Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет83/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

» Жабындалуы: әдетте бұрғылардың екі түрі болады ‒ жылтырақ (жабынсыз) немесе 
оксидпен не титан нитритімен жабындалған қара түстісі. Кейбір өндірушілер қосымша 
жабындауды ұсынады, оның ішінде TiAlN, ZrN, AlTiN және т.б.қолайлысын таңдау үшін 
каталогтан немесе веб-сайттан өндірушіні тексеріңіз. 
» Ұзындығы: осы бөлімде бұрынырақ айтылып кеткендей, ұшы ұзындалған, конустық 
бұрғылар, шыбықты жону автоматтары ұзындығы бойынша ең көп таралғандар болып 
табылады, алайда басқалары да бар, оның ішінде ұшақтарға арналған ұзартылған бұрғы мен 
аса ұзындар, қысқалар және т.б. Есіңізде болсын, ең бастысы, сіздің қолданыс салаңыз үшін 
ең қысқа бұрғыны пайдалануыңыз қажет. 
» Сағақ түрі: көптеген бұрғылардың сағақтары сәл ғана кішірек домалақ болып келеді, бірақ 
шын мәнінде бұрғының өз диаметрінің көлеміндей болады. Бұрғылардағы 1 /2 дюймға ірілеу 
өлшемдегі сағақ кейде қармап алудың шектеулі диапазонына байланысты, бұрғының қысқыш 
патронында пайдалану үшін диаметрі 1/ 2 немесе 3/8 дюймға дейін кішірейтіледі (оларды
«Silver» және «Deming» бұрғылар деп те атайды). Мұндай бұрғыларды аса қажетті 
жағдайларда қолдануға болады, бірақ есіңізде болсын, одан да жақсырақ құралдар бар.
» Кесу жиегі мен айналу білігінің арасындағы бұрыш: бірнеше ондаған жыл бойы 118º 
бұрыш әмбебап жұмыстар үшін алтын стандарт болған, ал 135º бұрыш қаттырақ материалдар 
үшін пайдаланылған. Дегенмен өндірушілердің көпшілігі бұрышты 140º-қа дейін арттырып, 
ТЕХНИКАЛЫҚ 
АҚПАРАТ


88 
бұрғыны өз қалаулары бойынша шығара бастады. Олар тым қатты материалдар үшін аса 
тиімдіі. 
» Жырашық түрлері: кейбір бұрғыларда тік шиыршықты жырашықтар бар, ал басқаларында
олар еңіс немесе оларда жырашықтар мүлдем жоқ. Әрбір түрі жоңқаларды барынша тиімді 
тәсілмен алып тастауға арналған, бірақ әдеттегідей тік шиыршықты жырашықтар жұмсақ 
материалдарға арналған, мысалы, алюминийге, еңістері шыңдалған болат пен 
суперқорытпаларға арналған.
» Ұштық түрлері: бұрын білдекші-операторлар бұрғылау кезіндегі қысымды азайта отырпып,
ажарлау шарығын бұрғының ұштығын «бөлу» үшін жиі қолданған. Қазіргі кезде өндірушілер 
осындай тәсілді 135º ұштығы бар бұрғыларда әдепкі қалпы бойынша жиі ұсынады.
Атауының 
нені 
меңзейтініне 
қарамастан, 
орталық 
бұрғыларды 
(қосындыланған бұрғы немесе конустық үңгі ретінде де танымал) 
дайындамадағы алдын ала саңылауды жасау үшін пайдалануға болмайды. 
Бұл біліктің ұшындағы немесе басқа ұзын бөлшектің ұшындағы конустық 
пішінді беру үшін, дайындаманы сүйемелдеу үшін артқы басшаны немесе 
ажарлау білдегін (осыдан атауын алған) қабылдайтын арнайы құралдар 
болып табылады. Олардың маңызды функциясына қарамастан орталық 
бұрғылар бұйымды ақауы барға айналдырып, бастығыңызды наразы 
қылатындай, өте осал болып келеді және оңай сынады.
Бұрын білдекшілердің көбі үстел үстілік ажарлауды оларды мұқият икемдей 
отырып, бұрғыларды қолмен егейтін. Кейбір тәжірибелі білдекшілер осының 
шебері болатын, ал қалғандары үшін жетістікке қол жеткізу кездейсоқтық 
болып табылатын... Бұрғыны қолмен егеген ардагерлердің барлығы зейнетке 
шығып, Флоридаға кетіп қалды, сондықтан пайдаланылған бұрғыларды егеуді 
осы саланың мамандарына сеніп тапсырған жөн. Бұрғыларды құралдарды 
егеумен айалысатын цехқа немесе қайтадан өндірушіге жөнелтіңіз, әсіресе 
сіз жаңадан шыққан жоғары өнімді бұрғыларды (немесе бүйірлік 
фрезаларды) пайдаланатын болсаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет