89
Өнімділік туралы
Назар аударыңыз: көптеген механикалық өңдеу цехтары саңылауларды бұрғылап тесу
бойынша операцияларды мүмкіндігінше тез және азырақ шығынмен жүргізуге ұмтылады. Бұл
көбіне қатты қорытпалы
бұрғыларды қолдануды білдіреді, бірақ олардың құны олардың
өнімділігімен бірдей және цехтың қаражат қоры үшін жауапты тұлға мұндай бағаға келіспеуі
мүмкін. Алайда қобалжудың қажеті жоқ, кесетін құралдардың
өндірушілері бірнеше шебер
баламаларын ұсынуға асығады:
»
Алынбалы немесе ауыстырмалы бұрғылар: осы бұрғылар үшін болат ұштыққа
бекітілетін тұтас қатты қорытпалы кескіш қолданылады. Ол
саңылауларды сапалы
бұрғылауды және құны қымбат емес (қымбат емес дерлік) тұтас қатты қорытпалы бұйымның
өнімділігін береді. Өтпей қалған кезде бұрғыны қайрауға жөнелтіп, қайтадан пайдалануға
болады.
»
Көп қырлы кесетін пластиналары бар бұрғылар: осы бұрғылар үшін бұрғы тәріздес
болат корпустың ұшына бұралатын екі, төрт немесе алты цементтелген
қатты қорытпалы
пластина қолданылады,. Өндірушілерді ренжітпестен айтарымыз, осы өнімдер аса дәл емес
және қатты қорытпалы баламаларына қарағанда беткі қабатты өңдеудің төмен сапасын
береді. Дегенмен олар саңылауларды тез және арзанырақ бұрғылап тесу үшін әлі де болса
жақсы.
Айта кетерлік жайт, осы өнімдер (сондай-ақ басқа да көптеген кесетін құралдар) МСС
берілуін құрал арқылы беруге мүмкіндік туғызады. Жоғары қысыммен айдау жүйесімен бірге
қолданғанда бұрғының өнімділігі мен құралдың жарамдылық мерзімі айтарлықтай арта түседі.
Осы туралы нақтырақ 9-тарауда қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: