Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет203/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Жарықты сөндіріңіз 
Сіз кәдімгі цехтың басқарушысымын немесе иесімін деп елестетіп көріңіз. Өндірістік 
цехтың қабырғасында тік көп мақсатты СББ білдектерінің қатары тұр. Оған қарама-қарсы СББ 
жону білдектері орналасқан, олардың кейбіріне шыбықты беру қондырғылары қосылған. 
Мүмкін, бойлай жону автоматы, сымды электр желіленумен өңдеу немесе бұрғы, сондай-ақ 
түрлі ажарлағыш жабдықтар да бар шығар. Егер сіздікі өркендеуші компания болса (және сізге 
тапсырыстар келіп жатса), цехтың бір бұрышында бір-екі бес білікті білдектер немесе көп 
мәселелі білдектер де бар болуы мүмкін. Сіз нені болса да өңдей аласыз.
Егер сіздің цехыңыз басқа да көптеген цехтарға ұқсас болса, онда оператор әрбір 
білдектің немесе бір-екі білдектің алдында тұрып, бөлшектерді сабырлылықпен жүктеп және 
алып, жол-жөнекей олардың жиектерін тексеріп тұратын болады (13-1-сурет). Оператор 
құралды тексеріп немесе алмастырып жатқан кезде, түскі үзіліске шыққан кезде, бөлшекті 
оптикалық компараторда қарау үшін техникалық байқау бөлмесіне кеткен кезде немесе 
досынан келесі балық аулауға баруы туралы сұрауға кетіп бара жатқан кезде, машиналардың 
жұмыс істемей тұруы тым жиі болады.
13-1-
сурет: Таныс көрініс 
пе? Бәлкім, осындай 
тәсілмен механикалық 
өңдеуде тұрған ешнәрсе 
жоқ та шығар, алайда 
кейбіреулер жақсарту 
жасау орынды деп айтқан 
болар еді 
Әрбір тапсырма орындалған соң тапсырмалардың санына қарай күніне бір рет 
немесе аптасына бірнеше рет, қайсыбіреу келесі тапсырманы баптаумен бір сағат, 
жұмыс күнінің жартысын немесе одан да көп уақыт жоғалтып жатқан кезде аппарат 
қолжетімсіз болады. Осы уақыт ішінде баптау жөніндегі маман (бәлкім, ол сіз 
боларсыз) машинаға кесетін құралды орнатады және оны иницациялайды
қысқыштарды немесе қысқыш жұдырықшаларды алмастырады, бағдарламаларды 
жүктеп, оларды сынап көреді, сондай-ақ бірінші бөлшекті сынақ үшін шығарып 
көреді, содан соң сіз қабылдауды күтесіз (сол арада пайдалы бір нәрсені жол-
жөнекей істе жүріп) немесе саусақтарыңызды айқастырып, бірінші бөлшекті 
қабылдаусыз бүкіл тапсырысты шығарасыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет