Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет50/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Қазақ қоғамындағы меншік, салық, міндеткерлік, борыш мәселесіне 
қатысты көзқарастарға талдау жасаңыз. 
2. Қала халқына салынатын салық түрінің ерекшелігін көрсетіңіз.
3. Мал жеке-отбасылық меншік ретінде қарастырылуын сипаттаңыз. 
4. Салықтың түрлерін саралап беріңіз. 
 
§ 7. Сауда, айырбас және ақша айналымы 


288 
Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының 
бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін 
арнайы ғылым саласы бар. Ол - нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма 
ақша кесектері, т.б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу 
тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде ХҮІІІ ғасырдың ІІ-
жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И.Х. Эккель 
болды. 
Ақша –жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын 
көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар
тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. 
Ақша тауар өндірісі мен айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде стихиялы 
жолмен пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей 
айырбасталды. Айырбастың өзі ерте заманда шықты, әуелгі кезде ол кездейсоқ 
сипатта болды. Мұнда бір еңбек екінші түрдегі еңбек өніміне тікелей 
айырбасталды. 
Нумизматикалық материалдардың негізінде Қазақстан территориясындағы 
ортағасырлардағы халықаралық сауда мен қалалар арасындағы сауда қатынастары 
туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Әсіресе, Отырар мен Түркістаннан 
табылған ақшалардың құндылығы жоғары. 1986 ж. Отырар қалашығындағы қазба 
жұмыстарының нәтижесінде 3000 жететін теңге табылды. Бұл мыс теңгелер Ясы, 
Сауран, Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Андиган ақша сарайларында соғылған. 
Олардың негізгі бөлігі Ясы мен Сауран қалаларында шығарылған екен. 
ХҮІІ ғ. жататын 118 күміс теңгені 1972-1973 жж. Отырардан табылды. Олар 
Ташкент, Ясы қалаларынан шығарылды. Бұл ақшалардың бір жағында аңның 
суреті, екінші жағында құстың суреті салынған. Кейбіреуінде тек бір жағында ғана 
аңның суреті бар, ал екінші жағы теп-тегіс болып келген. Бұл ақшалардың 
арасында ешбір суреті жоқтары да болды.
1976-1977 жж. Отырардағы қазба жұмыстарының нәтижесінде орыстың 30 
бақыр тиіні табылды. Онда Алексей Михайлович патшаның аты ойылған және 
тиінде 1655-1663 жж. жатады. Ондай ақшалар Ясы мен Сауран, басқа да Сыр 
бойындағы қалалардан табылды. Бұл ақшалардың табылуы, орыс елімен сауда-
саттық байланыстың дамығандығының белгісі екендігі анық.   
Халықаралық сауданың және калалар мен өңірдің арасындағы, жекелеген 
Сырдария қалаларынын арасындағы сауданың мөлшері туралы негізінен 
Отырарды, Түркістанды, Сауранды қазу жұмыстарынан алынған нумизматикалық 
материал бойынша білуге болады. Отырардан мыс теңгелердің көптеген олжалары 
шықты, оларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне Ясы (Түркістан) мен 
Ташкентте соғылғандары жатады. Екінші топ Орта Азия қалаларының (Бұхара, 
Самарқан және басқалар) теңгелерін қамтиды. Ясы мен Ташкент ақша сарайлары 
көрсетілген мыс теңгелер типологиясы жағынан біртектес кешен болып табылады 
және Түркістан мен Отырардан табылған теңге көмбелерінің негізін құрайды. 


289 
Қала жұрттарында мұндай теңгелердің жекелеген олжалары да аз емес. Оларда 
билеушілердің есімдері мен соғылған жылдары көрсетілмеген. Алайда синхронды 
археологиялық материалды ескергенде, теңгелер XVI-XVII ғасырларда айналыста 
жүрген деп санауға болады. Ұсақ мыс тиындардың да Түркістан ақша сарайының 
өнімі болуы мүмкін. Оларда жазбалардың орнына керамика ыдыста бейнеленген 
таңбаларға ұксайтын әр түрлі белгілердің салынуы жиі кездеседі. Ясы каласында 
II Абдаллахтың әкесі (1560-1583 жж.) Ескендір ханның атынан күміс теңге 
шығарылған. Осы ханның екі теңгесі Раң қаласының жұртынан табылды. 
Олжаларда мезгілі XVI ғасыр деп белгіленетін мыстан соғылған теңгелердің 
мүлдем көп болуы сол кезеңде Отырардың қалалык базарында мыс негізгі рөл 
аткарған деп санаймыз. Сол кездегі бүкіл Орта Азияға осындай жағдай тән. XVI-
XVII ғасырлар кезеңіндегі мыс теңгелердің айналымы туралы мәселе 
нумизматикада аз зерттелген мәселе болып отыр. Соңғы орта ғасырлардағы мыс 
теңгелердің басым бөлігінде айқын белгілер жоқ. Отырардағы төрт көмбенің мыс 
теңгелері негізінен Ташкентте, Ясыда және беймәлім жерде соғылған болып 
табылатын үш топқа бөлінеді; мыс дайыңдамаларда штемпель іздері жоқ, оларды 
ақша айналысының тең құқықты құралы деп санауға болады.
Ең көп тобын анэпиграфтық теңгелер құрайды. Олардың бір жағында аң 
екінші жағында құс бейнеленген, аң бейнеленген кейбір теңгелердің екінші жағы 
тегіс. Ташкент облысының аумағынан табылған материалдарда осылай соғылған 
теңгелер бар. Аталған теңге үлгілерінің кейбіреулерін қазақ хандары Ташкентте 
және Түркістанда соққызған деп санауға әбден болады. Мыс көмбелердің мерзімін 
анықтауға олардың біреуінде Алексей Михайлович патшаның есімі бар, 1655-1663 
жылдары соғылған отыз орыс тиынының болуы негіз береді. 
Қалалардың аты қойылмай соғылуында іс жүзінде әлдебір саяси және 
фискалдық мақсаттар көзделмеген, қалалар өмірінде рөл атқарған нарықтық 
сауданы қамтамасыз етуге ғана арналған. 
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы транзиттік сауда Орта Азияның көптеген елдерімен 
және Ресеймен сауда-саттық қатынасын орнатады. 
XV ғасырдың екінші жартысы - XVII ғасырдағы халықаралық саудада 
Қазақстан даласы мен Түркістан қалалары арқылы Орта Азия мен Ресей сауда 
қатынастарының жолға қойылуы байқалады. Ресеймен сауда экономиканың 
дамуында манызды факторға айналды. XVI ғасырдын 90-жылдарына қарай Ресей 
қазақ хандықтарымен саяси байланыстар орнатуға әрекет жасайды. Ресей мен 
Орта Азияның Қазақстан арқылы сауда және дипломатиялық қатынастары XVII-
XVІII ғасырларда жанданды. 
Орыс мемлекетінің Қазақстанмен берік байланыс жасауы - Орта Азия мен 
шығыс елдеріне әрі төте, әрі қауіпсіз жол ашты. Мұның өзі Россияның Қазақ 
хандығымен де тікелей екіжаққа тиімді сауда жүргізуіне қолайлы жағдай туғызды. 
Мәселен, 1574 жылы орыс патшасы ІҮ Иван Кама бойының біраз жерлерін 
билеген Строгоновтар дейтін ірі феодалдарына қазақтар мен емін-еркін сауда 


290 
жасауға грамота қағаз береді. Бұл құжаттың мәліметтеріне қарағанда қазақ 
саудасының басты саласы жылқы болған. Строгоновтарға берілген грамота 
қағазда Қазақ жерінен, Бұқарадан келген саудагерлермен олардың баж 
салығынсыз сауда жасалуына патшаның ризалығымен рұқсаты берілген.
Орыс мемлекеті Орта Азиядан мақта-мата, мақта, жібек шикізатын, асыл 
тастар, Шығыс қаруын алды. Қытай тауарлары Ресейге Орта Азия арқылы түсіп 
отырды. Қазақстан мен Орта Азияға Ресейден шұға, атлас, айна, аң терілері, күміс, 
жылы киім әкелінді. 
Сауда керуендері – Созақ, Қарашоқ, Түркістан қалалары арқылы өтті. Жазба 
деректер Сығанақты Дешті Қыпшақтың сауда аймағы болды деп бостан-босқа 
айтпаса керек. Отырар, Түркістан, Сауран қалаларының ескі орнынан ХҮІ-ХҮІІ 
ғғ. қытай фарфорлары мен ресейлік мыс теңгелер табылды.
Ясы мен Ташкент ақша сарайларында жасалғандығы көрсетілген бақыр 
ақшалар біртекті типологиялық жинақ құрып, Түркістан мен Отырардағы ақша 
қазынасының негізін қалайды.
Түркістан ақша сарайының өнімдеріне майда мыс теңгелер де жатқызылуы 
ықтимал. Оларда көбінесе жазулар орнына, керамикалық ыдыстарда 
бейнеленгендей таңбалар шекілген.
Ортағасырлардағы Қазақстан халқы көршілес Орта Азияның отырықшы-
егінші халықтармен бейбіт қарым-қатынастар орнатты. Тату көршілік қатынастар 
бейбіт сауда-экономикалық байланыстар арқылы жасалды. Ал сауда 
байланыстарының дамуы көрші елдермен қатынастарды нығайтып, экономиканың 
дамуына ықпал жасады. Шығыс авторлардың деректерінде қазақтар мен көрші 
елдер арасындағы сауда тоқтаусыз соғыс пен ауыр жылдары да жалғасқандығы 
және соғыстың сауданың дамуына кері әсер ететіндігі туралы мәліметтер 
кездеседі.
Көрші халықтардың экономикалық құрылымының мазмұны мен 
ерекшеліктері олардың бір-бірімен тығыз араласуын қажет етті. Көшпелі қазақтар, 
көбінесе, қалалық қолөнер кәсіпшілігінің бүйымдарымен және отырықшы 
шаруалардың еңбегінің өнімдерімен жабдықтауды қажет етті, өз кезегінде олар 
артық малы мен мал шаруашылығында өндірілген өнімдерін өткізуге мұқтаж 
болды. 
Қазақстан мен Орта Азияның көршілес аймақтар халықтарының 
шаруашылық, сауда байланыстары өзара мүдделікке негізделген дағдылы 
құбылыс еді. Көшпелілер мен Орта Азияның отырықшы халықтарының сауда 
орталықтары Сыр бойының қалалары еді. Олар: Яссы (Түркістан), Отырар, 
Сығанақ, Сауран, Аркук, Үзгент және т.б. еді. 
Сауда керуендері Қазақстанның Созақ, Қарашоқ, Түркістан қалалары 
арқылы жүріп өтетін еді. Рузбихан Исфахани Сығанақты Дешті Қыпшақтың сауда 
айлағы деп атайды. Сығанақты суреттей келіп, ол былай деп хабарлайды: бұл елге 
«... Дешті жағынан, Хажы Тарханнан көптеген игіліктер, семіз қойлар және аң 


291 
терісінен, киш пен тиннен, яғни бұлғын мен тиін терісінен тігілген тондар, берік 
садақтар, ақ кайыңнан жасалган жебелер, жібек маталар сияқты басқа да бағалы 
тауарлар және өзге де асыл бұйымдар жеткізіледі... Түркістан, Мауараннахр 
аймақтарының және Шығыстың көпестері Қашғар, Хотан шегінен Сығанаққа сол 
елдердің тауарларын әкеліп, Дешті адамдарымен сауда мәмілелерін және айырбас 
жасайды». «Ясы қаласына, - деп атап өтеді сол автор, — тауарлар мен қымбат 
бағалы бұйымдар әкеліп, сол жерде сауда жасалады, ол (қала) көпестердің 
теңдерін шешетін жері және саяхатшылардың топтанып, елдерге аттанатын жері 
болып табылады». 
Сайрам көмбесі. Әмір Темір монеталары 
Шығыс деректерінің мәліметтерін археологиялық олжалар растайды. 
Отырар, Түркістан, Сайрам қалаларының жұрттарынан XVI-XVII ғасырлардағы 
қытай селадоны мен фарфоры табылды. 
Халықаралық саудамен қатар Сырдария қалаларының отырықшы 
тұрғындары көшпелілермен сауда жүргізген. Даладан мал, тері, жүн, дайын 
бұйымдар әкелінген. Мәселен, Сейфидің 1582 жылы жазылған шығармасында 
қазақтардың саудасы туралы қызықты хабар бар. Ол былай деп жазады: «Оларда 
қой, жылқы мен түйе көп... Олардың шапандары кой терісінен тігілген, олар түрлі 
түске боялып, атласқа ұқсас болады, оларды Бұхараға әкеліп, атластан тігілген 
шапандардың бағасымен сатады, олар сондай сәнді әрі әдемі». Сырдария 
қалаларынан далаға астық, қала қолонерінің өнімдері, мата апарылды. 
Сауда-экономикалық байланыстың екі жакка да зор маңызы болды, 
сондықтан қазақтардың күш-куатын әлсіреткісі келген Шайбанидің қазақтардың 
қалаларда сауда жасауына тыйым салуға тырысқаны кездейсоқ емес. Қазақтардың 
қалалармен сауда байланысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылуы қазақ 
және өзбек хандарының күресін туғызған себептердің бірі болды. 
Қалалар төңіректегі егінші және көшпелі халықты қажетті тауарлармен базар 
арқылы жабдықтап отырды. Дүкен-дүңгіршек әдетте қолөнершілердің иелігінде 


292 
еді және ол екінің бірінде, әрі шеберхана, әрі сауда жасайтын орын болды. Хиуа 
хаңдары мұрағатының құжаттары арасында «тейджай»- базардағы орын үшін баж 
төлеген қолөнершілер тізіп келтірілген. Атап өтілгеніндей, калаларда қолонер 
бұйымдарынын алыпсатарлар тобы - «вафуруш» болған. Олардың арасында 
бұйымдарды сатып алу түрлері бойынша мамандану байқалды. Түркістан 
қаласында дүкендер болғанын Ахмет Йасауи кесенесінің вақфтарына қатысы бар 
жазбаша құжаттардың мәліметтері растайды. Отырарда қазба жұмыстары кезінде 
көше жакка қаратылып салынған сауда дүңгіршектері анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет