Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет202/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
 
 
 
 
 
 
 
13-
ТАРАУ. 
КЕЛЕШЕККЕ ҰМТЫЛУ 
Егер мен басқаларға қарағанда көбірек көрген болсам, ол тек солардың иығында 
тұрғанымның арқасы.
ИСААК НЬЮТОН 
Мен осы кітапта көптеген қызықты нәрселерді талқылаймын. Кесетін құрал мен шойын, 
компьютерлендірілген білдектер, адамдармен бірге жұмыс істейтін жылы шырайлы роботтар 
және күнелту үшін бөлшектерді өңдеу дегеніміз нені білдерді деген секілді заттар. Қалай 
болғанда да осы тақырыптардың кейбірінің металл кесудің шынайы механикасына қатысы 
да жоқ, дегенмен өңдеу үдерістерін барынша тиімді (және тартымды) етуді талқылаған дұрыс 
болады.
Мен сізді осы пікірлердің кейбірін ұстап алып, жібермей, олармен жұмыс істейді деп 
сенемін. Егер сіздің цехыңыз (немесе болашақ жұмыс берушінің цехы) қалған басқа да 
көптеген цехтарға ұқсас болса, яғни жеңіл нысаналар көп болса және өндірістік 
компаниялардың қорытынды нәтижесін барынша жақсарту үшін сізге тез өзгеріп жатқан 
құралдар мен цехты басқаруға арналған бағдарламалық жасақтамаға қыруар қаражат 
салуыңыз қажет болмас. Аздап жоспарлау, цехты біршама ұйымдастыру және үнемді 
өндірістің бірнеше қағидаларын қолдану ‒ міне, осылар көбіне үздіксіз жетілдіру үшін 
қажеттінің бәрі болып табылады.
Ең жаңа және ең жетілдірілген өңдеу, бөлшектерді бекіту, құралдарды бекіту 
технологиялары мен бағдарламалауды енгізу мақсатында қаржылық мүмкіндіктері барлар 
үшін және осыны саналы әрі тиімді түрде жасай алатындар үшін марапаттар шексіз. Сіз 
бизнесте салмақты болу және көп уақытқа қалу үшін үлкен қадам бастыңыз. Енді сіздің 
табысыңызға басқалар да кенелуі үшін білгеніңізбен бөлісіңіз. Біз сізбен біргеміз.
Осы тарауда сіз «цехымызды барынша жақсы етейік» тұжырымдамасында одан әрі не 
күтіп тұрғанын білетін боласыз. Цехтағы әрбір білдекті пайдалану коэфициенті бас тартпай 
жұмыс істеудің 95 пайыздық межесінен асқан кезде сіздің клиенттердің қажеттіліктерін 
қанағаттандыру және уақтылы жеткізу көрсеткіштеріңіз осыған қарағанда бірнеше деңгей 
жоғары болар деп және компаниядағылардың барлығы сіздің істеп жатқаныңызды мақтан 
тұтар үміттенемін, жаңа аймақтарға өту уақыты келді. Әрине, сіз оқиын деп жатқандардың 
кейбірі, мысалы, сымсыз желілер мүмкін бар да шығар, алайда олар одан әрі жұмыс істеу 
үшін жеткілікті деңгейде қауіпсіз әрі сенімді ме? Осыны қарастырайық.
Оны өлшеудің бірнеше тәсілі бар, бірақ ең бастапқы деңгейде жабдықтың 
жалпы тиімділігі (overall equipment effectiveness, OEE) білдек сол аралықта
ОСЫ ТАРАУДА: 
1. 
Клиенттердің қажетіліктерін дер 
кезінде қанағаттандыру 
2. 
Аз күш жұмсап, көбірек ақша табу 
3. 
Бір орнында отырып басқарушы 
4. 
Желі қауіпсіздігін қаматамасыз ету
5. 
Зиятты құралдарды ұсыну 
6. 
Өнімділікті талдау 
ТЕХНИКАЛЫҚ 
АҚПАРАТ


205 
шын мәнінде, бірдеңе өндіретін уақыттың пайызы болып табылады. 
Кейбіреулер мұны білдектің пайдалану жарамдылығы, белгілі бір уақыт 
ішінде өндірілген жарамды бөлшектердің өлшенген тиімділігі мен пайызы
ретінде сипаттайды. Басқалар мұны өндірістің жоспарланған уақытына 
бөлінген, қайталымның мінсіз уақытына көбейтілген бөлшектердің саны деп 
айтады. Өзіңіздің «ОЕЕ» кеңесшіңізбен немесе бағдарламалық жасақтама 
жеткізушіңізбен пікір таластырудан қысылмаңыз, бірақ оны бағалау және ол 
үшін сапалы әрі келісілген әдісті пайдалану аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет