260
Ол сонымен бірге оларға көрші халықтармен ең қажетті заттарды айырбастап
алатын қаражат көзі болды.
Қазақтар көшпелі және жартылай
көшпелі мал шаруашылығымен
айналысқан. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді болды.
Жыл маусымына байланысты көшіп-қону бағыттары да өзгеріп отырды.
Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-
қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы
орнықты. Қалыптасқан дәстүр бойынша әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде
көшіп-қонған. Жайылымдық қоныстардың арақашықтығы жүздеген шақырымға
созылды. Жаңа қонысқа көшуден бұрын ауылдың тәжірибелі адамдары жер
шолып, малға жайлы жайылым іздестіретін. Онда жерінің шөбі шүйгін, міндетті
түрде су көзінің
болуы
қарастырылды.
Аталас
туыстар
әдетте
белгілі бағытта бірлесіп көшетін. Жайылымды қоғам мүшелері қауымдасып
пайдаланған. Әр рудың өзіндік көшіп-қонатын жері болды және бұл жерге меншік
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды.
Мал жеке адамның және отбасының меншігінде болды. Ол
көшпелілердің
байлығының басты өлшемі және тұрмыстық жағдайының негізгі көрсеткіші
болды. Көшпелілер өміріндегі малдың маңызын Шоқан Уәлихановтан артық
айтқан адам жоқ: «Дала көшпелісін ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін
өз тыныштығынан малының аман болғаны қымбат. Қырғыздың амандасуы «мал-
жан аман ба» деп басталады. Бұл мал-жан жөнінде хабар береді, көшпелілер
тұрмысын сипаттайды».
Мал
басы
көшпелі
қазақтарды
ішіп-жем, тағаммен қамтамасыз
етті. Қой мен құлын, ешкінің иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім тігуге
пайдаланылды. Қойдың және түйенің жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп,
шекпен
тігілді, арқан-жіп есілді, баушулар жасалды, кілем тоқылды. Ешкінің түбіті әдемі
де жылы шәлілер тоқуға пайдаланылды. Малшылар серкенің, өгіз бен жылқының
терісінен құдықтан су тартатын ыдыс — қауғалар, қымыз ашытатын сабалар
мен сусын құятын торсықтар жасады. Қазақтар малдың тезегін отын ретінде
пайдаланды.
Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі
сақталып, үнемі жетілдірілумен болды. Жем-шөп дайындау болмады, қыста мал
тебіндеп жайылды. Қар қалың, аязды болған жылдары жұт болып, малдың жаппай
қырылуы жиі кездесетін. Бұл жылдары малшылар тақырлана кедейленіп,
көпшілігі отырықшылыққа ауысатын.
Қыс кезінде үйір-үйір жылқылар ашық далада қарды тұяғымен аршып,
тебіндеп жайылатын. Жылқы тебіндеп жайылған соң ол жерлерге мүйізді ірі
қара, түйе және ұсақ мал жіберілетін.
Көшпелі қазақтардың өсіретін малының негізгі түрлері қой-ешкі, жылқы мен
түйе, сиыр болды. Соның ішінде жылқыға үлкен мән берілген.
261
Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар қылшық жүнді
әрі құйрықты қой тұқымын өсірді. Қой қандай қиындыққа да төзімді түлік. Ол
ыстыққа да, суыққа да, аштыққа да шыдамды келеді. Ірі қойлар 2 пұтқа дейін ет, 1
пұтқа дейін құйрық майын, 4 қадаққа дейін жүн бере алады. Арал маңында болған
ағылшын көпесі А. Дженкинсон: «Қойлары ірі, құйрықтары үлкен, салмақтары 60-
80 фунт», - деп жазған. Ал А.Левшин қазақтардың қойларының ерекшелігін:
«Қойдың өзі 4-5 ж болса, 2 пұтқа дейін құйрық май беретін. Олар мығым, күшті
әрі биік, 10-12 жастағы балалар ойнап, үстіне мініп алатын», - деп сипаттаған.
Қазақ
жылқысы тұрқы аласа, кеуделі келеді. Ол жыл бойы өз аяғымен
тебіндеп жайылады. Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді, сондықтан да ол ішкі
Ресейден қоныс аударып келген орыстардың арасында өте жоғары бағаланды.
Жылқы малы қазақты етпен, қымызбен қамтамасыз етті, салт мінуге және ауыл
шаруашылығында күш көлігі ретінде де пайдаланылды.
Ибн Рузбиханның айтуынша, қазақтар өгізбен қатар түйе малымен де арбаға
орнатылған үйлерін сүйретіп алып жүрген. Сонымен бірге түйеден жүні алынған,
ал түйе сүтінен дайындалатын калориялы дәмді сусын (шұбат) қымызбен бірдей
бағаланған. Дешті Қыпшақтың барлық көшпелілері сияқты, қазақтар да қос
өркешті жүндес түйе өсірген.
Қазақтардың шаруашылығында ірі қара болмашы орын алған. Өйткені, ол
жыл
бойы бағуға, әсіресе, қыс кезінде қар астынан тебіндеп жайылуға нашар
бейімделген.Сиыр малы биік емес, ұсақтау болып келді. Сүтті де көп бермейді.
Сиыр елдің солтүстік аймақтарында көбірек өсірілді. Отырықшы және жартылай
отырықшы шаруашылықтарда ол жер жырту кезінде соқаға жегілетін күшкөлігі
ретінде пайдаланылды. Қазақ байлары өз сиырларын ежелгі дәстүр бойынша
кедейлерге сауын ретінде таратып беретін. Кедейлер сиырдың сүтін сауып ішетін.
Оның есесіне ол сиырларды жемшөппен қамтамасыз етіп, бағып-күтуді,
төлін аман өсіруді өз міндеттеріне алатын.
Қазақтар ешкіні негізінен тамаша түбітіне бола өсіретін. Қазақта әр отар
қойды бастайтын серке болады. Түйе түлігі негізінен айыр өркешті болып келеді.
Жалғыз өркешті нар түйелер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс
аймақтарында өсірілді. Қазақтар түйені көші-қон, егін шаруашылығында күш
көлігі ретінде де пайдаланды.
Көшпелілер өздерін қыс кезінде азық-түлікпен жабдықтау үшін жылына бір
рет желтоқсан айында соғым сойған.
Ғасырлар бойы мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ төрт түлік
малдың
сыр-сипаты мен жай күйіне қанық еді. Үнемі мал сойып отырғандықтан малдың
барлық денесінің анатомиялық құрылысы жөнінде мол білімге ие болды. Сонымен
қатар жас ерекшелігіне сай атап отырған.
Мүйізді қараның - сиыр, бұқа, өгіз, бұзау, тайынша, құнан-өгіз; Түйенің -
бота, тайлақ, құнан; Қой - қозы, тоқты, сек, бойдақ; Ешкі - теке, лақ деп жас
ерекшеліктеріне сәйкес бөлінген.
262
Көшпенділердің
шаруашылық-экономикалық
тарихын
зерттеген
С.Е. Толыбеков көптеген мәліметтердің негізінде «XV-XVIIІ ғғ.
қазақтардың
шаруашылығын жыл бойы көшіп-қонумен сипаттауға болады және Қазақстанда
революцияға дейін де бұл типтегі шаруашылық адай, табын, шекті, шөмекей, кете
және т.б. көптеген ру-тайпалық топтарда өзінің өміршеңдігін сақтап қалды»,-
деген болатын. Шын мәнінде әрбір ру-тайпада ежелден бері қалыптасып қалған
көшіп-қонуы сонау ХХ ғ. І-ширегіне дейін өзгеріске ұшырамаған еді.
Сондай-ақ, автор «көшпелі мал шаруашылығы өнебойы рулық-
патриархалдық қатынастармен байланыста болды. Себебі, туысқан ру-тайпалық
одақтармен байланысын үзбеу, онымен үнемі жақсы қатынастарда болу, жыл
бойы көшіп-қонатын көшпелі халыққа оның мүлкі мен өз жанының амандығын
сақтап қалуын қамтамассыз етіп отырды дейді. Және әрбір үш жүз
ешбір
белгіленген шекараларсыз-ақ, қалыптасып қалған үрдіс бойынша қазақтың кең
сахарасында белгілі бір аймақтарда көшіп-қонып жүрді.
Достарыңызбен бөлісу: