Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет42/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

 
Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Қазақ хандығының саяси ахуалына қатысты деректердегі мәліметтерді 
талдаңыз. 
2. Қазақ хандарының әдеттегі құқықты заңдастыру әректеттері. 
3. Қазақ мемлекттілігінің құқытық негізі «Жеті Жарғының» қабылдануы. 
4. «Жеті Жарғының» нұсқалары және оның мазмұнын талдау. 
5. Қазақтың әдеттегі құқық негіздеріне шариғаттың әсері. 
§ 8. Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси байланыстардың дамуы
 Тәуке хан билік құрған тұста қазақ-орыс байланыстары мен қарым-
қатынастарын қайта жаңғырту үшін барлық мүмкіндікті қарастырып бақты. 
Өйткені, осы кезде қазақтар тарапынан Ресейдің бекіністеріне шабуыл жасау 
секілді арандатушылық әрекеттер болып тұратын. Бұл мәселені өзара 
түсіністікпен шешу мақсатында 1687 жылы Тобыл қаласына Тәшім батыр 
бастаған елші жібереді. Бұл елшіліктің негізгі мақсаты бұрынғы сауда 
байланысын қалпына келтіру еді. Өйткені, Тәуке қазақ жері арқылы өтетін Ресей, 
Бұқар, Хиуа Үндістанға өтетін керуендерінің Қазақ хандығының экономикалық 
дамуына әсері зор екендігін көрегендікпен болжай білді. 
1686-93 жылдар аралығында Тәуке орыс жеріне бес рет елші жіберді, бірақ 
олардың ішінде кейбіреуі нәтижесіз оралады. Мұның басты себебі, қазақ-орыс 
шекарасындағы тонаушылық қақтығыстардың әсерінен болған. Әсіресе, Ресей 
керуенінің тоналуына қарсы 1690 жылы Павел Шарйгинге келген: Сары мен
Келдей мырзалар елшілердің тұтқынға алынуына басты себеп болады. Осы 
оқиғадан кейін 1691 жылы: Қабай бастаған елшілер барып, Келдей мен Сары 


246 
мырзаларды босатуды талап етеді. Бірақ шекарадағы тынышсыздық әлі 
басылмаған болатын. Тәукеге қарсы топтар Ресейдің ішнара аудандарында 
шабуылды күшейтіп, екі ел арасындағы қақтығысты одан әрі шиеленістіріп 
жіберді. Осының салдарынан Қабай би бастаған елшілерге Тобыл әкімшілігі жылы 
қабақ танытпады. Тәуке Ресейге Тұманшы мен Қабай бастаған елшілерді
тағы аттандырады. Тұманшы батыр мен Қабай би бастаған елшілер тұтқындағы 
қазақ мырзаларын босата алмайды. Екі ел арасындағы осындай саяси сенімсіздік 
пен жауласу позициясы бірнеше жылға созылады. Бірақ, бұл уақытша 
сәтсіздікке мойымаған Тәуке хан Ресеймен байланысты үзбеу мақсатын көздеп, 
1694 жылы Тайқоңыр Құлтабай бастаған елшілерді Ресейге тағы аттандырады. 
Тайқоңыр батырдың Сібірге келуінің басты мақсаты - көрші екі мемлекет 
арасындағы өзара қарым-қатынасты сақтау мен Келдей мен Сары мырзаны 
босатуды талап еткен Тәуке ханның хатын тапсыру болды. Онда ол "Адам атадан 
осы уақытқа дейін — ұрылар үшін елшілерді тұтқынға алу дегенді құлақ естіп,
көз көрмеген" - деп жазады. Ертеден қазақ жерінде елшілерге арналған өзіндік 
дәстүр қалыптасқан. Ол бойынша елшіге тіл тигізуге, оны балағаттауға болмайды. 
Елшілер қазақ жерінде қарусыз еркін жүретін болған. Сары, Келдей мырзалармен 
болған оқиға Тәуке ханның орыс жеріне атақты адамдарды жіберуден қауіптеніп, 
Тайқоңыр батырды жіберіп отырғандығын Мәскеу мемлекетінің елшілері 
хабарлайды. Осы жылы (1694) Тобыл әкімшілігі Келдейге сый-сияпат көрсетіп 
босатады. Сөйтіп, мырзалар бастаған елшілік 1694 жылы 7-8 жылдан кейін ғана 
еліне қайту мүмкіндігіне ие болады. Бұл аралықта тұтқынға алынған жылда Сары 
мырза ауырып қайтыс болып кеткен еді. Ал Келдей бастаған елшілерге орыс 
елшілері Матвей Трошин мен Федор Скибин қосылып, Түркістанға жөнелтіледі. 
Олар Тобылдан шығып, Ертіс арқылы Есілді одан соң Ұлытауды бойлай жүріп, 
Сарысу мен Шу өзендері арқылы Түркістанға келеді. Келдей орыс елшілерін 
жолда қалмақ тұтқынынан құтқарып қалды. Түркістанға келген бұл елшілердің 
сапары сәтті аяқталмады. 1692 жылы қазақ жеріне аттанған А.Неприпасов пен 
В.Кобяков бастаған елшілер кепілдікте ұсталынған болатын. Тәуке орыс 
елшілерін еркінен тыс қамауға алып отырғанын, болашақта ешбір елшілерге 
жамандық жасалмайтынына уәде береді. Бірақ, Грошин мен Ф.Скибин бастаған 
елшілердің әр түрлі кезеңде тұтқынға түскен орыс адамдарын босату жөніндегі 
келіссөзі де сәтсіздікке ұшырады, нәтижесінде олар да тұтқынға алынды. Кейін 
олар Бұқар тұрғыны Сұлтантаевтың көмегімен қашып Хиуада ноғаймыз деп 
алдаусыратып үш айдай тұрады. Мұның өзі олардың тілді жетік біліп, тұрмыс-
салтты жақсы меңгергендігін байқатады. Бұл елшілер 1697 жылы Тобылға қайтып 
оралады. Қазақ-орыс қатынастарының шиеленісі XVII ғасырдың соңы XVIII
ғасырдың басында Ресейді Жоңғар мемлекетімен жақындастыруға себепші 
болады. Өз кезегінде Тәуке хан қазақ-орыс байланыстарының нашарлауының 
басты себептерінің бірі Тобыл әкімшілігінің шекара тәртібіне ие бола алмай 
отыруынан деп білген. Хан ордасында орыс елшілері Ф.Скибин, М.Трошин 


247 
қабылданған кезде Тәуке хан елшілерге: "Түркі сұлтаны немесе Қызылбас 
шаһарының ханы менен Тәуке ханнан несі артық? олар да мен сияқты ғой" – депті. 
Тәуке Ресей тарапынан тең дәрежелі саяси қатынасты талап етті. Оның басты 
мақсаты сауда қатынасы және әскери одақты құру болды. Бұл кезде қазақ 
билеушілерінің арасында Ресейдің ішкерілеп енуінен қауіптенген. Сондықтан 
болар Тәуке сарайында қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып отырды. Сібірді, 
Кавказды иеленген Ресей империясы қазақ даласын өз құрамына қосуда жаңа 
одақтас іздеді және оны жоңғар билеушілерінен тапты. Тәуке хан Ресей 
мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас орнатқысы келген болатын. Бірақ Ресей мен 
Қазақ хандығының арасындағы шекаралық шиеленістерге қарақалпақтар 
тарапынан жасалынып тұрған жорықтардың да әсері болғанын айта кеткен жөн. 
Оған мынадай мысал келтіруге болады: "Тәуке хан сөзімізді тыңдап болған соң
бізге былай деді: бұған дейін Тобыл уезі маңындағы қыстақтар мен деревняларда 
қарақалпақтармен 
соғыстар 
болып 
өткен...". 
Қарақалпақтардың 
орыс 
шекараларына жасаған шабуылдарын 1693 жылы Түркістанға келген орыс елшісі 
В.Кобяков та атап өтеді. Бұл жағдай Тәуке хан мен Ресей елі арасындағы қарым-
қатынастардың нашарлауының тағы бір себебі болды. Рас, екі мемлекеттің де 
көздеген өзіндік мақсаты болды. Мысалы, Ресей мемлекеті өз тарапынан қазақ 
жеріне жоңғарларды қолдай отырып, империялық саяси бағытты ұстанса, ал Тәуке 
хан сауда жолын дамыту арқылы керек кезде әскери көмек алу жолын көздеді.
XVII ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың басындағы бүкіл Орталық Азия 
мемлекеттерінде саяси тұрақсыздықтың өршіген кезеңі болды. Бұл әр түрлі 
топтардың мемлекет ішінде жеке билікке ұмтылған уақыты еді. Нәтижесінде 
Орталық Азияда оншақты жекеленген тәуелсіз ұлыстар пайда болды. Соның 
ішіндегі ірілері – Бұхар және Хиуа хандықтары. Тәуке хан Бұхар, Хиуа 
хандықтарымен бейбіт қарым-қатынасты сақтауды көздеді. 1678 жылы Бұхар 
ханы Субханқұлы Қазақ хандығына Хошин би басқарған елші жібереді. 
Субханқұлы ханның дәл осы жылы елші жіберуінің саяси мәмілегерлікте зор мәні 
бар еді. Бұхар ханы қазақтардың қалмақ тарапынан басталған соғысқа кірісіп 
жатқан кезінде қысым көрсетіп, өз шарттарына көндіре аламын деген есепті ішіне 
бүкті. Оның жіберген елшісі Сыр бойындағы Ташкент, Сығанақ, Сауран сияқты 
бірнеше қалаларды және соғыс тұтқындарын қайтаруды, Бұқар көпестерінің
Қазақ хандығына ішкерілей кіріп, сауда жасау құқықтарын беруді талап етеді. 
Сонымен бірге, Қазақ хандығынан Бұқар, Самарқан базарларынан әкелінетін мал 
санын келіспек болады. Сөйтіп, екі жақ тұтқын алмасу мен сауда айырбас жасау 
жұмыстарын жандандыру жөнінде келісімге келеді.
Тәуке хан өз тарапынан шамамен 1687-1688 жылдары Бұхар ханы 
Субханқұлы мен Ташкент жөнінде келіссөз жүргізген. Сөйтіп, XVII ғасырдың 
соңы – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ пен Бұхар хандығының арасындағы 
бейбіт қарым-қатынас сауданың едәуір дамуына өз ықпалын тигізді. 
Тәуке қарақалпақтармен, қырғыздармен саяси одақ құру арқылы 


248 
ойраттардың шабуылына тосқауыл қойды. Сонымен бірге, Тәуке қырғыздармен 
әскери одақ құрған деректерге сүйенсек, ол қырғыздардың біраз бөлігін өзіне 
толығымен бағындырған. Бұл туралы көптеген халықтардың ауыз әдебиетінде 
мәліметтер кездеседі. Тәукенің мұндағы билігі Қоқым би Қорашорин басқаруы 
арқылы жүзеге асты.
Қазақ билеушілері Тәуке хан тұсында елдің шекарасын сақтап қалуды 
көздеді. Қалдан-Бошақту қонтайшының кезінде (1670-1697 жж.) ойрат-қазақ 
қарым-қатынастарының өршуі нағыз шегіне жетті. Қалдан-Бошақту қонтайшы 
Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып алуға әрекет жасады, бірақ 1684 
жылы Сайрам қаласын алғанымен, Қытай мемлекеті тарапынан басталған соғыс 
(169І-І697 жж.) оларды кейін шегіндірді. 1697 жылы Қалдан-Бошақтудың өлімінен 
кейін Жоңғар мемлекетінің тұтқасын оның өте айлакер інісі саясатшы Цебан-
Рабдані (1697-1727 жж.) алды. Ол Қытай елімен өте жақсы қарым-қатынаста бола 
отырып, батысындағы қазақ жеріне бар назарын аударды. Цебан-Рабдан кезінде 
Жоңғар мемлекеті өркендеп, дами түсті. XVII ғасырдьщ соңы – XVIII ғасырдың 
басында Жоңғария жерінде темір және түсті металдарды балқы-татын 
зауыттардың болғанын Ресейдің артиллерия капитаны И.Унковский атап 
көрсеткен. Сонымен қатар, Жоңғар елінде болған орыс елшісінің келтірген 
мағлұматында, қалмақ әскерлері отты қарумен қамтамасыз етілді деп жазады.
Цебан-Рабдан әрқашан да өзінің жүргізген саясатында Қытай елімен санасып 
отыруға тәуелді болды. Ол 1698 жылы Цин императоры Кансиге қазақ жеріне 
басып кіруінің себептерін былай көрсеткен: "Цебан-Абудан (Рабдан) жазады: 
(сіздің сенімді) қызметшіңіз қазақтармен соғысты әлі аяқтай алмай жатыр. 
Осыған дейін қолдап қазақтардағы Тәукенің баласын тұтқынға алып, оны Далай 
ламаға жіберген болатын. Тәуке өз адамдарын жіберіп өтінгендіктен, мен сіздің 
қызметкеріңіз барлық реніштерді жою үшін, елшілерді Далай-ламаға ертіп келіп, 
Тәукенің баласын жіберуді сұрандым, күзетке 500 адам қосып жібердім. Тәуке 
керісінше менің 500 адамымды өлтіріп, сіздің қол астыңыздағы Уәрхуде батыр 
тайшыны да өлтіріп, менің 100-шақты уранхайлықтарымды иеліктерімен бірге 
жаулап алды". Қазақ жеріне ез әскерінің тарапынан басып кіру әрекеттерінің тағы 
бір себебіне байланысты былай деп жазады: "Менің қайны атам Аюке (Сіздің)
қызметшіңізге өзінің қызын жіберген болатын, менің қалыңдығымның 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның үлкен ағасы Саньци Чтабуға 
шығарып салу тапсырылған еді. Қазақтар оларға да жолда қарулы шабуыл 
жасады". 
Әрине, мұнда Цеван-Рабдан қазақтарды айыптау арқылы өзінің іс-
әрекеттерін Цин мемлекетінің алдында ақтап алуы үшін жазды. Осыған орай,
Тәуке де өз тарапынан жоңғар шапқыншылығына қарсы бірнеше себептерді 
көлденең тартқан. Сондықтан да жоңғарлардың еш ақталуының мәні жоқ сияқты. 
Жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы қазақ жасақтары 1698 жылы және 1702 
жылы жорық жасады. Тәуке хан тұсында жоңғарлар 1711, 1712, 1714, жылдары 


249 
қазақ жеріне бірнеше дуркін басып кірді. 
Жоңғарлардың үздіксіз шабуылы да өз 
әсерін тигізбей қойған жоқ. 
Тәуке хан ойрат жасақтарының 
үздіксіз шабуылын тыю мақсатында Жоңғар 
ордасымен бейбіт қарым-қатынас орнату 
үшін ұдайы елшілер жіберіп тұрды. Соның 
бірі - 1703 жылы 25 сәуірде Цебан-
Рабданның Текестегі ордасына қазақ 
елшілігі бейбіт қарым-қатынас орнатуға
келгендігін сол кезде жоңғар еліндегі орыс 
мемлекетінің 
елшісі 
П.Гордеевке 
тілмашына хабарлайды. Елшілік қандай 
нәтижеге жеткендігін білдіретін мәліметтер,
ешқандай құжаттарда кездеспейді. 
1709 жылдары басталған
ойраттардың жаңа шабуылы, Тәуке 
ханның қазақ билеушілерінің басын қосып 
1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің 
өкілдерінен 
құрылтайын 
өткізуге 
итермеледі. Ал құрылтайда үдей түскен 
жоңғар шапқыншылығына қарсы өтеп береміз бе, әлде келісім жасаймыз ба деген 
мәселелер әңгіме болды. Құрылтайға қатысушылардың бір тобы тағдыр 
талқысына көніп барып жан сауғалағысы келді. Ал енді біреулері қоян секілді 
жан-жаққа бытырап кетпекші болды. Талайы толқып жүрді, бірақ сол кезде 
ерлігімен әйгілі болған ру басы Бөгенбай мұндай әрекеттердің бәрін тыйды.
Қарақұм кеңесі елшілік жолын ұсынды. Батыста Ресей, Шығыста Қытай, 
оңтүстікте Бұқар хандығы барлығына да елші жіберіп бейбіт бәтуаға келу керек. 
Біз осы кезден бері қарай қазақ елшіліктері туралы мәліметтерді әр елдің 
мұрағаттарынан кездестіретініміз де осыдан. 
Екінші мәселе қазақтың өз ішіндегі ымырасын, тәртібін бекіту, ол үшін 
алдымен ұсақ руларды үлкен рулардың жем қылуына жол бермеу. Қазақ 
халқының жаңа генеологиялық құрылымы осы кеңесте шешілді деп айтуға 
болады. Туыстық жүйе одан әрі беки түсті. 
Үшінші мәселесе қазақтың орда тіккен қаласы Түркістан, өзінің саяси, 
рухани қызметін одан ары жалғастыратын қасиетті орын. Қазақ шежіресі бұдан 
ары қазақтың өз жолымен қатар шариғат ережелерін қатар қолданатын келісімге 
келді. 
Қарақұм кеңесінің төртінші нәтижесі “Жеті Жарғы” қызметін мақұлдады. 
Хан кеңесіне одақтас елдер, көрші қырғыз, қарақалпақ, ішкі сарт, қожа, 


250 
қатағаннан өкіл қосу, олардың да пікірін жоғары кеңесте ескеру құпталды. “Жеті 
жарғы” кеңесіне сыртқы және ішкі елдермен тығыз қарым-қатынасқа түсуді, тек 
қана билікпен шектелмей мәмілегерлікке көңіл бөліну талап етілді. 
Бесінші нәтиже мемлекеттің дұрыс өмір сүруіне қажетті әсіресе елші салуға, 
елші қабылдауға жетерлік алым-салық жинау, бұл патша сарайының мұқтажын 
көтеруге де, мәмілегерлік шығынды жабуға да жетерлік болуы керек. Ол үшін тек 
отырықшы ел ғана емес, мал баққан көшпелі ел де 1/20 табысын мемлекет 
қазынасына өткізуіп отыруы керек. 
Алтыншы мәселе жаугершілік заманға сай жабдығы дайын, қайратты әскер 
ұстау. Қазақ қиындыққа төзімді, жаугершілікке бейім, ер мінезді, мәрт 
болғанымен нар тәуекелге келгенде басын қосып, бір ұран, бір тудың астына 
жинала қоймайтын халық.Осы себептерге бола Әз Тәуке ұсынысымен кеңес 
Әбілқайыр сұлтанды “әскер басы”, Бөгенбай батырды “бас сардар” деген 
лауазыммен тұрақты түрде әскер ісіне жауапты қылды. 
“Қарақұм кеңесінде” талқыға түскен мәселелердің ауқымы өте кең 
болғандығы жоғарыдағы шешімдер өзі де көрсетеді. Сонымен бірге кеңестің елдің 
билігіне, заңына “Жеті Жарғыны” жауапты қылуы да ақылға сиымды. Ел 
жақсылары түгел қатысқан кеңесті күнде жинай беру оңай емес.Қарақұмда өткен 
құрылтай жоңғарларға қарсы жұмыла қарсы тұру жөніндегі шешім Тәуке хан 
жасақтарының жеңістерінің табысты болуына әсер етті. Халық жасағы айырылып 
қалған қоныстарды қайтарып алып қана қоймай, жоңғар билеушілерінің жерлеріне 
басып кіріп, көптеген жоңғар әскерлерін тұтқындап, алып келді... 
Тәуке хан тұтқиыл шабуылдан жерін қорғау үшін Түркістан қаласының 
маңына 80 мың атты жасақ ұстап тұрды. Жау келер жерлерге, асуларға, жол 
тораптарына күшті күзет қойылды. Жоңғарлардың әскери үстемділігін байқаған 
Теуке батыстағы шекаралық шептерін нығайтуда орыс елімен байланысын 
күшейте түсті. 


251 
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі* 
1702 жылы қазақ жасақтары жоңғарларға және Волга қалмақтарна қатар 
соққы берген. Князь Черкасскийдің 1702 жылы жазда қонтайшыға Сібір 
тұрақтарына шабуыл жасауды тоқтатсын деген талабымен жіберген Тобылдың
әскербасы Матьвей Городничийдің күнделгінде былай деп жазылады: «Қазақ 
ордасы Ертіс өзені арқылы екі мыңнан, тіпті одан да көп жорық жасады, енді олар 
Ямышев өзеніне, Көкен батыр ұлысына бет алуға дайындалды". Жоңғар 
шапқыншылығы ішкі жағдайдың нығаюына бар күш-жігерін жұмсап жатқан Тәуке 
ханға қатты соққы болды. Академик В.В. Бартольд атап өткендей бұл жағдай 
саяси экономикалық құлдырауға әкелді және мал басының кеми түсуі 
экономикалық дағдарыстың бастамасы болды. 
Сонымен ХҮІІ ғасырдың соңы – ХҮІІІ ғасырдың басындағы Қазақстанның 
экономикалық жағдайы туралы сөз еткенде, оның жоңғар шапқыншылығының 
зардаптары мен байланыстарын көрсетпейінше тереңінен ашылмайды. Жоңғар 
шапқыншылығы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ қауымының
жайылымының жетіспеушілігіне әкелді, қала мәдени орталықтары
дағдарысқа ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет