28
қысқышын босату, қолмен кесу үшін жаңа құралды салу, оны бұрау, кесу, қайталау. Бағымызға
орай, 1861 жылы сол кезде Вермонт штатында Виндзор қаласында «Robbins and Lawrence»
қару-жарақ кешенінде жұмыс істеген «Lamson Goodnow and Company»
өндірген алғашқы
айналғыш қалпақшалы білдек пайда болды (15-суретті қараңыз). Бұл жаңа механизм бұрынғы
білдектердің құрылымына қарағанда құрал алмастыруды анағұрлым жылдамдатты. Шамамен
30 жыл өткенде Джеймс Хартнесс айналғыш қалпақшалы білдекті алып, оны одан әрі
дамытып, білдек операцияларының тиімділігін айтарлықтай
арттыратын жайпақ айналғыш
қалпақшалы білдекті жасады.
Бүгінгі таңда әрбір СББ білдектерінің және кейбір қол білдектерінің 8, 10, 12 немесе одан
да көп кесетін құралдарды сыйғыза алатын айналмалы қалпақшалары бар дерлік. Егер
сіздікінде жоқ болса, уайымдамаңыз: құралдарды алмастыру тез және дәл болу үшін
стандартты «құралкүймешіктің айналмалы бөлігін» тез алмастырылатын сыналы бекіткіші бар
кескіш ұстағышқа алмастырыңыз.
Сіз өзіңіздің қол фрезер білдегіңізді ұқсас қондырғымен: қалайда білдектің сүмбісіне
құрал ұстағышты бекіту үшін қажет болатындықтан, қол талдыратын
сомын кілтін бұрауды
болдырмайтын механикалық өзекше сүмбісімен жабдықтай аласыз. Ал көп мақсатты
білдектер ше? Неліктен автоматты құрал алмастырғыштар немесе АҚА осы білдектерді
анықтаушы сипаттамалардың бірі болып табылады? Олардың көбісі сүмбінің
жанында
орнатылған айналмалы күймешіктегі он екі немесе одан астам құралдарды ұстай алады,
алайда кейбірі «омарталық» немесе тізбекті беріліс бөлімінде жүздеген құралдарды ұстай
алады. Білдекке тиісті пәрмен беріңіз және
тұтқаның ескі құралды алып, орнына
алмастырушыны қоюы «Маған автоматты құрал алмастырғыштар ұнайды» деп айтып
болғаныңыздан тез болатынын көріңіз.
1-5-
сурет: Осы «Lamson, Goodnow and
Co.» 1961
жылы өндірген айналғыш
қалпақшалы білдегінің «Модслей»
бұранда кескіш білдегінің түпнұсқалық
құрылымымен бірқатар ұқсастығы бар.
Егер оны көргіңіз келсе, Вермонт
штатының
Виндзор қаласындағы
Америкалық
дәлдік
мұражайына
аттаныңыз. Оларға сізді Кип жіберді
деп айтыңыз
Достарыңызбен бөлісу: