Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет25/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-
ТАРАУ. 
БІЛДЕКТЕР ТУРАЛЫ АҢЫЗДЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРУ 
 
Егер біз жоқшылық пен тапшылықты азайтқымыз келсе, саналы адамның қауіпсіз өмір 
сүруі үшін қажеттінің бәрін лайықты жанға бергіміз келсе, біздің көбірек жабдықтар
өндіргіміз келеді, көбірек қуатты қалаймыз. Қуат біздің демеуіміз, біздің жан-жақты күш-
қуатымыздың басты көзі болып табылады.
НИКОЛА ТЕСЛА 
Егер сіз алдыңғы бөлімді оқып шықсан болсаңыз, онда бәрін ‒ механикалық білдектердің 
тарихы туралы білуге тиістің бәрін дерлік жақсы білесіз. Сіз әлі инженер-механик немесе 
тәжірибелі ұста болмасаңыз да, білдектердің өз қызметтерін орындауы үшін қажетті тісті 
беріліс, тегермеш, жетек жүйесі және басқа да қондырғылар туралы олардан да көп түсінесіз. 
Керемет қой, солай ма? 
Егер оны оқымаған болсаңыз да түк етпейді. Сізге сенбі күні кешкісін «Сайнфелд» 
сериалын қайталап көру үшін теледидарды кім ойлап тапқанын (оны 1927 жылы ойлап тапқан
Фило Тэйлор Фарнсуорт болып табылады) немесе олардың қалай жұмыс істейтінін (шамдық
теледидарларда электронды прожекторлар болған, олар бүгінгі таңда электронды-сәулелі 
өңдеу ретінде танымал үдеріс ‒ металды жоғары жылдамдықпен бұрғылау үшін 
қолданылады) білу қажет емес. Жоқ, осы бөлімді оқу үшін маңызды дүние ‒ заманауи білдек
жасау технологиясының ғажайыптығын бағалай білу.
Осы ғажайыптықтың жақсы мысалы СББ (Сандық бағдарламалық басқару) білдегінің 
«шешімі» немесе білдек жасай алатын ең кіші қадам болып табылады. Жоғары дәлдікті 
«алмас қайрауы бар» жону білдегінің қолжетімді коммерциялық маркаларының бірі (олар 
шын мәнінде алмасты кеспейді, бірақ алмасты кесетін құралды пайдаланады) электр 
жүргізгішінің 8 пикометрлік немесе 0,0000000003 дюймдық шешімімен мақтана алады. 
Ойлап көріңізші. Сегіз триллион метр. Бұл шамамен криптон атомы аумағының оннан бірі 
болып табылады. Басқаша айтқанда, егер адамның шашы Жер планетасының диаметріндей 
болса, алмас қайрауы бар білдектің операторы тереңдігі 3 фут болатын саңылауды тесуді 
бағдарламалап қойған болар еді. Осы білдек 0,05 мкм (мөлшері полиамелит вирусындай 
болатын) шегіндегі және беткі қабат жиілігі 0,87 нм шегіндегі қалып дәлдігін бере алады
тегістігі соншалықты, оның титтей дөңесі мен ойысында фуллеренді тығып қою мүмкін емес 
(2-1-
суретті қараңыз). 
ОСЫ ТАРАУДА: 
1. 
Үдерісті бақылау: қағаз таспасынан
СББ-не дейін
2. 
Көпмақсатты білдектердің құпиясы 
3. 
Жону білдектерінің құпиясы 
4. 
Көп 
тапсырмалы 
орындаудың 
артықшылықтары 


32 
2-1-
сурет: Оптикалық 
өндірісте кеңінен 
қолданылатын алмас
жону білдектері асқан 
дәлдігімен және таза
мәрелі өңдеу 
мүмкіндігімен 
танымал 

Фотоны ұсынған: Мур нанотехнологиялар жүйесі 
Әрине, білдектердің көбі тура осындай дәл емес, бірақ түкке алғысыз да емес. Бір көп 
мақсатты білдектің бренді тұрғыландырудың дәлдігі +/- 0,000060 дюймға дейін (0,0015 мм), 
ал қайталануы +/- 0,000040 дюймға (0,001 мм) дейін деп жарнамалайды. Ал екіншісі беріліс 
жылдамдығы минутына 1181 дюйм немесе сағатына 13 миль деп мақтанады. Осы металл 
«бишілер» тар бұрыштар мен күрделі бөлшектердің арасынан бірнеше бағытқа бір мезетте 
өте отырып, осы жылдамдықта салмағы жарты тонна дайындамамен орағыта алатынын және 
дәлдікті жоғалтпастан, бағытты лезде өзгерте алатынын ұғынғанға дейін ол жылдам болып 
көрінбеуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет