Тұрақтар
|
Орналасқан жері
|
Ерекшеліктері
|
Шақпақ ата
|
Маңғыстауда
|
Табылған құралдар Шығыс Африкадағы Олдувай сайынан табылған ең көне құралдармен замандас, табылған құралдар жарғыш сынатас,бифас,пышақ, қырғыштар, әр түрлі үшкір тастар
|
Арыстанды
|
Қаратауда
|
Ауыр, тік бұрышты шақпақ тастар табылған. Клектон тұрпаттас деп аталатын бұл ең ежелгі құралдардың одан анағұрлым кейінгілерден айырмасы – олардың соғатын қыр алаңқайшасы тым үлкен, ол тіпті тіпті бүкіл сынық көлемінің жартысынан көбірек. Олармен бірге бұл тас жаңқалары сындырылып алынған үлкен шақпақ тас дайындамалары, ұра-өзектастар да болды.
|
Шабақты
Бөріқазған
|
Жамбылда
|
Көлбей жатқан қыраттың тегіс бетінен, клектон тұрпатты деп аталатын, арыстанды тас жаңқаларына ұқсас екі шапқы табылды. Біріншісі үш бұрыш пішіндес, сұрғылт-жасыл шақпақ тасты әктастан жасалынған; оның жұқартылған екі қырлы жұмыс шетінен имек жүз шығарылған. Шомбал қырғышты еске түсіретін екінші шапқының түрі сопақтау; бұл уақытқа тән тағы екі құрал табылған. Мұның бірі ірі малта тастан дайындалған жүзі жалпақ африкалық чоппингті еске түсіреді
|
Қазақ халқының ХVІ – ХVІІ ғғ. шаруашылығы.
Қазақ халқының XVI-XVII ғасырлардағы шаруашылығы — Қазақ халқында тек бірыңғай көшпелі мал шарушылығына ғана болған емес. Халықтың мал шаруашылығымен басым айналысқанда ешбір дау жоқ. Оған қарап оларды мал соңында ұдайы көшіп жүрді, деп айтуға болмайды. Қазақ халқының көшіп-қонуына белгілі бір бағыт, әрбір ру-тайпаның өз көші-қон аумағы болады. Кейбір орыс және Еуропа ғалым дарының қазақтар отты жерді қуалап жаз, қыс демей көшіп жүрді деген пікірлері ешбір шындыққа жанаспайды. Олар қазақ халқының маусымды көшіп-қонуын түсінбегендіктен айтқан. Маусымды көші-қон дегеніміз, жыл мезгілінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтау үшін көшіп-қону жайылымды жерді дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Маусымды көші-қон 4 мезгілге бөлінеді:
Қысқы көш немесе қыстауға көшу;
Көктемгі көш;
Жазғы көш;
Күзгі көш;
Достарыңызбен бөлісу: |