Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


  Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет49/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

 


286 
Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Қазақ 
қоғамындағы әдеттегі құқық бойынша қарасытырылатын 
әлеуметтік топтарды анықтаңыз. 
2. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы: ашық және жабық 
индивидтік топтарды көрсетіңіз. 
3. Қазақ қоғамындағы «ақсүйектердің» әлеуметтік санаттарына қатысты 
ерекшеліктеріне баға беріңіз.. 
4. Қазақ қоғамындағы дала билеушілерінің алатын орнын сипаттаңыз. 
5. Қазақ қоғамындағы билер институтының тарихи маңызын көрсетіңіз. 
§ 6. Салық және салық түрлері 
Қазақ хандығының ақсүйектерінің саяси билігі ханнан бастап, ру басына 
дейін экономикалық қуатқа да негізделгендігін атап өту қажет. Оған дәстүрлі 
пайдалану құқығы, тайпалар мен рулар көшіп-қонып жүрген жайылымдық 
жерлерге де, қыстақ бастарындағы, Түркістандағы, Батыс Жетісудағы және басқа 
отырықшы-егіншілікті алқаптардың өңделеніп учаскілеріне, сондай-ақ аса көп мал 
табындарына іс жүзіне иелік етуі негіз болған. 
«Жеті жарғы» бойынша да жерге рулық меншік болды. Әр ру өзінің көшіп-
қонатын аймағын білу керек және малдың барлығына рулық таңба салынуын 
қадағалаған. Сырттай көрініс бойынша жайылымдық жерлердің иесі рулар мен 
тайпалар сияқты болып көрінеді. Бірақ барлық жерге іс жүзінде құқық хан (бүкіл 
жердің жоғарғы иесі), сұлтандар (үлесті жер әміршілері), билер мен қожалар 
қолында болды. 
Рулық-тайпалық ақсүйектер өз тайпаластарының жерлерін ғана пайдаланған 
жоқ, сонымен қатар көп жағдайда басқа топтардың да жерлерін иемденді. 
Л.Баллюзек қазақтардағы жерді иеленуіне байланысты сұлтан, би, 
ақсақалдардың құқығы туралы мәлімет береді: «Ол әр ауылдың жайлауының 
шекарасын әр рудың таңбасы көрсетілген ұзын таяқты жерге тығып қояды, бірақ 
шындығында жайылымның иесі сұлтан, би, ақсақалдар болды». Ру арасындағы 
жайылым үшін тартысты билер кеңесінде шешіп отырды. Сонымен қатар жерді 
иелену мәселесі И.А. Козловтың мақаласында да қозғалған. Оның көрсетуі 
бойынша қазақтар қыстау және жайлауды барлығын ру болып пайдаланады. Жер 
дауы болмас үшін, олардың шекарасына арнайы белгі қойылады. Барлық жер 
мәселесі ашық, сайлау түрінде өтеді делінген. Әрбір рудың көшіп-қонып жүретін 
белгілі жері болған, оған басқа рулардың қоныстануына құқығы болмады. Осыған 
орай Д.Я. Самоквасовтың әдет жазбаларының 208 - бабында «Кімде-кім басқа 
біреудің жерін пайдаланып отырса, бұл жер одан 15 жылдан кейін болса да қайтып 
алынады немесе жердің көлеміне қарай өзара ризалықпен иеленіп отырады». 
Жоңғар шапқыншылығының зардаптары жайылымның қысқаруына әкелді. 
Осының салдарынан ру арасындағы жер үшін қақтығыстар жиі болып тұратын. 
Ресей боданына айналғаннан кейін жер мәселесі күрделене түсті. Ертеден келе 


287 
жатқан жерге әр рудың иелігі әдеттегі құқығы бойынша заңдастырылған болса
орыс өкіметі тарапынан жүргізілген саясат ру басшыларының бірін-бірінің жерін 
тартып алуына жол ашты. ХІХ ғасырдың өзінде жерге сұлтандар мен ру 
басыларының меншігі іс жүзінде ғана болғанымен ол еш жерде 
заңдастырылмайды.
Қазақ хандығында қарастырылып отырған кезеңде салық түрлері және әр 
түрлі міндеткерліктер болды. Жалпы салық «Ясак» жиналды. Сонымен қатар 
зекет, қару-жарақ салығы, ханның жасағын жабдықтау, ірі билеушілерді жыл 
мезгілінде азық-түлік-пен қамтамасыз ету сияқты міндеткерліктер болды. 
«Ясакты» қазақ билеушілері Түркістан, Ташкент қалаларынан егіншілікпен 
айналысатын аудандардан жинады. Бұл туралы мына үзіндіні келтіруге болады. 
«Қайсақ хандары және олардың жақын адамдары Ташкентке келіп Ясак 
жинайды». «Ясак» – бұл заң жүзінде күштеп енгізілген салық. Жеңілген ел 
жеңімпаздарға ясак төлеген. Ясақ Сібір халықтарында да Ресей жаулап алмас 
бұрында болғандығын. 
Екінші бір салық түрі – мал басынан жиналатын шариғаттың негізгі салығы 
зекет төлеуге міндетті болды. Зекет Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы 
қолөнершілер мен саудагерлерден де жиналды. XV-XVІІ ғасырлардағы деректерге 
сүйенетін болсақ, Түркістанның отырықшы егіншілікпен айналысатын және дала 
тұрғындары басқа да салықтар (харан, балл) төлеуге тиіс болды. Далалық 
аудандардағы қазақ халқы жаппай алым-салық төледі; міндеттер атқарды (соғым, 
сыбаға, сауын және т.б.) соңғы салық түрлері әдеттегі құқық бойынша бекітілген 
болатын. 
«Зекет», «соғым», «сыбаға» – хандар әулетіне беретін салық түрі.
Л.Баллюзек осы міндеткерліктің түрлерін қазақ халқының тұрмыстық 
қажеттілігінен ру ішіндегі көмек түрінде беріледі деп түсіндіреді. Әрбір қырғыз 
үшін руластарына көмектесу міндет және қонақты әдет бойынша күту 
қалыптасқан. Қазақ қоғамындағы рулық қатынастың рәсімдері қонақасын беру
соғым беру, сүйінші беру, сыбаға беру сияқты міндеткерліктерді ХІХ ғасырда 
тиімді пайдаланылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет