Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Айқыш-ұйқыш қысқыш тетіктер



Pdf көрінісі
бет105/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Айқыш-ұйқыш қысқыш тетіктер 
Сіз көршілеріңізді Хеллоуинде Дарт Вейдер басының дәл көшірмесімен қорқытқыңыз 
келді делік. Ал келе жатқан иттердің аймақтық сайысында сіздің қадірлі бигліңіздің (иттің 
тұқымы) басына титан диадеманы кигізіп қойса ше? Осы және басқа да мыңдаған 
бөлшектерді өңдеу үшін ұстап тұру қиынға соғады. Атауыздар оларды жапырып тастауы 
немесе пішінін бұзуы мүмкін және арнайы қысқыш тетікті құрастыру мүмкін болса да, ол тым 
қымбатқа түседі.
Бір жақсысы, морт және күрделі бөлшектерді бекіту үшін пайдалануға болатын
көптеген құралдар бар (6-6-суретті қараңыз), олардың кейбірін үйіңізден таба аласыз:

Жабысқақ: екі жақты скотчтың бір орамасын алып шыға бастасам болғаны, 
әріптестерім тығыла бастайтын, алайда бұл үлкен, жұқа бөлшектерді ұстап тұрудың 
ең тиімді тәсілі болып табылады. Көршіңіз оны «қарызға алуын» қоймағандықтан 
тәтті тоқаш пісіруге арналған қалыптарға өз аты-жөніңізді ойып жазу қажет пе? Көп 
мақсатты білдектің шебер үстеліне қалыпты бекітіп алып, фрезерлеуді бастаңыз. 
Енді сізге ешқашан пісіруге арналған қалыптарды қайта сату алуға тура келмейді.

Вакуум: скотч жолағына қарағанда вакуум біршама жақсырақ, жақсырақ болғаны 
соншалықты ол «оғаштардың» санатына жатпайды. Вакуумдық патрондар жиһаздық 
және корпустық өндірісте СББ фрезерлеу білдектеріне шере табақтарды орнату 
үшін кеңінен қолданылады. Олар сондай-ақ ұшақтардың алюминийден жасалған 
қанаттарын өңдеу үшін, электрондық өндірісте көміртекті және пластик панельдерді 


110 
қармап ұстау үшін, сондай-ақ беткі қабатының ауданы айтарлықтай үлкен жұқа 
бөлшектерді сенімді бекіту қажет болатын тұстардың барлығында қолданылады. 

Тұтқыр: бұл оғаш болып естілуі мүмкін, алайда желімді де дайындамаларды бекіту 
үшін пайдалануға болады. Жоқ, біздің айтпағымыз «Elmer» немесе «Gorilla» 
желімдері емес. Кем дегенде қысқыш тетіктерді шығарумен айналысатын бір 
компания санаулы секундтарда бекітілетін және ең шетін және қалыптан тыс 
бөлшектерді берік ұстайтын фотоқатаюшы желідік қысқыш жүйені жасап шығарды.

Аяз мырза: егер сіз балық қоймаңызды маусымның соңғы күнінде ауыстыруға бел 
байласаңыз және оның мүмкін еместігін анықтасаңыз, онда сізге қатып қалған судың 
күші мәлім. Қысқыш тетіктердің бірнеше жеткізушілері осы құбылыстың арқасында 
«мұздану пластиналарын» қолдана отырып, өздеріне капитал жинап алды, олар сіз 
түсінгендей, бөлшектерді орнында механикалық өңдеуден соң ерігенге дейін 
қалдыра отырып, судың жұқа қабатын нөлден төмен температураға дейін жылдам 
мұздатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет