Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Білдектерді қашықтықтан бақылау



Pdf көрінісі
бет206/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Білдектерді қашықтықтан бақылау 
Ұзаққа созылған жұмыс күнінің аяғында жарықты сөндіріп, есікті жауып, отбасыңыз бен 
достарыңызға барғанға не жетсін? Ал егер сіз келесі күні немесе дүйсенбі күні таңертең көлдегі 
демалыстан соң қайтып келгеніңізде дайын бөлшектердің дестесі дайын тұрса, одан да жақсы 
болған болар еді. 
Осындай толығымен автоматтандырылған өндіріс ИӨМ-нің арқасында мүмкін болды, 
дегенмен тіпті ең функционалды автоматтандырылған жүйенің өзі құралдың оқыс сынуына 
бейім немесе көп миллионды техниканың мүмкіндігін тауысатын мөлшерлес емес шикізат
кесегі түсіп қалады. Әзірше ИӨМ-нің біреуге түн ішінде қоңырау шалып, ол адамға «Әй, бір 
мәселе туындап тұр, шалбарыңызды кие салып, осында келгеніңіз дұрыс» деп айту мүмкіндігі 


208 
болғанға дейін толығымен автоматтандырылған өндірістің келешегі саусақтарыңызды 
айқастырып, бәрінің жақсы аяқталатынан үміттенуге саяды. Мұндай жария ету түрі білдек 
жабдығын қашықтықтан бақылау жүйесі деп аталады. Бұл зымыран құрастыру емес және 
өтелуі үшін қымбат тұратын көп операциялық білдектерді немесе парктерді, не роботтарды
қажет етпейді. Шын мәнінде, ары кетсе бір-екі мың долларға (немесе одан да азға) және 
ғаламторға қосылу бағасына іс жүзінде кез келген цехты түнгі ауысымда әрі операторсыз 
білдектер жасаудың сойқанына айналдыруға болады.
Әрине, қайталым уақыты тым көп болмас (кейбір баспа-пішіндерді қысыммен құю үшін 
дайындауға бірнеше күн кетеді) немесе сізде шыбықты беріліспен жабдықталған жону білдегі 
бар болса (көптеген цехтарда анағұрлым кеңінен таралған және көбіне білдектің жұмысын 
оператордың қатысуынсыз бірнеше сағат бойы ұстап тұра алатын), онда сіз, бәлкім, 
материалдарды алып-салудың автоматтандырылған қондырғысының бір түрін ‒ 
қызметкерлер үйіне кеткен кезде жұмыс істеп тұрған білдекке шикізаттың үздіксіз берілуін 
қамтамасыз ету үшін тұғырықтарды ауыстыруға арналған роботты немесе қондырғыны қажет 
етерсіз. Сізге сонымен қатар жоңқаны алып тастауға арналған тасымалдағыш, тамаша жоңқа 
бұрмасы, құралдың тозуға төзімділігін бақылау қондырғысы, сүмбіні бергішпен өлшеу және 
болжамды үдерістер қажет болады (қажет болуы ықтимал). Осы және басқа да маңызды 
білдек саймандары үшін 8-тарауды қараңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет