Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет51/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

 
Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1. 
Сауда орталықтары және ортағасырлардағы олардың маңызы. 
2. 
Ақша айналымы мен ақша жасау ісінің өркендеуі. 
3. 
Ортағасырлық деректердің негізінде қазақтардың сауда қатынастарын 
талдаңыз. 
4. 
Көшпелі қазақтар мен отырықшы халық арасындағы сауда-айырбас 
түрі. 
5. 
Ортағасырлардағы ақша жасау мен ақша айналымы туралы зерттеулер 
мен жазба, археологиялық деректердің негізінде талдаңыз. 
6. 
Қазақтардың XV-XVIIІ ғғ. көрші Ресей, Орта Азия, Қытай елдерімен 
сауда-экономикалық байланыстарын талдаңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
ІҮ Тарау. XV-XVIII Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ 
 
§ 1. Қазақ халқының материалдық мәдениеті 
Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы 
үлкен бір жетістігі — киіз үй болды. Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам 
тарихы бар екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. Көптеген ғалымдардың 
пайымдауынша, киіз үйді Еуразияның түрік көшпелілері ойлап тапқан, ол даму 
мен жетілудің ұзақ та күрделі жолынан өтіп, негізгі конструкциялық шешімдерін І 
мыңжылдықтың орта шенінде тапқан. Киіз үй туралы көптеген ортағасырлардағы 
саяхатшылар өз еңбектерінде ерекше атап өткен.


293 
Киіз үй көшпелі шаруашылыққа ыңғайлы етіп құрастырылған, алып жүруге 
жеңіл, тез құрастырылып, тез жиналатын ең жетілдірілген тұрғын үй түрі. 
Тарихшы Ә.Хасенов: «Жықпалы, тікпелі байырғы киіз үй қазақтардың ең қолайлы 
баспанасына айналды. Киіз үй – жабын және оның сүйегінен (ағашынан) 
құралады», - деп ерекше атап өтті.
Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй 
болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-
қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен 
пайдаланылып, киіз басу белгілі біреңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, 
Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы 
тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, 
нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке 
айналдырған. 
Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын 
болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыста да 
қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, 
егіншілікпен айналыса бастаған кезде (XVIIIғ. екінші жартысынан) пайда болған.
Тұтыну қажетіне орай киіз үй үш түрге бөлінеді. Бірінші – тұрғын үй, екінші 
– қонақ үй немесе салтанатты той үйі, үшінші – жорық немесе көш-қонның үйі. 
Осы қажеттіліктер киіз үйдің алуан талапқа лайық түрлерін дүниеге әкелумен 
бірге, қолөнерінің шегіне жеткен мүмкіндіктерін бойына жинақтауға себепші 
болған. Мәселен, тұрғын үйдің үш қанаттан бастап, он екі, он сегіз, отыз қанатқа 
дейін жететін үлгілері болған. Бұларды қанат (кереге) санына қарай үш қанат үй, 
бес қанат үй деп атаған. Кейде қанат санын аңғартатын қара үй (үш қанат), қоңыр 


294 
үй (төрт қанат), боз үй (бес қанат), ақ үй (алты қанат) деп атаса, ақ ала орда, ақ 
орда немесе ақ шаңқан, алтын орда, алтын үзік деп 8-12-30 қанат үйлерді айтады.
Төмендегі киіз үйдің түрлері туралы деректерді белгілі ғалым, этнограф
Ө. Жәнібековтың «Үйлесімі жарасқан» деп аталатын мақаласынан алынды. 
Қазақтың, халық болып қалыптасуына байланысты ресми пікірге жүгінсек, 
X-XII ғасырлардан бастап Оңтүстік Сібір мен Сарыарқаны, оларға іргелес 
жатқан ұлан-ғайыр кеңістікті мекендеген «қыпшақтардың моңғол үстемдігінен 
кейінгі дәуірде қазақ халқынын негізін құрағаны» (В. Бартольд) белгілі. Әйтсе де, 
әзірге жазба деректерде X ғасырдан бастап кездесетін «қазақ» этнонимінің ел 
арасында «қыпшақ» деген атаумен қатар пайдаланылып келгенін, жат жұрттық 
авторлардың дала тайпаларын, олардың тұрпатына, бет пішініне, тілінің 
бірегейлігіне, күнкөрісінің, тұрмыс-салтының, мінез-құлқының ұқсастығына 
қарап, бөле-жара атамай «қыпшақтар» деп есептегенін ескерсек, бұл екі 
атаудың екеуі де тектестік тамырын тереңге жайған бір халықтың есімі болып 
шығатыны даусыз. Мұны көрмеу – қазақтың «түйе өз өркешін 
көрмейді» дейтінінің кебі. 
Құрастырылып-ажыратылатын тұрғын жайдың сол түркі-қыпшақ үлгісіне 
жататын «қазақтың киіз үйі құрылымдық жағынан осы уақытқа дейін көшпелі 
халықтардың бірде-біреуі асып түсе алмаған, жылжымалы баспананын ең 
жетілдірілген түрі болып табылады».
Моңғолдың үйімен салыстырғанда керегесі биіктеу, уығының төменгі жағы 
иіңкі болатындығынан күмбезі көтеріңкі, келбеті сымбатты болып келеді. 
Академик Ә.Марғұланның айтуына қарағанда, қазақтың киіз үйі ағаштан 
қиыстырылатын немесе балшықтан соғылатын баспаналармен салыстырғанда 
өзінің о бастағы нұсқаларының негізгі элементтерін бойына сіңірген 
жылжымалы тұрғын жайдың біршама кейінгі түрі болған.
Киіз үй қазақпен көршілес Орта Азия халықтарында да кездеседі. Олардағы 
киіз үйде де құрылымында немесе кескінінде ішінара кездесетін, бұрын 
көшпелі, жартылай көшпелі өмір кешкен қырғыз, түрікпен, қарақалпақ 
елдерінің тарихи дамуы арқылы енген кейбір ерекшеліктер ғасырлар бойы 
қалыптасқан құрылғыны түбегейлі өзгерістерге түсіре алмағандықтан, түркі 
халықтарына тән бірегейлік сақталып қалған. 
Қазақтағы киізбен жабылатын баспананың алғашқы түрлерінің бірі – 
қос.Сырты жонылып, тәртіпке келтірілген, ұштарында басын қосып байластыратын 
қайыс, жіп өткізетін арнайы тесіктері бар, 2,5-3 метрдей сырықтардан 
құрастырылатын болған. Сырықтарды іштен дем тартатын түтікпен қоса 
байластырып орнынан тұрғызғаннан кейін, араларын ашып жерге тіреп, екі 
туырлықпен немесе арнайы пішілген үзікпен жауып, ірге жағын бел арқанмен 
бастыра салады екен. Киіз баспананың бұл түрінің оңтайлылығы сонша, көшіп- 
қонғанда сырықтарын жалғыз түйеге тендеп, үстіне киізін, малшының көрпе-
төсегін, қазан-ошағын артып кете беретін болған. 


295 
Қосты көбіне жылқы, сиыр малын жазда қысқы қоныстан 2-3 күндік өріске 
шығарып бағатын жылқышылар мен бақташылар уақытша баспана ретінде 
пайдаланған. Ал көшпелі ауылдың құрамында киіз үйге қосалқы ретінде қазан-
ошақ, ыдыс-аяқ қоятын, астық сақтайтын, құрт, ірімшік қайнататын орын немесе 
қойшы-қолаң үшін баспана ретінде пайдаланылған. 
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұжымшарлардың мал фермаларында кеңінен 
пайдаланылғанымен, көп ұзамай тұрмыстан шығып қалған.
В.В. Востров пен И.В. Захаров Жетісуда қос терминімен қатар жаппа деген 
синонимнің өмір сүретінін жазған. 
Қазақ қадым заманнан бастап-ақ өзінің ата-тегін құраған ежелгі тайпалар 
мен халықтардан киіз басуды, тері ұқсатуды, алаша тоқуды, ши орауды, 
алтынмен аптап, күміспен күптеуді өзіне мұра етіп қабылдаған ел. Дәстүрлі 
өнердің осы түрлерінің барлығы киіз үйден көрінетіні хақ. Солай бола тұрса да, 
академик Ә.Марғұланның, тарих ғылымдарының докторлары X.Арғынбаевтың, 
М.Мұқановтың аса құнды еңбектеріне қарамастан, қазақтың киіз үйін 
палеоэтнологиялық тұрғыдан әлі де болса терең зерттей түсуді қажет ететін 
құбылыс екенін өмір көрсетіп отыр. 
Киіз үй – қазақтың өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге асқан 
заттық, тұрмыстық мәдениетінің көрінісі. Отбасының салауаттылығы мен 
саулығының белгісі ретінде босағаға, шаңыраққа құрмет көрсету – ежелден келе 
жатқан дәстүр. 
Ғасырларды артқа салып, көшпелі малшылар аңшының сүйір қосын, 
егіншілер кепесін бірте-бірте жетілдіре түскендіктен қазақ даласында тұрғын үйдің 
жылжымалы және тұрақты түрлері қатар дами берген. 
Қазақ мекендеген 
ұлаң-ғайыр 
кеңістіктегі күнкөріске байланысты 
қалыптасқан баспананың о бастағы түрлерінің бірі – осыдан шамамен үш мың 
жыл бұрын пайда болған, қаңқасы арба үстіне көбіне мығым, сирегірек 
жинастырып, ажыратылатындай етіп орналастырылатын тұрғын үй үлгісі. 
Мұндай үйлер ғұндарда да, түркілерде де, көшпелі ұйғырларда да, моңғолдарда 
да болған. Ал қазақтағы «Доңғалақты үй», «Үйлі арба» жөнінде біздің білетініміз 
ортағасырларда бізде болған Гильом де Рубрук, Әбу Аб-даллах Ибн Баттута, 
Фазаллах Ибн Рузбихан, Антони Дженкинсон секілді шетелдік авторлардың 
жазып қалдырғандары ғана. Азғана құнды материал академик П. С. Палластың 
«Сапарнамасында» бар. Бірнеше өгіз, түйе қосарлап жегілетін үйлі арбаларда 
малдың қуығынан, қарнынан тартылған терезелері, кіріп-шығатын есігі, оттығы, 
көлеміне қарай екі, төрт, алты, тіпті онан да көп дөңгелегі болған. 
XVI ғасырдағы парсы деректерінің бірінде жат жұрттықтарға зәулім биік 
ғимараттай болып көрінген қазақтың доңғалақты үйлері жайында мынадай 
мағлұмат бар: «Олардың (қазақтардың) мұндай үйлері ағаштан тұрғызылған, 
қаңқасы сарайдікі сияқты көтеріңкі және мейлінше кең. Ақ қайыңнан 
құрастырылған қабырғалары мінсіз, өте сәнді, киізбен, сирек кездесетін түстерге 


296 
боялған қой терілерімен қапталған. Осындай үйлерде қазақтың сұлтандары мен 
ақсүйектері тұрады. Құрылымы ерекше үйлестірілген доңғалақты үйде 20 
адамның жатып-тұруына болады екен. Мұндай үйлерді қосарлап жегілген көп түйе 
тартады. Үйлер зәулім, биік және сыйымды, тұс-тұсынан ашпалы көздері бар терезе 
ойықтары берілген. Сырты киізбен жабылған. Ішкі жиһаздары әмірлер мен 
сұлтандардың сарайларындағыдай мейлінше әсем және үйлесімді». 
Қос ат жегілетін жеңіл күйме көбіне бойжеткен қызға, жас жұбайларға, 
бәйбішеге тек көліктің ғана емес, жол үйдің де қызметін атқарған. Мұндай жеңіл 
құрылғыны соғыс кезінде шапшаң қимылдап, ұрыс әрекеттеріне жедел 
басшылық ететін қолбасшылар да пайдаланған. 
Үйлі арбалардағы баспананы құрастырып-жинастырып әуре болмай-ақ, 
үдере көшіп күнелтуге мүмкіндік беретін құлазыған кең даланың табиғатымен 
байланысты болғанымен, құрылымдық жағынан олардың сәулеткерлікке қосқан 
үлесі шамалы. Әйтсе де олардың төрт бұрышты немесе бес бұрышты құрылғысы 
сәулет өнеріндегі шаршы үшкіліне, шеңбер бөлшектеріне дөп келетінімен 
қызықтырады. Кезінде көшпелі шаруашылыққа қызмет еткен тұрғын жайдың 
сирек кездесетін бірден-бір нұсқасы бола тұра, үйлі арбалардың XVIII ғасырдың 
алғашқы ширегіне қарай тұрмыстан шығып қалуының өзіндік себептері болды. 
Оның ең бастысы арагідік үзілістермен 200 жылға созылған жоңғарлармен, 
қалмақтармен шайқаста, ешқашан толастап көрмеген жаугершілікте еді. 1723-
1729 жылдардағы «ақтабан шұбырынды» кезіндегі елдің босып кетуі, даланың 
байлығына қармалауышын созған Ресейдің отарлау саясаты, Орта Азия 
хандықтарымен, әсіресе Қоқанмен, Хиуамен қақтығыстар елдің көшіп-қонатын 
кеңістігін тарылта түскендіктен XVIII-XIX ғасырларда көшпелі қазақтың 
негізгі баспанасы кәдімгі өзімізге белгілі киіз үй бола бастаған. 
XVIII-XIX ғасырларда қазақтың сұлтандары, атақты билері екі үйді қатар 
тігіп, арасынан керегеден дәліз жасап екі бөлме етіп те пайдаланған. Кереге 
желкөз және торкөз болып екі түрге бөлінеді. 
Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш 
саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады. 
Кереге  - киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы 
бөліктен тұрады. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады. Уық - шаңырақ пен 
керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштан жасалынған. 
Шаңырақ - киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі 
жарым метрден бес метрге дейін болады.
Сықырлауық - киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа 
қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, шеберлер 
өрнектеп әшекейлеп жасайды. 
Киіз үйдің киіз жамылғысы үш бөліктен тұрады: туырлық, үзік, түндік. Киіз 
үйдің бау-шуына желбау, аяқ бау, аспа бау, әр түрлі таңғыштap, бау-


297 
басқұрлар жатады. Олар, әдетте, тоқылып жасалады. Әдемі геометриялық 
өрнектермен безендіріледі.
Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары, көбінесе, өзен жағасында өсетін 
әр түрлі талдан жасалады Мәселен, оған Қазақстанның әр өңірлерінде өсетін сәмбі 
тал, көк тал, қара тал, боз тал, құба тал сияқты түрлері пайдаланылды. Тал, халық 
тәжірибесі бойынша, киіз үй сүйегін жасауға ең қолайлы ағаш түрі деп танылған. 
Біріншіден, жиі өсетін тал тоғайы ішінен кереге мен уыққа жарайтындарын таңдап 
алу қиынға түспейді, екіншіден, өңдеуге өте қолайлы және одан бабымен 
кептіріліп жасалған уық-керегелер өте жеңіл және берік болады. Сән-салтанат 
құруды көксеген ірі байлар, төрелер мен билер үйшілерге киіз үй сүйегін түгелдей 
қайыңнан жасатады. Әдетте, қайыңнан жасалатын үйлердің көлемі үлкен болумен 
бірге, оның сүйегі де салмақты және өте берік. Қайыңнан жасалған кереге-
уықтарды мұқият өңдеген соң, оны боямайды. Өйткені, ағаштың жылтырата 
өңделген табиғи түсі үй ішіне аса ұнамды рең беріп тұрады. 
Киіз үй сүйегіне жарайтын ағашты, көбінесе үйшілердің өздері ерте 
көктемнен бастап әзірлеп, кемінде бес-алты ай, кейде, тіпті, жыл бойы көлеңкеде 
кептіреді. Киіз үй сүйегіне арналып дайындалатын ағаштың ұзындығы мен 
жуандығы кереге-уық жасауға жарамды болуы қажет, ал олар-дың қисықтығына 
онша мән берілмейді. Шаңырақ үшін дайындалатын қайың мүмкіндігінше түзу, 
бұтақсыз болуы қажет. Кейде мұндай ағаштар тым жуан болса, оларды кесіп, 
ұзынынан жарып, ыңғайлап шауып қояды. Үйшіге қажетті жабдықтар: тез, 
сықаурын, жонғы, қуыс жонғы, тісті жонғы (сызғы, ыруыш), тесе шот, шапашот, 
балта, қашау, қол ара, ою-пышақ, үскі сияқты саймандармен бірге кереге, уық 
және шаңырақ жасауға арналған әр түрлі қарапайым қалыптар мен кепкен ағашты 
жібітуге арналған қоз, мор, обын атанатын ыстық «пештердің» де болуы аса 
қажет. Осы айтылған саймандар мен жабдықтардың барлығын да тәжірибелі 
шебер үйшілер, көбінесе, талғамдарына сай етіп, өздері жасап алады. 
Осындай көшпелі тұрмысқа ыңғайланған киіз үйлерде қазақтар жазда ғана 
емес қыста да тұрған. Қыста киіз үйдің керегесіне жиілетіп тоқылған ши тұтып, 
туырлығын қос-қостан салып, іргесін көміп, сары қи мен ағашты жағып тұра 
берген. 
XV-XVIII ғасырларда отырықшы қоныс-үйлердің 4 түрі болды. Олар қыстау, 
қыстақ-қоныс, тастан, топырақтан салынған бекінісі бар уақытша қорған және 
қала (кент). XVIII-XIX ғасырларда Қазақстанның көпшілік аймақтарында қыста 
қыстайтын 
қыстаулар 
болған. 
Әсіресе 
оңтүстік 
аймақтарда мал 
шаруашылығы егіншілікпен ұштасып, оларда жартылай көшпелілік, жартылай 
отырықшылық салты қалыптасқан. 
Шошала – қыста тұратын үйдің ең ескі түрі болды. Формасы жағынан киіз 
үйге ұқсас, жартылай жертөленің төбесі сүйірлене шығарылып, құрылыс іргесі 
жерге 50-60 см қазылып салынды. Екі-үш бөлмелі болды


298 
Қазақстанның көпшілік өңірлерінде, өте ертеден келе жатқан там үйдің бір 
түрі - жартылай жеркепе қолданыста болған. Оларды салғанда жерді 1-1,5 метр 
етіп тереңдетіп қазып, қабырғасын 50-60 см етіп шымнан, қам кірпіштен, тастан 
көтерген. Мұндай үйлерді қазба үй, жертөле немесе жер үй деп те атаған.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында үйді қам кірпіштен, сабан кірпіштен 
көп көтерген. Осы аймақта дымқыл топырақты ұзын қалыпқа салып түю арқылы 
да үйлер тұрғызатын. Оны соқпа, ұрма әдісі дейді. 
Үй жиһаздары үй кәсіпшілігінің көптеген бұйымдарынан тұрады. Онда 
ғажайып текеметтер мен әсем тоқылған кілемдер, аяққаптар мен қоржындар, зат 
сақталатын сандықтар мен абажалар, ыдыс-аяқтар және т.б. болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет