Мал шаруашылығы
Олардың негізгі малы — қой, сиыр, жылқы болды. Андронов тайпалары тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау дəстүрін енгізді. Тұрғын үйлерге жалғастырыла мал қоралары салынған. Олар қос өркешті-бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған.. Сондықтан мал ұстаудың жаңа түрлері мен тəсілдері қажет болды. Кейіннен мал өсірудің жайлаулық тəсілі, яғни жартылай көшпелі мал шаруашылығы өмірге келді. Сөйтіп, үй іргесіндегіден — жайлауға көшу, отарлы, яғни жартылай көшпелі, сосын көшпелі мал шаруашылығы туады. Бұл дала мен шөл жайылымдарын тиімді пайдалануға жəрдемін тигізді. Көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығына өтуге байланысты бірте-бірте мал құрамы да өзгере түседі: ірі қараның саны кеміп, қой мен жылқы саны көбейе түседі
Жер өңдеу
Ерте жəне орта қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі І мыңжылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған. Олар аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал өсірген. Соңғысы үй іргесінің шаруасы саналған. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған.
Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай жəне тары өсірді.
Кен өндіру
Қола дəуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі кеншілер жұмсақ кенді қайламен омыру арқылы, қатты, тығыз кенді отпен уату арқылы жəне сонымен қатар үңгіп қазу арқылы өндірген. Отпен уату тəсілі бойынша — кен өзегінің үстіне от жағылып, əбден қызған кезде су құйып, жарықшақтарға бөлген. Уақталған руданы қонысқа əкеліп, арнаулы пештерге салып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылды. Метал балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, Петровка ІІ-де бар екені мəлім болды. Метал балқытумен бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу жəне қыспалау əдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған.
25-билет
Қазақ халқының ХVІ – ХVІІ ғғ. шаруашылығы.
Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
3. Ежелгі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |