3.Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз
Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.
Этнография, этнология (гр. etnos – тайпа, халық, grapho – жазу) – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді
Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді.
24-билет
Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі
Невада–Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.
Андроновтықтардың шаруашылығы бойынша кестені толтырыңыз.
Мал шаруашылығы
|
|
Жер өңдеу
|
|
Кен өндіру
|
|
Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі
Туған ағасы Тәуекел қайтыс болған соң Қазақ мемлекетінің билігін тарихта «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болған Есім хан (1598-1628) қолына алды. Дарынды әскербасы ғана емес, білікті саясатшы, парасатты мемлекет қайраткері ретінде Есім хан Қазақ хандығының сыртқы шекарасын нығайтумен қатар, елдің ішкі жағдайын да жақсартты. Есім ханның кезінде ел мамыражай әрі сенімді тіршілік кешті. «Есім ханның ескі жолы» атты атақты заң желісі мемлекеттің тұғырлы әрі берік ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырды. Жұмыр жер бақталастық пен тақ таласының алаңына айналып, әрбір билеуші өз үстемдігін жүргізуге ұмтылған жаугершілік заманда Еуразияның кіндігіндегі алып далада Қазақ хандығы сияқты іргелі мемлекет қалыптасып, оның қанатын кең жая бастағаны бүйірлеріне шаншудай қадалып, көз алартушылар көбейе түсті. Әсіресе, көшпенділерден көп запа шеккен Ресей мен Қытай іргелерінде Қазақ хандығы сияқты ірі де іргелі мемлекеттің күшейгенін қаламады. Қайткенде де бұл мемлекеттің іргесін сөгуді ойлады. «Іздегенге сұраған» дегендей бұл кезде, XVI-XVII ғасырлар тоғысында Моңғолияның батыс аймағында Жоңғар хандығының іргесі қаланды. Ғасырлар бойы тау суындай тасқындап, Шығыста Қытайды, батыста Ресейді және бүкіл Еуропаны ықтырып келген көшпелілер мекенінде пайда болған Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы көршілерін бейтарап қалдырмады. Олар осынау екі мемлекетті бір-біріне айдап салып, ғасырлар бойы бүйірлеріне қадалған «шаншудан» құтылуды ойластырды. Осы орайда, әсіресе, Ресей белсенділік танытып, жоңғарлармен шұғыл елшілік байланыс орнатып, оларды астыртын отты қарулармен жасақтап, Қазақ хандығына қарсы арандату шараларын жасады. Ресей патшалығының Жоңғар елінің Торғауыт, Дүрбіт, Қошауыт сияқты үлкен тайпаларына Еділ бойынан қоныс бөлуі қазақ пен қалмақ арасындағы жүз жылдық соғыстың тұтануына себеп болды. Осынау жүз жылдық соғыс салдарынан салт атты көшпелілердің үш мың жылдық өркениеті толық күйреп, қазақтардың Ресей патшалығына бодан болғаны, ал жоңғарлардың ата жұртынан мүлде жойылып кеткені тарихтан аян. Міне, осы қатерлі қасіреттің алғашқы дауылымен Есім хан беттесті.
1620 жылы жоңғар қонтайшысы Қара Құла Қазақ хандығының иелігіне тұтқиылдан шабуыл бастады. Бейбіт елді қатты қырғынға ұшыратып, асқан қатыгездік танытты. Еліне жау тигенін естіп, Есім хан шұғыл жорыққа аттанады. Қазақ әскері жоңғарларды тас-талқан етіп, Сібірдегі орыс қалаларының іргесіне дейін айдап салды. Сол замандағы орыс жазба деректерінде: «Қазақ Ордасының Есім ханы қалмақтарды қатты қырғынға ұшыратты. Қалмақ тайшылары өте қиын халге түсті», деп атап көрсетілген. 1627 жылғы ұлы жорықта Есім хан жоңғарларға тағы ойсырата соққы беріп, алғашқы Ойрат одағын ыдыратып жіберді. Еңсегей бойлы ер Есім ханның бұл ұлы жеңістері Қазақ хандығына енді ешкімнің тісі батпайтындай сыртқы жағдайды қалыптастырып еді. Өкінішке орай, дәл осы кезеңде өзін хан деп жариялаған Тұрсын сұлтанның дербес саясатының салдарынан Қазақ хандығында үлкен күйзеліске ұрындырған азамат соғысы басталды. Ташкент қаласы қазақтарға қараған соң, көп ұзамай оны Жәнібек ханның немересі Жалым сұлтан ұлы Тұрсын сұлтан билеген еді. Бертін келе ол тәуелсіз хан болуды көксейді.
Сол заманның тарихшысы Махмұд бен Уәлидің жазуынша, Есім хан 1627 жылы жоңғарларға қарсы жорыққа аттанғанда, Тұрсын сұлтан бар әскерімен Түркістан қаласын шабады. Бейбіт жұртты қырып-жойып, ат тұяғы жеткен жердің бәрін ойрандайды. Есім ханның әйелдері мен бала-шағасын тұтқындайды. Енді Есім ханның өзін құртпақ болып, ауыр соғыстан оралып келе жатқан қазақ әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Бірақ Есім ханға хабар бұрын жетеді. Екі әскер Сайрам қамалының түбінде беттеседі. Есім хан ант бұзған Тұрсын сұлтанның жақтастарын қирата жеңіп, Ташкент бекінісіне дейін тықсырады. Бар әскерінен айырылған Тұрсын сұлтанды нөкерлері тұтқындап, жауының қолына тапсырады. Есім хан опасыз Тұрсынның басын алып, оның қолтығына су бүркіп, қандастарына қарсы соғысқа айдап салған Бұхар ханы Имамқұлға сәлемдемеге жібереді.
2.Невада–Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі сынақ полигонын жабу үшін басталған ұлы күрестің алғашқы қадамы жасалды. Белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаттығына кандидат Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. 1989 жылдың 25 ақпанында, сағат 17-ден 45 минут өткенде Қазақстан орталық телевизиясы арқылы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруларды сынауды дереу тоқтатуды талап еткен және жұртшылықты «Невада» антиядролық қозғалысын құруға шақырған ашық мәлімдемесінен басталды. Дәл сол күні Алматыдағы көп адам жиналған митингте ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдарына, советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық «Жасыл әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тыйым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті.
Тек наурыз айында ғана үндеуге қозғалысты қолдаған миллионнан астам қол қойды, ал қозғалыс қорына көптеген қайырымдылық қаржысы келіп түсті. Ал, 11 наурызда қозғалыстың құрылғандығы туралы шетел ақпарат агенттіктері хабар берді, онда планетамыздың бейбітшілік сүйгіш халықтары өздерінің ынтымақтастықтарын білдіре отырып, қозғалыстың мақсаты мен міндетін мақұлдады. Сөйтіп, қозғалыс халықаралық мойындауға ие болды.
Полигонның 40 жылдық тарихында 459 жарылыс жасалды. 1949-1962 жылдары ашық ауада 88 сынақ, жер қойнауында 3 рет бомба жарылды. 1953 жылдың 12 тамызында әлем тарихында алғаш рет термоядролық құрылғы ашық аспан астында сынақтан өтсе, 1955 жылдын 22 қарашасында жер үстінде жарылған сутегі бомбасы жанталаса қаруланған дүниежүзінің державаларын Кеңес Одағының алдында тізе бүгуге мәжбүр етті. Өйткені, бұл сынақ адамзат тарихында бұрын сонды болмаған еді. Сондай-ақ, Кеңес елі осы уақыт аралығында ядролық заряды бар 6 құрылғыны жеті қат көкке жуық жоғары биіктікте сынақтан өткізіп үлгерді. Ал, жер қабатындағы тік ұнғымалар мен көлбеу туннельдерде 340-тан астам сынақ жүзеге асырылды. Одан 1.5 миллион адам зардап шекті.
1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл ажал отын шашқан полигонның жабылуы, әрісі Қазақстан халқы үшін, берісі Ертістің Семей өңірінің тұрғындары үшін тендесі жоқ қуаныш, үлкен бақыт әкелді. Осы 1991 жылдын шілде айында Қарауылда өткен «Невада – Семей» қозғалысына Франция, АҚШ, Италия, Жапон елдерінің делегаттары қатысып, атом сынағын тоқтатуға өз ұсыныстарын білдірді.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1992 жылғы 15 мамырдағы № 779 Жарлығымен бұрынғы Семей полигонының әскери-өнеркәсіп кешенінің, сондай-ақ республика аумағында орналасқан тиісті ғылыми ұйымдар мен объектілердің негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылды.
Невада-Семей қозғалысының "5-5" формуласы әлемдегі аса ірі полигондарды жабуды білдіреді 3.Андроновтықтардың шаруашылығы бойынша кестені толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |