» Ұшы ұзартылған бұрғы: құрылыс дүкеніндегі құрал-саймандар бөліміне барыңыз. Ол жерден
кездестіретін бұрғылардың көбі ең көп қолданылатын түрі болып табылуы мүмкін «ұшы
ұзартылған бұрғы» деп аталады. Бұрғыны өндіруші мен бұрғының көлеміне байланысты: ұшы
ұзартылған бұрғылардың ұзындығы оның диаметрінен шамамен 9-14 есе көп әрі олар жақсы
әмбебап бұрғылар болып табылады. Дегенмен олар тиімділігі жоғары өңдеу үшін ең жақсы
таңдау болып табылмайды.
» Шыбықты жону автоматы: әдетте шағын кеңістіктерде шыбықты жону автоматтарында
жұмыс істеуге арналған бұл бұрғылар ұшы ұзартылған бұрғыларға қарағанда едәуір қысқа.
Бұл, әрине, оларды қатты етеді және ұшы ұзартылған бұрғыларға қарағанда көбіне алдын ала
жасалған саңылаусыз және берілістің жоғары жылдамдықтарында бұрғылауға арналған.
» Конустық бұрғы: тереңірек саңылау қажет пе? Конустық бұрғы өз атауын «конустық ұшы бар»
ұқсас бұрғыдан алған, ол құралды бекіту үшін кәдіулгі патронды емес, конустық жалғастырғыш
тетікті қолданады және негізінен шыбықты жону автоматтары мен ірі тасымалды
жабдықтарды қолданылады. Олардың екеуі де бұрғы диаметрінен 8-30 ұзындықта қолжетімді.
Көптеген бұрғылар ANSI (стандартты (Америкалық бірліктер жүйесі бойынша
өлшем бірліктерін белгілеу)) және ISO (метрикалық) кестелеріне сәйкес
өлшемдермен қолжетімді. ANSI стандарты бойынша олар #80-нен (0,0135
дюймнан) #1 (0,228 дюймға) дейін, келесі A-дан Z-ке дейінгі сандық
белгілермен (0,234-тен 0.413 дюймға дейін) және 1/64-тен 1 дюймға дейінгі
бөлшектік белгілермен таңбаланады. Метрикалық жүйеде біршама
қарапайымдау бұрғылардың көлемі 0,35-тен 25 мм-ге дейін 0,05-мм-ге
ұлғайтылуы мүмкін. Бұл жүйе аздап шатысыңқы, сондықтан анағұрлым жиі
кезедестін бұрғылардың өлшемдері бойынша қысқаша нұсқаулық алу үшін
сатушыдан «бұрғылардың сәйкестік кестесін» сұраңыз.
Қолайлы бұрғыны қалай таңдауға болады?
Механикалық өңдеу саласындағы бұрғылардың атқаратын аңызды рөліне қарамастан,
олар тым көп, сәйкесінші оларды осы бөлімде толық сипаттау мүмкін емес. Дегенмен сізге
қолайлы бұрғыны таңдап алуға көмектесу үшін бұрғыны таңдау кезінде бірнеше маңызды
тармаққа көңіл бөлген жөн:
Достарыңызбен бөлісу: |