2."Азат"азаматтық қозғалысы -қоғамдық-саяси.ұйым.Құрылтай мәжілісі Алматыда 1990 ж. 1 шілдеде өтті. Басты мақсатын "Халықаралық Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу" деп белгіледі. Қозғалыстың 14 облыстықұйымы бар. 1990-1993 жж. аралығында "Азат" газеті шығып тұрды. "Азат" қозғалысы Қазақстанды қазақ халқын отаршылық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту ушін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке ұсыныстар жасады, сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға тойтарыс беру, адам құқықтарын қорғау және т.б. ұлт мүддесін көздеген мәселелерді батыл көтере білді.
1991 жылы қазанда Алматыда өткен «Азат» қозғалысының бірінші съезінде қозғалыс төрағасының бірінші орынбасары болып Жасарал Қуанышәлин сайланған. Ал кейін қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі әрі төрағасы Михаил Исиналиев денсаулығына байланысты қызметтен кеткеннен кейін Жасарал Қуанышәлин 1994 жылы Қазақстан парламенті депутаты болып сайланғанға дейін қозғалыс жетекшісі міндетін атқарған. Қозғалыстың дүниеге келуіне не себеп болды?
Өткен ғасырдың 90-жылдарының соңында Совет одағы құрамындағы республикаларда тәуелсіздік – күн тәртібінде тұрған мәселе еді. Қайта құру, жариялылық, пікір алуандығы тәрізді жаңа өзгерістер бір партия билеп-төстеген алып мемлекет құрамындағы республикаларда ұлттық сана-сезімнің оянуына, рухтың қайта түлеуіне түрткі болып, қоғамдық-саяси белсенділікті жандандырды. Социалистік лагерьдегі көшбасшысы болып келген Совет Одағынан жүзін батысқа бұрып, өз даму жолын дербес айқындауға кіріскен Шығыс Еуропадағы елдердің ізімен Балтық бойындағы үш республика да толыққанды тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылды.Әр ұлттың өзін-өзі басқаруы, өз жеріндегі байлығына өзі иелік етуі, ана тілі, төл тарихы, ділі, діні тәрізді осыған дейін жабық болып келген тақырыптар ашық талқыға түсіп жатқан өзгерістер кезінде «Азат» азаматтық қозғалысының құрылуы заңды еді. Өзгерістер лебі тәуелсіздік жолындағы сан күресте жеңіліс тауып, ғасырлар бойы империяның отарында болған, жері мен халқы түрлі экологиялық алапат апаттың зардабын тартқан, өзі игілігі өзіне бұйырмай, тарихы бұрмаланып, тілі құрып кетуге шақ қалған қазақтардың да үмітін оятты. «Азат» қозғалысы осы аталған ұлт құндылықтарымен бірге шынайы тәуелсіздікке қол жеткізуді мұрат етті. «Азат» құрылған сәтінен бастап қазақ ауылдарының жағдайы, елдегі демографиялық ахуал, қазақ тілінің мүшкіл халі мен қазақ тілінде оқытатын мектептер тапшылығы, экология проблемасы, жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар игілігі республика халқына тиесілі болуы тәрізді қоғамда қордаланған өзекті мәселелерді көтерді. Жасыратыны жоқ, қозғалыс құрылған алғашқы жылы жоғарғы жақтың өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс істегені шындық. Егемендік туралы декларация жобасын әзірлеп, Қазақстанның жаңартылған одақ құрамында қалуды жақтағаны да рас.Алайда 1991 жылғы ГКЧП оқиғасынан соң қазан айында өткен бірінші съезінен кейін «Азат» қозғалысы президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын билікке оппозициялық бағытқа көшіп, Қазақстанның толық тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатын қойды. Сол жылдары «Азаттың» Алматыдағы наразылық акцияларына халық көп жиналатын. Бейресми («неформалы» - ред.) ұйымдар өкілдерімен толыққан «Азат» қозғалысы ұсынған мемлекеттік тәуелсіздік туралы идеяны қабылдағысы келмеген билік жұрттың ең соңында жалғыз қалып, тәуелсіздік декларациясын лажсыз жариялағаны да мәлім.
3. Қазақстандағы 1867-1868 жж.реформа бойынша кестені толтырыңыз.
Генерал- губернаторлықтар
|
Облыстар
|
Уездер
|
Орынбор(Орынбор)
|
Орал және Торғай
|
Орал-Орал,Атырау,Калмыков,Жем
Торғай-Елек,Қостанай,Торғай,Ырғыз
|
Батыс Сiбiр(Омбы)
|
Ақмола және Семей
|
Ақмола-Көкшетау,Омбы,Петропавл
Семей-Баянауыл,Көкпекті,Зайсан,Павлодар,Өскемен
|
Түркiстан(Ташкент)
|
Сырдария және Жетiсу
|
Сырдария-Қазалы,Перовск,Түркістан, Әулиеата,Шымкент, Ташкент,Ходжент,Жизақ
|
Достарыңызбен бөлісу: |