Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет41/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси 
жағдайы. 
2. ХVІІ ғ. қазақ-жоңғар қарым-қатынастарын талдаңыз.
3. Орбұлақ шайқасының тарихи маңызы. 
4. ХVІІ ғ. Қазақ хандығы мен көрші елдер арасындағы саяси қарым-
қатынастар. 
5. Ортағасырлық деректер негізінде Есім, Тұрсын, Жәңгір хандардың сыртқы 
саясатын талдап көрсетіңіз. 
§ 7. XYII екінші жартысындағы - XYIII ғ. басындағы Қазақ хандығы 
ХҮII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығыдағы билік Жәңгірдің ұлы 
Тәуекел-Мұхаммед — батыр ханға көшті. Тәуке хан құт қонған парасатты 
саясаткер, ұтқыр дипломат, әділ хан болды. Тәуке ханның өзіне дейінгі 
билеушілерден ерекшелігі хандықта билердің үстемдігін нығайту арқылы 
орталықтандыру саясатын жүргізді. Билер әдетті-құқық, әскери және 
идеологиялық міндеттерді атқаруда ерекше рөлі болды. Төңірегіне беделді 
билерді топтастырған Тәуке «билер кеңесінің» қолдауына сүйене отырып, хан 
билігінің конституциялық формасын енгізді. Соныдықтан зерттеулерде Тәуке заң 
шығармашылықтың жаңа кезеңін қалыптастырған хан ретінде айтылады. Билер 
кеңесі ерекше жағдайларда, аса маңызды мәселелерді шешуге ғана шақырылған. 
Билер кеңесінің қызметін ретке келтіруде Тәуке бірқатар шаралар қабылдады. Ол 
билер кеңесінің өтетін жері мен уақытын белгіледі. Ханның маңызды билік жүйесі 
болып табылатын билер кеңесі әрдайым Тәуке ханның белгілі бір ордасында: 
Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының маңындағы Мартөбе 
және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде 
өткізілген. Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, 
билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырды. Осыдан бастап
билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды 
мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге арналды. Тәуке ханның жеке биліктен, 
институцианалды билікке өтуі ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға 
бағытталған саясат болды. Ол қазақтың Үш жүзінің беделді билерінің 
қатысуымен, билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырды. Ұлы жүзде Төле бидің, 
Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. 
Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ 
халқының күшін біріктіруге, сондай-ақ хандықта ауыр сындарлы кезеңде дұрыс 
шешім қабылдауға арқау болды. Үш жүздің басын құрудағы саяси оқиғада билер 
кеңесі үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар Тәуке хан өзінің билігі мен саясатында 
«би-батырлар тірегін» кеңейтуге тырысты. Кеңеске барлық рулардың қатардағы 
билер мен әскербасылары және батырлары көптеп шақырыла бастады. Билердің 
мүддесін көздей отырып, Тәуке өз билігін нығайтты. Мұның барлығы қазақ 


243 
тайпалары мен көшпелілердің арасында жоғары билікті күшейтуге мүмкіндік 
берді. Сонымен, қазақ қоғамын ішкі саяси қайта құрулар хандық үкімет билігін 
орталықтандыруға тырысқан әрекет болды. Ортағасырлық қазақ тарихының 
білгірі, әлемге танымал Санкт-Петербург университетінің профессоры Тұрсын 
Сұлтанов «Тәуке ханнан кейін келте хандар заманы басталды»-деп орынды 
көрсеткен. Себебі Тәуке тұсында жүздерді би билігінде болса, ендігі жерде жеке 
билікке ұмтылған төрелер жүзді бөліп билей бастады.
Тәуекел-Мұхаммед — батыр хан өзінің даналығы, жеке басының қасиеті 
арқасында ел арасында "Әз-Тәуке" деген атаққа ие болған. Қазақ жеріне орыс 
елшілігін бастап келген А.Тевкелевтің 1748 жылғы жазған құжатта: "Тәуке хан өте 
ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады", — 
деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманының Қазақ хандығының ең бір 
өркендеген, "қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман", "алтын ғасыр" деп 
еске алынады. Ресей шенеулігі А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгей 
заңгері Ликургпен теңеген еді. Тәуке ханның даналығына бас игендердің бір Абай 
болды. Абай өзінің "Ғақлияларының" үшінші сөзінде былай дейді: «Бұл билік 
деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған 
бұрынғының "Қасым ханның қасқа жолын", Әз Тәуке ханның "Күлтөбенің 
басында күнде кеңес болғанда", "Жеті жарғысын" білмек керек. Әм ол ескі 
сөздердің қайсысы заман өзгергендіктен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын 
болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі 
болса керек еді, ондай кісі , яки тіпті жоқ».
Тәуке ханның Қазақ хандығындағы билік құрған алғашқы жылдары оның 
барлық іс-әрекеті ішкі саяси тартыстан әлсіреген хандықтың ішкі жағынан
нығайтуға арналғандығын "Жеті жарғының" қабылдауымен негіздеуге болады. 
Тәуке қазақ қоғамындағы қарама-қайшылықтарды шешуде, әлеуметтік және 
құқықтық нормаларды заң жүзінде баянды ете отырып, әрбір қауым мүшесі 
хандықтың қоғамдық құрылымына енуіне мүмкіндік жасады. "Жеті жарғының" 
қабылдауының басты себебі: әдеттегі құқықтық нормаларды реттеу қажеттілігінің 
туындауы, екінші орында саяси-әскери жағдай болғандығы оның баптарынан 
анықтауға болады. Тәуке хан 1653-54 жылдары хандықтағы билік жүйесіндегі 
өзгерістер "дала билеушілерін" қолдай отырып, 1670 жылдары "Жеті жарғының" 
қабылдануына алғашқы қадамдар жасай бастады. Жазба деректердің орнын 
толықтыратын, Қазақ хандығының тарихына құнды мағлұматгарды қосатын, қазақ 
халқының дәстүрлі ауызша тарихы: Тәуке заманын Қазақ хандығының ең бір 
өркендеген және тыныштық орнаған кезі екендігін "Қой үстінде боз торғай 
жұмыртқалаған заман", "алтын ғасыр" деп айтылады. Тәуке 1653-54 жылдардан 
бастап хан болды десек, ол Қазақ хандарының ішінде жарты жыл билік құрған хан 
болар еді. 1653-1680 жылдар аралығында қазақ жеріне сыртқы шабуылдардың 
толастаған тұсы ретінде қарастыру керектігін, хандықпен шектесіп жатқан 
мемлекеттердің тарихындағы жағдайлар көрсетеді. Тәуке сұлтан хандықтың ішкі 


244 
ісіне жас күнінен араласа бастады. Тәуке сұлтан 14-15 жасында (шамамен 1649-
1650 ж.ж.) Шығыс Түркістанға барғаны туралы Фазыл Чоростың еңбегінде 
берілген үзіндіні келтіре кетейік: "Сол кезде Жәңгір ханнан Жүніс қожа атты елші 
келді, ол Шейх-Хаван Тахур әулетінен тараған. Мына жақтан Софы Қожаны, 
Сеиид Мұхаммед Қожаның баласын жібереді. Ал Жәңгір хан Софы қожамен бірге 
өзінің баласы Тәуке сұлтанды жібереді». Жәңгірдің әкесі Есім хан өз заманында 
Шығыс Түркістанның біраз жеріне билік еткен Әбді Рахым ханның қызын алған. 
Сондықтан Жәңгір хан балаларын өзінің нағашы жұртына жиі жіберіп тұрған. 
Тәуке хан билікке келісімен Қазақ хандығында ішкі тартысты тоқтатып, бірлікті 
күшейтуге барын салғаны мәлім. Ал сыртқы саясатта Қазақ хандығы Сыр 
бойындағы қалаларды өз құрамында сақтап қалу үшін күреседі. Сондай-ақ 
оңтүстік-шығысынан жоңғарлар тарапынан шабуылдар жасалып тұрды. Тәуке 
ханның хандық билігінің кезеңі қазақ жеріндегі ең бір қиын да аласапыран кезді 
қамтыды. Тәуке кезеңінде Қазақ хандығындағы мемлекеттің бірлігі, оның 
жүргізген ішкі саясаты бойынша ірі екі билеуші әлеуметтік топтың да мүддесін 
қорғай отырып, тендікте ұстау арқылы жүзеге асты. Осы әлеуметтік иерархияның 
жоғарғы билеушісі хан болды. Хан қазақ қоғамындағы басқару мен заң шығару 
құқығынан бастап, отбасылық, әскери және әкімшілік тұтқаны қолына ұстаған 
жеке-дара билеушісі еді. Жүздері – кіші хандар, ұлыстары – сұлтандар, арыстарды 
– билер, руларды – ру ақсақалдары, ал аталарды жасы келген, көпті көрген өз 
ақсақалы басқарды. Бұл билеу тәртібі ертеден келе жатқан рәсім болды. Хандық 
мұрагерлік жолмен хан өлсе, баласы таққа отырды. Баласы болмаса, аға-інісі не 
олардың ұрпақтары билеп төстеді. Бірақ хан таққа отырған кезде ежелден келе 
жатқан дәстүр – «хан көтеру» деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті еді. Ондай 
сайлауға бүкіл халық қатынасып ханды ақ киізге отырғызып, үш рет жоғары 
көтеріп, үлкен ақсақалдар бата беріп, оған барлық ұлыс-тайпа тағзым етеді. 
Жоғарыда айтып өткендей көшпелі қазақ қоғамының ханы өз халқының 
қамқоршысы болуы қажет және оған барлық қауым мүшелері бас иіп таңдауға тиіс 
болды. Көшпелі хандықтағы ханның атқаратын қызметі мен міндеттерін былай 
көрсетуге болады: Ол бүкіл қазақ тайпаларының билеушісі ретінде хандықтағы
жерді иеленуге құқылы болғандықтан, мемлекеттік территориясын сыртқы 
жаудан қорғау үшін әскери қолбасшы болу міндеті тұрды. Екіншіден, соғыс 
немесе бейбітшілік жариялауды хан шешеді. Үшіншіден, ханға көрші 
мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуға, сыртқы саясаттағы байланыстарды 
шешу құқы берілуі. Төртіншіден, "Жеті Жарғыда" көрсетілгендей қылмыстыны 
жазалауда соңғы шешімі хан құқығында болды.Бесіншіден, хан қоғам мүшелеріне 
арналған заң шығару қызметі жүктелді және де осы заңның орындалуын қадағалау 
хан мүддесіне берілді. Алтыншыдан, хан салық түрлерін бекіту, салық жинауды 
басқарып отырды.
Хан ордасы тұрақты жері Қазақ хандығының тарихында үнемі өзгеріске 
ұшырап отырады. XVII ғасыр соңы - XVIII ғасыр басында Қазақ хандығының 


245 
тұрақты орталығы Түркістан қаласы болатын. Тәуке ханға келген орыс елшілері 
Ф.Скибин мен М.Трошин бұл жерде қазақтардың ең жақсылары жиылып кеңес 
құратын деп көрсетеді. Құқықтық мәнге ие хан жарлықтары көшпелі қазақ 
қоғамындағы ерекше құбылыстардың бірі. Хан жарлықтары алым-салық төлеу, 
астана таңдау, әскер ісі, көшіп-қону мәселелерін реттеу салаларында біршама 
орын алды. Қазақ хандығы Тәуке хан тұсында ішкі саяси тарихы тұрақтылық үшін 
дала билеушілеріне сүйенген саяси институттарының қалыптасып және нығаюуы 
бағытындағы оқиғалардан тұрады. Тәуке ханның өмірден өтуі биліктегі жіктелу, 
жүздерді билер емес келте хандардың билеуі хандықтағы орталықтанған биліктің 
ыдрауына әкелді. 
Қазақ қоғамындағы реттеушілік қызметті жүзеге асырған «Жеті жарғы» 
құқықтық ескерткіштің қабылдануы XYII ғасырдың екінші жартысына тиесілі. 
Орыс жазбаларында «Тәуке заңдары» деген атпен белгілі. Басты жеті мәселені 
қамтыды. Қазақ қоғамындағы «Жеті жарғының» реттеушілік қызметі ХХ ғасырда 
да сақталды. Оның негізгі қағидалары салт-дәстүрде, әдетте орын алып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет