Ж. Баласағұни ғұлама ақын. ХІV ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы


-билет 1. Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы



бет30/44
Дата08.12.2022
өлшемі484.06 Kb.
#466883
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
5-d0bdd2b1d181d29bd0b0

23-билет
1. Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.

1. Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф Н.И.Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды “шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс” деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3томына Г.С.Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.
XVII ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің ішінен Әбілғазы Баһадүрханның «Түркі шежіресі» кітабының алатын орны ерекше. Оның себебі, біріншіден, кітап авторының өз заманының білімді, жан-жақты (тарихшы, ақын, полиглот, жауынгер т.б.) адам болуында болса, екіншіден, оның шығармасының тарихи, әдеби тілдік жақтарының аса құндылығында. Оның дәлелін Әбілғазының өзі келтірген мына сөздерінен көруге болады. Ол өз кітабының кіріспесінде былай дейді: «Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрсе берген, мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі – әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі. Екіншісі – ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде қасида, ғазал, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу. Үшіншісі – бұрын Арабстан, Иран, Тұранды билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу».
Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» атты кітабы ғылым дүниесіне XVIII ғасырдың бас кезінде мәлім болады. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл қаласынан кездестіріп, оны орысша аудартады. Одан швед Шенстрем неміс тіліне аударады, ол аударма кешігіп, 1780 жылы ғана басылып шығады. «Шежіренің» баспа бетін көруі оны жан-жақты зерттеуге кең жол ашады. Академик Х.Френ бұл басылымды «Шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс» деп бағалаған, Оның ойынша, бұл басылым Ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймайды, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятады. «Шежіренің» ғылым үшін, оның ішінде тарих, этнография және тіл ғылымдары үшін маңызы мен оның кейбір тіл ерекшелігі бұл еңбектің алғашқы аудармашысы Г.С.Саблуковтың кіріспе мақаласында сөз болады. Бұдан кейінгі Әбілғазы және оның шығармалары туралы толық мәлімет беретін зерттеу – А.Н.Каноновтың 1958 жылы жарық көрген «Родословная туркмен» атты монографиясы. Әрине, бұл еңбек, атына сай, «Түрікмен шежіресіне», оның тілдік ерекшеліктеріне арналған. Автор мұнда шығарманың 7 көшірмесінің негізінде оның сыни мәтінін құрастырып, орысша аудармасын және грамматикалық очеркін береді. Бұл еңбек көркем шығарма емес. Дегенмен «Шежіренің» кей тұстарында, әсіресе белгілі халықтардың өмір тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсылы-жаманды істері туралы сөз болғанда, аңыз-әпсаналар, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер жиі бой көрсетіп отырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет