылды. Техникалық мүмкіндіктер мен
аймақтарға байланысты киізден жасалатын бұйымдардың көркемдік ерекшеліктері
әртүрлі болды. Ою киізбен бірге басылатын көлемі үлкен «текеметтер» түсіне
жұмсақ бояулар тән. Нәзік гүл шоқтары композициялық шешімі жағынан да, көз
есебімен ғана орналастырылған оюлық шудалар қалыңдығының әртүрлілігімен де
толысып, баий түседі. Егер Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан
текеметтерінде
негізінен
қарама-қарсы
ақ-қара
түстер
басым
болса,
республиканың оңтүстік облыстарында ашық бояулы түстер көбірек кездеседі, ал
Батыс Қазақстан тұрғындарының бұйымдарында бәсеңдетілген полихромды қара
түс жиірек пайдаланылады. Олар көбіне түркмен киіздеріне ұқсас келеді.
Дайын киізден құрама жапсырмалар (мозайка) түрінде әзірленетін «сырмақ»
түріндегі кілемшелердің сипаттамасы басқаша. Солтүстік, Орталық және Шығыс
Қазақстанда қырғыздар үлгісіндегі сырмақтар кең тараған. Кейбір сырмақтарға ақ-
қара түстердің графикалық сызықтары мен ою-өрнектің кестелік нақыштары тән,
ал енді біреулері полихромды анық өрнектермен ерекше көзге түседі. Әсіресе,
267
аралас техникамен әзірленген кілемдер салтанатты көрінеді, олар құрама
жапсырмалар түсті кестелермен немесе барқыт, шұға, сәтен, т.б. түрлі еспе жіптер
қималарымен әдемі үйлестік тапқан. Текеметтегі сияқты мұнда да ою фриз түрінде
құрылады, орталық және жиектемелер айқындала түседі, кейде мүліктің орта тұсы
мен шеттерінің айырмашылықтарына көп көңіл бөлінбейді. Барлық тоқымашалақ
жұмыстарды әйелдер атқарды. Ал металды, ағашты, теріні өңдеу еркектердің
үлесіне тиді. Тұрмыстық заттарды қолданбалы өнер туындыларына айналдырған
негізгі көркемдік құралдар ретінде жағымды мәні бар түс пен көптеген оюларды
танимыз. Шығармашылық бейнелеудің жетекші түріне айналған ою өнерінде
өсімдіктер, жануарлар, космогониялық, геометриялық тұрмыстық әуендер көрініс
тапты.
Теріден: саба, мес, торсық, шарық, шоқай, тұлып, етік, көрік, оймақ, аба,
көне т.б. жасаған.
Киізден: текемет, сырмақ, туырлық, үзік, түндік, тұскиіз, киіз қалпақ, киіз
байпақ, кебене, ат кежім, тоқым т.б. жасалған. Ағаштан: шелек, төсек, күбі,
керсен, шөміш, асадал (ыдыс-аяқ қоятын шкаф), саптыаяқ, тостаған, тегене,
жағлан, кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, ер, келі, келсап, адал бақан, құрық,
кебеже, арба, күйме, шана, піспек т.б. жасалды.
Темірден: балға, балта, ауыздық, шот, сапы, айыр, төс, таға, кісен, кетпен,
күрек, қақпан, қайла, тесе, пышақ, бәкі, мылтық, орақ, атауыз, тістеуік, шымшық
тұмсық, іскенже, кепсер, шығыршық құрсау, т.б.
Алтын-күмістен: шолпы, шашбау, жүзік, білезік, алқа, сырға, қапсырма, өңір
жиек, шекелік, үкі аяқ, салпыншақ, тұмарша, бойтұмар, түйреуіш, үзбе-түйреуіш,
түйме, кемер, бөлдік, т.б.
Сүйек өңдеу қалалардағы дәстүрлі қолөнердің бірі болған. Үй жануарлары
мен жабайы аңдардың мүйіздері мен сүйектері өңдеу материалы ретінде
пайдаланылды. Кәрі жіліктен біз бен тескіштер жасалынды. Мүйізден: қамшы
сабы,шамдал, шақша, пышақ, қанжар сабы, сырнай, қарықтық, сабаутіс және т.б.
Асыл тастардан: ақық, лағыл, сапфир, зүбәржат, гәуһар, асыл опал-сыңғыр,
алмас, перуза, айтас, күнтас және т.б. Қайыс, таспадан: жүген, шылбыр, айыл,
құйысқан, ноқта, тартпа және т.б.
Мал шаруашылығы үшін қолданылатын қамшыларды екінің бірі жасай алмады,
оны арнайы сол жұмыспен айналысатын өрімші ғана жасады. Қамшының екі түрі
болған: 3-4 өрімнен өрілетін шыбыртқы қамшы және 4-тен көп өрімнен өрілетін дойыр
қамшы. Дойыр қамшы өрімдерінің саны кей кезде 24-ке дейін жеткен. Шыбыртқы
қамшы ат үстінде жүрген кезде қолданылса, дойыр қамшы аң аулаған кезде
қолданылды. Дойырдың басы қатты келген, онымен аңдарды ұрғанда қабырғасын
сындырып жіберген.
Сонымен қатар малшы қазақтар бишікті қолданды. Бишіктің сабы қысқа, ал жібі
ұзын келеді. Жібі қайыстан жасалады, ол мықты, әрі өрілген болуы керек. Кей
жерлерде сап-таяқтың орнына маралдың білек сүйегінен жасалған сап қолданылады.
268
Археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде сырғалардың, білезіктердің
сынықтары мен тұтас үлгілері де табылды. Ерекше өciмдік тәрізді eтіп өpнeктeлiп
соғылып, безендірілген білезіктердің ұштары кейде жылан басы сияқты
жасалынған. Күмістен жүзіктер, сырғалар соғылған. Жүзіктің бетіне жылан
өлтіріп жатқан адамның бейнесі ойып жасалынса, кейде тастармен безендірілген.
Зергерлер кәсібінде түрлі-түсті асыл тастарды: сердолик, яшма, көк тас, жұзақ,
агат, серпентин, мөлдіртасты кең пайдаланған. Асыл тастар моншақ пен
жүзіктердің көздерін дайындау үшін сондай-ақ жүзіктердің өздерін өңдейтін
материал ретінде қолданылған.
Зергер шеберлері әр түрлі техникалық тәсілдерді: қақтау, құю, соғу,
қалыптау, оймалау, қаптап ширату, алтын жалату, күміс ойып орнату әдістерін
білген және қолданған. Олар күміс және қола сымдар дайындау мен түрлі-түсті
тастарды қыру мен тегістеу, тесу әдісін жетік меңгерген.
Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар
жасады. Әсіресе, күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар — сәукеле
әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік,
сақина,жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш ертеден-ақ кең тараған
заттар. Сондай-ақ, ерлерге арналған — кемер белбеу, кісе, ер-тұрмандарының
күмістелген, алтынданған әшекейлердің неше түрлісі өте әдемі жасалды. Ал, жағлан,
кебеже, сандық, асадал, төсағаш, адалбақан, піспек, тегене, ожау сияқты үй жиһаздары
мен ыдыс-аяқ бетіне орнатылатын күмістелген әшекейлер мен түрлі түсті шыныдан не
болмаса асыл тастардан орнатылған көздері бар заттарды кез келген үйден кездестіруге
болатын еді. Қару-жарақ беттерін күмістеу сияқты істермен де айналысты. Жоғарыда
көрсетілген сәндік бұйымдар, негізінен, орыс немесе қытай күмісінен жасалды.
Шетелдермен сауданың дамуына байланысты қазақ даласына жайылған Ресейдің күміс
және алтын ақшасы, қытайдың қой тұяқ, тай тұяқ жамбылары іскерлердің қолына
түсісімен, олардан сан түрлі сәндік бұйымдар жасалды. Күмісті, әсіресе, алтынды, асыл
тастарды, көбінесе, сәндік бұйымдар жасатушылардың өздерітауып берді. Кейбір қала
маңында мекендейтін зергерлер өз күмісінен де сәндік бұйымдар жасап сататын
болған.
Халық шеберлері сәндік күміс бұйымдарды жасауда көптеген зергерлік
тәсілдерді қолдана білді. Соның ішінде, ең кең жайылған тәсілдер: отқа қыздырып соғу,
балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу, тыныкелеу, қаралау, темір бетіне күміс
шабу, сымкәптеу, сіркелеу, жұқа күміс әшекейлердің астынан бедерлі қадаубастармен
батыра ұрып бедерлеу, бізбен безеу, күмістеу, алтындау, дәнекерлеу, оймалау, асыл
тастардан көздер орнату және тағы басқалары.
Шыныдан ыдыс және әшекей заттар (моншақтар, салпыншақтар) жасалған.
Сонымен қатар шыныдан саптыаяқ, тостаған, бокал, құты сияқты тұрмыста
қажетті заттар дайындалған. Көбінесе шыны түсі ақ және жасыл болып келген.
Шыны моншақтар көгілдір немесе көк түсті жұмсақ массадан дайындалған.
269
Ортағасырларда қала қолөнершілері шеберханаларда қыш-құмыра жасау ісін
деерекше дамытқан болатын. Қыш-құмыра махалласының (шеберханасы) арнайы
өндірістік бөлігінде тандыр мен қыш-құмыра пештері, станоктар орналасты.XVІ-
XVІI ғғ. қыш-құмыра кәсіпшілігінің технологиясында біршама өзгерістер болды.
Онда құмыра ыдыстарды жасауда сілтілі құймалар пайдаланылды. Өрнектер
кобольттың, марганец, натрий, калий, мырыштың тотығын бояу ретінде
пайдаланылып салынды. Қыш-құмыралардың пішіні мен суреттері ерекше өзгеріп,
оны бояу мен безендірудің түрлі әдістері қолданылды.
Бұл кезеңде тас өңдеу ісі де біршама ілгері дамыды. Қазба жұмыстарының
нәтижесінде құмтас пен граниттен жасалынған қол диірмендері көптеп табылған.
Пішіні мен көлемі әртүрлі қайрақ тастар, үккіштер, ірі және ұсақ келсаптар
жасалынған.
Ортағасырларда тоқымашылық, әсіресе, кілем тоқу, теріден бұйымдар жасау
ісі де дамыған. Өкінішке орай, қазба жұмыстарының нәтижесінде олардың аз
мөлшердегі қиындылары ғана сақталынған.Кесте тоқу қазақ қыздарының аса
құштарлықпен орындайтын өнері болды. Кесте жібекке, матаға түсірілді. Жастық
тыстары, сүлгінің шеттері, аяққап, қоржын, әйел бас киімдері мен орамалдары,
көйлектер кестелеп тігілді.
Қорыта келгенде XV-XVІІI ғғ. қазақ халқының кәсіпшілігі мен қолөнеріжан-
жақты және жоғары дәрежеде дамып, халықтың сұранысын қанағаттандырып
отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |