Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет27/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Көп сүмбілі әбігер 
Неғұрлым көп болғаны жақсы ғой, солай ма? Бұл білдектер әлемінде көп қолданылатын 
пікір, күнделікті өмірде де солай. Білдек өндірушілер мұны үнемі түсінген, сондықтан олардың 
көбі жұдырықшалы жетегі бар білдектертерді жұдырықшалы жетекпен көп сүмбілі бұрамалы 
машиналарға айналдырып жіберген. Гатлинг пулеметі секілді осы асқан өндірімді білдектер 
бір сүмбілі ағайындарына қарағанда бөлшектерді төрттен сегізге дейін артық шығарады 
(сүмбінің санына байланысты) әрі олар айналдырғы қыспағының кез келген көрсеткішімен әзір 
тұрған дайындаманы шығару мүмкіндігіне ие.
Көптеген жұдырықшалы жетегі бар білдектер өндірістен шыққан немесе СББ білдектеріне 
ауысқан, бірақ көп сүмбілі технологиялар әлемінде қайсыбірі амалдап қалған, тіпті көркейіп 
кеткендері де бар. Алайда мұнда да көбі жұдырықшаға қосымша бір немесе бірнеше СББ 
слайдтарын ұсынады, бұл олардың өнімін дәлірек, икемді және баптауын қарапайым етеді.
О-матикалық (автоматты) фрезер білдегі 
Қатардан қалмау үшін бірқатар құрылысшылар бірнеше жыл бойы жұдырықшалы білдегі 
бар фрезерлік білдектер шығарды. Көбіне олар бөлгіш бастиек және бұрмалы үстел, сондай-
ақ көшірме және саптамалы шығыршық секілді осы білдектердің күрделі пішіндерді 
фрезермен өңдеуіне мүмкіндік беретін үстел жабдықтарымен жабдықталған. Кейбірінің 
«көтеру және түсіру» мүмкіндіктері болды, бұл сүмбі бастиегінің тік ауыстырылуын үстелдің 
ауыстырылуымен үйлестіруге болатынын білдіреді, ол бөлшектерді әзірлеу кезінде үлкен 
еркіндік береді. Көптеген жұдырықшалы және гидравликалық басқаруы бар жону білдектері 
секілді қазіргі кезде бұл машиналар заманауи СББ жабдықтары ұсынатын қолдануға оңай 
дәлдік пен икемділікті бере алмайтындай ескінің қалдығы болып саналады.
Сандық басқару бойынша жолбасшы 
Кез келген қол фрезер, жону немесе ажарлау білдегіндегі бұрандалы тұтқышты 
алмастырыңыз, компьютерге әрбір біліктің нақты орналасқан жерін үздіксіз мәлімдейтін кері 
байланыс механизмін қамтамасыз етіңіз және бұрын білікті қолмен бұраған адамдарға 
компьютерді жасақтайтын тілді үйретіңіз. Не болатынын тауып көресіз бе? Сіз қазір ғана СББ 
білдегін жасадыңыз.
Әрине, заманауи СББ жоғарыда сипатталған орналастыру жүйесіне қарағанда 
анағұрлым күрделі. Заманауи білдектердің жылдамдығы, дәлдігі және өнімділігі СБ (сандық 
басқару) өнертапқыштары, содан кейін СББ білдектерінің технологиясы қарастырғаннан көп 
ілгері.
Бұл көзқарас білдектерді компьютерлендіріп басқаруға патентті рәсімдеген және сол 
ойлап тапты деп есептелетін Джон Т. Парсоннан басталды, алайда істің көбін атқарған оның 


34 
қарамағындағы жұмыскері Франк Стулен болып табылады. Осыған қарамастан олардың екеуі 
де еңбектері үшін 1985 жылы Технология мен инновацияның ұлттық алқасын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет