Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет208/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
Ақаусыз жүйе
Сымсыз болу-болмауына қарамастан барлық компьютер желілері қорғалуы тиіс. Егер 
мен танымал жылжымайтын мүлік алпауытынан таптаурынды қарызға ала алатын болсам, ең 
қажетті нәрсе ата-анасының үйіндегі жертөледе тұратын, сіздің үйіңізге, жұмысыңызға немесе 
зауытыңызға зиян келтіру үшін бос уақыты жеткілікті есерсоқтау адамның болғаны. Ол бір 
қарағанда еш зияны жоқ, салымында вирусы бар хат жіберу, компьютерді немесе серверді 
түнделетіп бұзу немесе нашар қызмет көрсетілетін брандмауэрді орағытып өту арқылы 
ғаламторлы үйлесімді білдекке шабуыл жасау мақсатындағы дүние. Төменде бірнеше кеңінен 
таралған нашар жігіттің (немесе нашар бойжеткеннің) зиянкес компьютерлік бағдарламалар 
түрі келтірілген: 
»» Жарнамалық БЖ: сіздің төмен пайыздық мөлшерлемені немесе Дисней Лэндке тегін бару 
жолдамасын ұтып алуды жарнамалайтын ығырыңды шығаратын қалқымалы терезелерді 
көргеніңіз бар ма? Кейбір сайттар осы пайдасыз назар аудартуды өз бетінше түрлендіреді, 
бірақ бұл өткен аптада ДК тазалауға арналған тегін бағдарламамен бірге орнатып алған 
кездейсоқ ЖБ жарнамасы болуы да мүмкін.
»» Бопсалаушы-вирус: сіз кешкі жаңалықтардағы болған жайттарды көрдіңіз. Сіз бен мен 
секілді қарапайым адамдардың (сіз қарапайым адамсыз ғой, иә?) компьютерлерін бұзып
олардың барлық жеке ақпараттары арғы жақтағы оңбаған бұзақы төрт жүз долларын алғанға 
дейін кепілдікке түседі. Осы ренішті жағдайлар копанияларға да қатысты.
»» Тыңшылық БЖ: жоғарыда сипатталған кейітетін жарнамалық БЖ көбіне анағұрлым пасық 
мақсатқа арналған бағдарламаны ілестіріп жүреді. Тыңшылық БЖ, атауынан көрініп 
тұрғандай, несие карталарының нөмірі мен құпиясөздерін жинап, оларды екінші басындағы 
зұлым адамға жөнелтіп, жарнамалық БЖ-ның артында тыныш отыра береді.
»» «Троян аты»: өзінің атауын Троя қаласын жаулап алу үшін грек жауынгерлері пайдаланған 
шомбал ағаш аттан алған «троян аттары» жүйеңіздің ішіне енген соң достық вирусқа қарсы 
бағдарламаларды бүркеніп, банктік ақпараттарды ұрлайды, вирусқа қарсы бағдарламаларды 
бұғаттайды және басқа да әр түрлі осыған ұқсас былықтар жасайды.
»» Вирус: адамдардың вирусы секілді бұл вирустар да жолындағының барлығының астан-
кестеңін шығарып, тасымалдаушыдан тасымалдаушыға беріледі. Тасымалдаудың ең кеңінен 
таралған түрлерінің бірі ‒ вирустың «Microsoft Word» құжатына немесе «Excel» файлына 
қосылуы, ол содан соң ашқан кезде алушының компьютерін немесе файлдық серверін 
зақымдайды.
»» Құрт: бүгінгі таңда желі аздап баяу секілді ме? Файлдарды жүктеу тым ұзақ секілді, ал веб-
парақшалар бұрынғыдай тез ашылмайды ма? Бұл өзін-өзі бірнеше рет көшірмелеу арқылы 
болатын және өткізгіштік қабілетті тұтына отырып, тасымалдаушы компьютерді қайта жүктей 
отырып, желі бойынша таралатын бағдарлама ‒ құрт болып табылады.


210 
«Sirefef», «Petya», «CryptoLocker», «Locky, Zeus» ‒ зиянкес бағдарламалар тізімін жалғастыра 
беруге болады. Осыған қарамастан біздің көпшілігіміз мұның бізге ешқашан қатысы 
болмайтындай көріп, күнделікті тіршілігімізді жалғастыра береміз...бір күні біздің басымызға 
түскенге дейін. Осы кезде сыни мәліметтердің ұрланып кетуі, жойылуы немесе құн талап ету 
үшін ұсталып тұруы мүмкін. Жай ғана бүгін жолыңыздың болмағаны.
Қаншалықты қызығарлықтай болғанымен, сыртқы әлемнен қол үзу баяғы өткен 
заманның белгісі (егер, әрине, олар болған болса). Оларсыз қандай бизнестің жұмыс істеуі 
мүмкін екені белгісіз әрекет болып табылатын электронды пошта мен веб-парақшаларды 
қарамай-ақ өмір сүруді ескермегенде, дүркін-дүркін тескіштің жаңартылуын қажет ететін 
білдектер секілді бағдарламалық жүйелер әлі де жүйелі түрде түзетуді қажет етеді. Бұл 
әдетте осындай сандық активтерді ғаламтордан жүктеу арқылы жасалады. Тіпті осындай 
түзетулерсіз-ақ, БЖ, ғаламтор клиенттермен және жеткізушілермен ынтымақтастық үшін және 
т.б. үшін бөлшектердің үш өлшемді модельдері мен құралдар туралы, кесетін құралдардың
мәліметтері туралы анықтама алудың барынша қалаулы әрі басым әдісіне айналуда. 
Көптеген кәсіпорындардың ІТ қажеттіліктерін маман-бағдарламашылар, иеленушінің 
баласы немесе толық емес жұмыс күніне жалданған, барлығы тым нашарлап кеткен кезде 
ғана келетін кеңесші қанағаттандырады. Өндірістің кез келген жерінде компьютерлерге, 
бағдарламалық жасақтамаларға және желілік технологияларға тәуелділіктің артуына 
байланысты бірнешеден астам компьютерлері (оның ішінде СББ білдектерінде) бар 
цехтардың барлығында жүйелі түрде жаңарту мен компания жүйелерін бақылайтын нақты 
айқындалған ІТ стратегиясы болуы тиіс.
Егер сіздің білікті маманды толық жұмыс күніне алуға мүмкіндігіңіз болмаса, осындай 
қызмет көрсетумен айналысатын ІТ фирмасымен ынтымақтастық орнатыңыз.
Арам пиғылды осындай зұлым адамдардан аулақ болу үшін сіз жасай алатын бірнеше 
қадамдар бар. Ең дұрысы барлық білдектерге адамдарды сілтемелерді баспауға немесе 
стикерлерге құпяясөздерді жазып, оны мониторға іліп қоймауға үйрететін жақсы вирусқа қарсы 
бағдарламаны орнатып, содан кейін пайдаланушыларды оқыту болып табылады. Екі әдіс те 
вирустар мен зиянкес бағдарламалардың желі бойынша таралуының алдын алады.
Екіншіден, ғаламторға шығатын кәсіпорындардың барлығында компьютермен 
басқарылатын жабдықты басқа компьютерлерден оқшаулайтын аппараттық брандмауэр 
болуы тиіс. Олардың кейбіреуін желілік қауіпсіздікке арналған жабдықты өндірушілермен 
бірлесе отырып, білдек жасаушылар қолжетімді еткен және олар бірлесіп, білдектерді «IIoT» 
қолдауы бар ғаламторға сенімді қосатын қуатты әрі қолданысы қарапайым қондырғыларды 
ұсынады. Егер сіздің цехыңыз ғаламторда қауіпсіз серфингті жоспарлап отырса, онда сізге 
осы немесе осыған ұқсас қорғану түрлерін қарастырған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет