Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Үдерісті еке есеге арттыру: карбид



Pdf көрінісі
бет77/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Үдерісті еке есеге арттыру: карбид 
Беріктігі, қаттылығы және төзу төзімділігіне бола ол ТКБ-қа қарағанда төрт есе (немесе 
одан да көп) айналымда жұмыс істейтін кесетін құралдарға арналған материалдардың ішіндегі 
ең көп пайдаланылатыны болып табылады. Өзінің ең берік болмауына қарамастан, осы атау 
әділдігінде алмасқа, кубтық бор нитритіне (КБН (CNB)) және кейбір керамикалық 
қорытпаларға тиесілі, ол индекстелетін кесу пластиналары, қатты қорытпалы бүйірлік фреза 
мен бұрғылар, тіс кескіш бұрамдық жонғыш, баспақалыптың құрал-саймандары және т.б. үшін 
артықшылықты материал ететін, кесетін өндірімділік пен құнның арасындағы үздік тепе-
теңдікті береді.
Полиэтиленгликольмен танысу 
Алайда мұнымен карбид туралы айтылып біткен жоқ (әдеттегідей емес пе?). Осы 
бөлімнің басында мен вольфрам туралы және оның, өзіңіз де түсініп тұрғандай... «вольфрам 
карбиді» деп аталатын химиялық қоспаны алу үшін көміртекпен қалай қосылуды ұнататыны 
туралы жазған болатынмын. Бірақ вольфрам карбиді қосындылау элементінсіз жарамсыз 
болып қалады. Кесетін құралдар әлемінде ол кобальт болып табылады. Карбид өндірісі терең 
техникалық үдеріс және әрбір жеткізушінің өзіндік құпия қоспасы бар, алайда карбидті кесетін 
құралдар өндіру үшін жасалатын қадамдардың шамасы келесі: 
1. 
Вольфрам карбиді ұнтағының кобальт ұнтағының бір бөлігімен араластырылған
жеті бөлігін шарықты диірмен деп аталатын білдекке салыңыз.
2. 
Түрлі механикалық қасиеттерді, солардың бірі ‒ «шұңқыр пайда болуына» 
төзімділікті жақсарту үшін аздаған титан карбидін (TiC) және/немесе тантал карбидін (TaC)
қосыңыз.
3. 
Бірнеше сағаттан соң диірмендегі пайда болған қоспаны алып шығыңыз және 
азоттың көмегімен кептіріңіз, содан соң лубриканттар мен іш жүргізетін дәрмектер өндірісінде 
қолданылатын 
химиялық 
қосынды 
болып 
табылатын 
ПЭГ 
(PEG) 
немесе 
полиэтиленгликольдің шамалы көлемімен араластырыңыз. ПЭГ келесі қадамның кезінде 
желімнің қызметін атқарады: қысыммен сығымдау. 
4. 
Осы «жезтырнақтың сұйық асын» мұз түйірлеріне арналған шағын науалар 
секілді бірнеше баспақалыптарға құйыңыз, бірнеше тонналық басқымен басыңыз және 
алынған қалыптарды жайпақ табаға төгіңіз.
5. 
Ваккумдық пеште аз уақыт болған соң осы карбид тәтті тоқаштары 1495°С-қа
дейін (кобальттың балқу нүктесі) барады, осы орайда бір сиқырлы нәрсе орын алады: бір 
сәтте барлық қалып бастапқы көлемінен 60 пайызға отырады.
Сондықтан қатты қорытпалы кесетін құралдар цементтелген карбидтен жасалған 
кескіштер деп жиі аталады, себебі қоспа қосындылау элементі кобальтпен цементтеліп 
қалғандай болады. Салынған қосымшаларды, қалыптарды және дайындамаларды пештен 
алып шыққан соң олар білдекте өңдеу үшін, ал содан соң механикалық өңдеу мақсаттарында 
бүкіл дүние жүзінде қолдану үшін дайын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет