299
өрнегіне сәйкес бірнеше түрі болады: Ақ, қара немесе қызыл және көкпен боялған,
киізден ойыстырылған сырмақ, шымқай ақ киіздің бетіне қызыл, кек, сары
маталардан ою бастырылған сырмақ, жиекпен өрнектелген сырмақ.
Алаша – әр түрлі түске боялған мақта, жүн жіптерінен өрмекпен тоқылатын
төсеніш. Екі әдіспен тоқылады. Бірі — түрлі-түсті жіптерді жарыстыра жолақтап
тоқу арқылы көп мәнерлі өрнектер түсіру. Алғашқысын қақпа алаша, соңғысын
терме алаша , кейде кілем алаша деп те атайды.
Алашадан төсеніш, түс кілем,
қоржындар жасайды. Алаша—қазақ тұрмысында жиі қолданылатын мүлік.
Текемет – тұрмыста жылу ұстағыш, екінші жағынан киіз үйдің ішкі
интерьеріне сән беріп, керегеге ілінген әсем кілем, түскиіз, бау-басқұрлармен
үндесіп, толықтырып тұрған. Текемет басу тәсілінінң
негізгі ұзынырғысы бір
болғанымен, оның бетін әр түске боялғанымен, оның бетін әр түске боялған
жүнмен оюлау әдісі әр елдің өзіне тән белгілі бір жүйесімен жасалынады.
Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен
жерін сыртынан бастырып танатын өрнекті жалпақ құр. Басқұрдың ұзындығы киіз
үйді айналдыра орап шығатындай болады. Ені 20-30 см. Басқұрды өрмекпен терме
тоқу, қақпа тоқу әдістерімен әр түсті жіп, арқау салып, ою-өрнекті етіп тоқиды.
Түкті немесе ақ басқұр және түксіз немесе ала басқұр болып екіге бөлінеді. Түкті
(ақ) басқұрды түрлі-түсті жіптерді негізгі жіптерге түйіндеп, түкті ою-өрнек салып
тоқиды. Түксіз (ала) басқұр әр түсті жіптерден алаша секілді тоқылады. Басқұрды
түйе, қой және жылқы қылы қосылған ешкі жүнінен тоқиды.
Ши – киіз үйдің ішін әсемдеуде шидің алатын орны ерекше. Неше түрлі
сырмен боялып, сағанақтары күмістендірілген кереге көздері мен құлпырған құр
таңғыштарға, термелеп өріп, жібекпен шашақтаған уық бауларға, зермен кестелеп
шұғамен оюлаған туырлық пен үзіктің ішкі өрнектеріне ши жалпы түр беру
ретінде өте үйлесіп-ақ тұрады. Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш
түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши, шым ши (шымораулы ши). Қазақ арасында осы
түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен қолданылады. Мәселен, ақ шиді оралмай,
құр өзі тоқылатын болғандықтан көбінесе киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, шыптаға
мал
сойғанда еттің астына салуға, сырғауыл салынған үйдің төбесін жабуға
ұстайды. Ал өн бойы түгел оралған өрнекті шиді шым ши дейді. Оны киіз үйге, ас-
су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнында ұстайды.
Өнбойы тұтас емес, әр жерінен оралған шиді ораулы ши дейді. Тоқылатын ши мал
аяғы баспаған соны жерден жаздың орта шенінде әбден бойлап өскен кезде
тартылады. Шиді таңертен, кешке немесе жаңбырдан кейінгі шық кетпей тарту
керек. Мұндай кезде жер жұмсақ ши суырылғыш келеді.
Әзірленген шиді
шыбығын аршып, бумалап көлеңкеге кептіреді де, өрнектеп орайды.
Бөстек – түйенің не қойдың жабағы жүнінен бір адамға арналып жасалған
көрпеше не төсеніш. Оны жылқы, түйе, сиыр терілерінің жүнін алмай, от басына
пайдаланатын төсек ретінде де дайындайды. Ал ертеректе түйе терісінен жасалған
бөстек құрметті қонақтарға төселген.
300
Құрақ – төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып,
тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе
құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа араналған
«қасиетті орын» санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамайтын үй «тіл-көзден
аман болсын» деген
ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ
көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: