Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
1. Халық кәсіпшілігі мен қолөнердің дамуы.
2. Ортағасырлардағы қазақ халқының кәсіпшілігі және оның түрлері.
3. Ортағасырлардағы қазақ халқының қолөнерінің даму ерекшелігі.
4. Қолөнердің түрлері.
§4. Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы
Қазақ қоғамы өзіне тән әлеуметтік қатынастардың күрделі даму үдерісінен
өтті. Кеңестік дәуірдің тарихнамасында адамзат қоғамының дамуын қоғамдық-
экономикалық формацияға «бес мүшелі» схемалық тұжырымдамада пайымдады.
Оның негізгі нысанын, қоғам дамуының кезеңдерін тек өндіріс әдісі мен өндірістік
қатынастар бойынша ғана анықталатын формациялық шеңбер құрады. Бұл
кезеңнің зерттеулерінде қоғамдық-экономикалық фор-мацияда материалдық
примат қоғамның руханилығынан үстем қарастырылды. Қоғамның дамуындағы
қоғамдық сана, мәдениет, идеология тыс қалып отырды. Рухани өмірдің
динамикасы тарихи прогрестің негізгі факторы ретінде ескерілмеді. Қазақ
қоғамының дамуы капитализмге дейінгі біртұтас қоғамдық-экономикалық
формациядан өткендігі қабылданып, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік және
270
мәдени-рухани даму ерекшелігі ескерілмей қалды. Қазақ қоғамын зерттеуге
арналған еңбектерде, таптық қанау, тап арасындағы күрес формасы терең
қарастырылды. Сонымен қатар қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктеліс мәселесі
әлеуметтік топтың экономикалық мүддесі тұрғысынан анықтау орын алды. Бұл
жағдайда дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымның саяси және рухани
жағынан атқарған тарихи қызметін қарастыру мүмкін болмады.
Тарих ғылымындағы соңғы кезеңдердегі зерттеулердегі басымдылық
танытқан тұжырымдар адамзат тарихының дамуын «бес мүшелі» схема бойынша
анықтау жеткіліксіз болатындығын көрсетті. Мұнда өркениетті халықтардың
мәдениетін, шаруашылық тәжірибесін, саяси құрылыс нысандарын, идеологиясын
қабылдай отырып, көптеген халықтардың тұтас даму сатыларына соқпай өтетіні
анықталды. Осыған орай қазақ қоғамының даму үдерісінде көшпелі және
жартылай көшпелі қоғамдардың өркениеттілік ерекшеліктері және қазақ
қоғамының өркениеттілік ерекшеліктерін талдау қажеттілігі туындады. Қазақ
қоғамын зерттеудегі бағыттардың бірі – «көшпелі қоғам» жағдайындағы қоғамдық
құрылым, әдет-ғұрып жүйесін зерттеу. Қазақ қоғамын номадизмнің қоғамдық
қатынастары тарапынан зерттеу өзінің ағысын тапты. Осыған орай, «номадизм»
аясында қоғамның мәдени-тарихи дамуын зерттеудің бағыттары қалыптасты.
Көшпеліліктің қалыптасуының бастапқы факторлары және оның өзіндік қоғамдық
даму ерекшелігі жөнін-дегі ізденістер жүргізілді. Номадизмнің шығуы және оның
дамуы арқылы көшпелі қоғам өміріне табиғи-климаттық жағдайдың әсері және
әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалының зерттелуі тарихшылардың
тарапынан тыс қалған жоқ. Тарихнамада көшпелілікке өту үдерісі кездейсоқтық
емес деп қорытынды жасалынды. Сонымен қатар мал шаруашылығымен
айналысып жүрген тайпалардың дәстүрлі шаруашылық типіне өтуі және оның
сапалы деңгейге көтерілуінің себептерін ашатын пікірлер қалыптасты.
Номадизмге жартылай отырықшы малшылар мал басы санын өсіру, жайылымды
кеңейту мақсатында өткізді деген пікір білдірсе, тағы бір зерттеушілер бұл
үдерістегі шешуші қызмет атқарған климаттық өзгерістер болғандығына
тоқталады.
Номадизмнің
қалыптасуындағы
табиғи
ортаның
әсеріне
Л.Н. Гумилевтің еңбектерінде жан-жақты талдау жасалынды. Сонымен қатар
номадизмнің пайда болуына алғашқы қауымдық қатынастардан ыдыраған
көшпелілерге оңтүстігіндегі отырықшы мемлекеттердің саяси және экономикалық
қысымы болғандығы туралы пікірді А.М. Хазанов өзінің зерттеуінде ұсынған
болатын. Көшпелілердің өзінің мемлекеттілігіне жетуде отырықшы өркениеттің
алатын орны ерекше, бірақ көшпелі қоғамның өз ішіндегі саяси институттардың
қалыптасуына деген мұқтаждығына баса назар аудару қажет. Номадизм қоғамдық
қатынастардың өзгеше бір ағымын қалыптастырған болатын. Оның басты бір
тірегі - рулық қатынас. Кеңес тарихнамасында рулық қатынастың болуы қазақ
даласындағы мемлекеттік деңгейге өздігімен жете алмайтын қауымдық
қатынастағы тайпалардың өмір сүрді деген қорытындылар жасалынды. Көшпелі
271
тұрмыста мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың сана-сезімінде әскери
қоғамдық қатынастардың сақталуы – олардың көшпелілікпен айналысуының
бастауы болды деген сияқты тұжырымдар да болды. Г.Е. Марков мал
шаруашылығымен және бақташылықпен айналысатын халықтардың номадизмге
өтуіне ықпал еткен ауқымды факторлар жиынтығын климаттық, антропогендік,
әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени негіздер құрайтындығын көрсетті.
Көшпелі қазақ қоғамының құрылымында көшпелі тұрмыстың маңызды орын
алатындығы рас. Көшпелі тұрмыс қазақ қоғамының саяси құрылысына, әлеуметтік
құрылымына, дүниетанымына, мәдениетіне өз әсерін тигізді. Көшпелі қоғамның
дамуы, таптық деңгейі, әлеуметтік-экономикалық құрылымы және өз мемлекетін
құруға қабілеттілігі жөніндегі мәселелер Кеңестік дәуірдегі зерттеулерде жиі
талқыланып отырды. Көшпелі қазақ қоғамына қатысты зерттеулерде екі
бағыттағы тұжырым қалыптасты. Бірінші бағыт көшпелі қоғамның таптарға
бөлінгендігін, әлеуметтік жіктелу болғандығын және оның мемлекетті құрудағы
мүмкіндігін ашып көрсетті. Екінші бағыт көшпелі қоғам таптық қоғамға дейінгі
деңгейде болды деген пікір білдірді. Бірінші көзқарасты қолдаушылар қазақ
қоғамындағы малға немесе жерге қатысты меншік түрінің болуы әлеуметтік
дифференциацияны қалыптастырды деген ұйғарымдар жасады. Қазақ қоғамында
малға қатысты меншік түрінің болғандығын және көшпеліні қанап меншіктеу
негізінде жүзеге асқандығын С.Е. Толыбеков және В.Ф. Шахматов зерттеулерінде,
жерге қатысты меншік түрінің болғандығын Б.Я. Владимирцов, М.П. Вяткин,
Н.Г. Аполлова, К.А. Пищулина, Т.Сұлтанов қарастырған болатын. Мұнда қазақ
қоғамында жер – өндіріс шарты ғана емес, өндіріс құрал-жабдығы болып
табылады деп санады. Дағдылы құқық нормаларына байланысты жерді
(жайылымдарды) пайдаланудың қауымдық нысаны сақталған жағдайда, малдың
ірі меншік иелері көшіп-қонатын жерлеріне билік етті, іс жүзінде ең жақсы
жайылымдарды иеленді, қанау малды меншіктену ғана емес, жерге меншік
негізінде де жүзеге асырылды. К.А. Пищулина көшпелілер арасындағы әлеуметтік
жіктеліс, отырықшы халықтардың әлеуметтік дамуындағыдай заңдылық болды
деген қорытынды жасады. Осы бағыттағы көзқарасты қолдаушылар көшпелі
тайпалар мен халықтар адамзаттың тарихи дамуының жалпы арнасында жүріп
өтіп, өз даму эволюциясында таптық қатынастарға жетті деген тұжырым
қабылдады. Қазақ қоғамының формациялық деңгейі патриархаттық-феодалдық
қоғам болды деген баға орнығып қалыптасты.
Екінші бағыттағы зерттеулердің тұжырымдамасы бойынша көшпелілер
ертедегі таптық қоғам немесе дамымаған қатынастар деңгейінде анықталды.
Сонымен қатар көшпелілерде әлеуметтік құрылымдар жетілмеген, таптық
тартыстың формасы болмады, жеке шаруашылық түрінде ыдырай бастады деп
көрсетілді. Көшпелілер мемлекеттік деңгейге өз бетінше жете алмайды, бұл
оларда отырықшы шаруашылықты өңірлерді жаулап алу арқылы және осылардың
тәуелділігінің нәтижесінде қалыптасуының мүмкін екендігін ұсынды.
272
Номадизмді зерттеушілер арасында көшпелі қоғамды дәріптеушілер немесе
оның артта қалушылығын білдіретін пікірлер пайда болды. Көшпелі мәдениеттің
отырықшы мәдениетсіз өмір сүруі мүмкін емес деп, кейбір жағдайда екеуін бір-
біріне қарсы қою зерттеулерде орын алды.
Қазақ қоғамына көшпелі қоғам тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Себебі қазақ
қоғамы өзінің даму үдерісінде көшпелі және отырықшы мәдениеттің ортақ
ұштасуының нәтижесі болды. Өркениет зерттеушілерінің бір тобы Еуразия
даласындағы көшпенділердің тарихи даму үдерісін бөліп алып қарауға
болмайтындығын ескертеді. Өйткені ол көшпенділер, біріншіден, басқа көршілес
қауымдармен ара қатынаста болды, ал ол қауымдар болса отырықшы-егіншілер,
қала мәдениеті дамыған өлкелерде тұрды. Екіншіден, көшпенділердің өз ішінде
жартылай отырықшы малшылар тобы болды. Үшіншіден, көшпенділіктен
отырықшылыққа көшу, қалалық мәдениетпен ұштасу, түйісу тенденциясы тарихта
орын алды. Таза көшпенділік Еуразияның сайын даласында болған емес, қала мен
дала одағы, отырықшылық пен көшпенділік өзара ұштасып, бір-біріне кірігіп,
байланысып жатты. Сондықтан да Еуразия сахарасында таза көшпенділер
өркениеті емес дала мен қала мәдениеті ұштасқан Дала өркениеті дамыды. Дала
өркениетінің жоғары деңгейдегі өзіндік дамуы, әлеуметтік-саяси құрылымы,
рухани әлемі, экономикалық негіздері дәстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымын
өркениеттілік тұрғысынан пайымдау зерттеулерде орын алып отыр. Қазақ
қоғамының әлеуметтік құрылымын саяси белсенділігі, биліктегі құқықтары
арқылы анықтау қажеттілігінің дұрыстығы зерттеулерде көтерілді. Кеңестік
дәуірде орныққан қоғамдық қатынастарда жеке меншіктің болуы, қарама-қарсы
екі тап арасындағы қайшылықтарды қоғам дамуының анықтамасы ретінде
қарастыру бәсеңдеді. Қоғамның дамуын формациялық шеңберде қарастыруда
қоғамның саяси дамуы, мемлекеттік нысандары, мәдениеті, діні, идеологиясы
сияқты өркениет ұғымына кіретін жақтары ескерусіз қалып отыратындығына
көңіл бөлді. Дәстүрлі қазақ қоғамын құрайтын институттардың қызметін
«өркениеттілік» тұрғысынан теориялық зерттеу тарихшылар тарапынан
жүргізілуде.
Өркениет – мәдени тип, ол ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі, тұйық,
ағысы жоқ жерде эволюциялық даму емес, борсу бар, іру бар, шіру бар, бір
орнынан қозғалмай, тыпырлау бар. Қалай болғанда, өркениет дегеніміз –
эволюциялық белгілі бір дәрежеде этностар мен мемлекеттердің аралас-құралас
қана емес, тарихи және мәдени біртектілік болмысының автономды дамуы болса
керек. Қазақ қоғамын Дала өркениетінің тұрғысында пайымдау арқылы оның
әлемдік дамуға қосқан үлесін М.Қ. Қозыбаев жіктеп, зерттеді. Олай болса, қазақ
қоғамының ерекшелігін осы өркениеттің тұтастық негізінде талдауға болады.
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын өркениеттілік тұрғысын-да зерттеу
қағидасы бойынша ізденіс жүргізген А.И. Оразбаеваның дәстүрлі қазақ қоғамына
273
тән билер институтына арналған еңбегінде берілген төмендегі тұжырымның
маңыздылығы ерекше: «Сонымен, көшпелі қоғамның шаруашылық-экономикалық
және саяси ерекшелігі айналып келгенде, бір ғана өркениеттілік факторға –
көлбеу (горизонталды) қарым-қатынастарға негізделген әлеуметтік байланыстарға
тәуелді десе болады. Көлбеу әлеуметтік қарым-қатынастар экономикалық
мүдделікке негізделген таптық жіктелісті жоққа шығарады. Нақты таптық
жіктелістің болмауы өз кезегінде қоғамдық іс-әрекет атаулының барлығы
экономикалық немесе саяси ғана емес, сол сияқты әлеуметтік және мәдени қажет-
тіліктерге негізделуін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан келгенде, тарихилық
қағидасының өзі тарихи болмыстың тек материалдық қыры ғана емес, рухани
мәнін де айқындайтыны ақиқат. Ендеше, ұлттық тарихымызды талдау, саралау
барысында зерттеудің негізгі нысаны ретінде қандай да бір жалаң, абстрактілі
өндіріс тәсілін емес, қоғамдық дамудың әлеуметтік-мәдени қырынан келгендегі
ұдайы өндірісін қарастыру тиімдірек сияқты», - деп қорытынды жасады.
Әлем тарихын бір сызықты үрдіс тұрғысынан қарау мүмкін емес. Қазіргі
әлеуметтік ғылымдарда және тарихта адамзат қоғамының пайда болуын және
оның дамуын, ыдырауын түрлі бағытта түсіндіретін төрт ұғым қалыптасқан.
Біріншісі – бір-бағытты даму ұғымы немесе эволюциялық. Мұнда адамзат қоғамы
өзінің ұзақ даму жолында кіші қарапайым аңшылар тобынан қазіргі әлемдік
постиндустриалды қоғамға дейін жеткендігі туралы тұжырым жасалынады.
Екіншісі - өркениет ұғымы. Бұл ұғымды ұстанушылардың пікірі бойынша
бірыңғай әлемдік тарих жоқ. Өркениет тірі организм сияқты пайда болып, өмір
сүріп, жойылады. Мәдениеттің ұйысқан жандануы өркениет болып саналады. Осы
екі полюс аралығындағы орынды әлемдік-жүйелік тәсіл және көпбағытты
эволюция ұғымы алады. Әлемдік-жүйелік тәсіл қоғамның дамуын бірбағытты
ұғым сияқты үш қоғамдық модельге бөледі: кіші-жүйелер, империя-әлемі,
экономика-әлемі. Бірақ ол уақытқа сәйкес емес кеңістік бойынша қарастырылады.
Қазіргі көпбағытты ұғым саяси ұйым құрылуының және өзгеруінің бірнеше
жолын ұсынады. Мұнда бірнеше бағыттар оның ішінде күрделі қатынастың, яғни
көсемдіктен ұлттық мемлекетке дейін жетуін, келесісі ешқандай бюрократтық
әкімшіліксіз суперкүрделі қауым, үшіншісі экологиялық жағдайға сәйкес
тайпалық жүйенің сақталуына қатысты тұжырымдар жасалынады. Көшпелі
қоғамның әлеуметтік құрылы-мын біз әлемдік тарихи үдерістің шеңберінде
көпбағытты ұғым құрамында қарау арқылы мүмкіндік аламыз.
Бұл әлеуметтік жүйенің қалыптастыру факторы ретінде табиғи-
географиялық жағдай және әлеуметтік қатынастардың бағыт-тары, осыған орай
қалыптасқан бірігу мақсатымен тікелей байла-нысты. Әлеуметтік ұйымның
қалыптасуын кеңес тарихнамасында маркстік теорияға негізделген өндірістік
қатынастар, шаруашылықтағы ортақтық алғашқы әлеуметтік ұйымдардың
қалыптасуына ықпал жасады деп пайымдайды. Әлеуметтік жүйенің
қалыптасуында, ең алдымен адамдар арасындағы қатынастардың күрделенуіне
274
қандай жағдай ықпал жасады, материалдық өндірістің ықпалынан немесе
қоғамдағы адамдардың арақатынасының күрделі және сұра-нысты баспалдаққа
көтерілуіне ықпал жасағандығын қарастыру қажет.
Қазақ қоғамының дамуы оның әлеуметтік-экономикалық қатынастарынан
емес, қоғамның саяси құрылымы, билік тетіктерінің ұйымдастырылуы және
мәдени қажеттіліктердің құрылымы тұрғысынан ерекшеленді. Қазақ қоғамындағы
нақты таптық жіктелістің болмауы, өз кезегінде қоғамдық іс-әрекет атаулының
барлығы әлеуметтік-экономикалық немесе саяси ғана емес, әлеу-меттік және
мәдени қажеттіліктерден келіп туындауын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |