Дәріханада салмақпен, көлеммен,тамшымен дозалау үшін қолданылатын қондырғылар мен аппараттар
Кез келген дәрілік препаратты дайындау оны құрайтын ингредиенттерді
дозалауды қажет етеді. Дәрілік заттардың фармакологиялық әсер көрсетуі олардың физикалық және физика-химиялық қасиеттеріне ғана емес, сонымен бірге, олардың дозаларына да байланысты. Дәріхана тәжірибесінде дозалаудың үш тәсілі қолданылады: салмақ (масса) бойынша, көлем бойынша және тамшымен дозалау.
Салмақ бойынша дозалау. Дозалау тәсілдерінің ішінде ең жиі қолданылатын тәсіл қатты заттарды да, сұйық заттарды да өлшеуге болатын – салмақ бойынша дозалау. Салмақ бойынша дозалау 2-ші класс техникалық таразылар тобына жататын және эталонды массалармен (өлшегіш тастармен) салыстырғанда дене салмағын көрсететін рычагты таразыларда жүргізіледі. Бұл - дәріханалық қол таразылары, тарирлі техникалық таразылар.
Дәріханалық қол таразылары. Олар сусымалды материалдарды өлшеуге
арналған таразылар, яғни, дәріханаларда, бақылау-аналитикалық және басқа лабораторияларда ұнтақ тәрізді дәрілік заттарды, олардың қоспаларын өлшеуге арналған. Дәріханалық қол таразыларының әртүрлі өлшемдері болады: ВСМ-1, ВСМ-5, ВСМ-20, ВСМ-100
Тарирлі таразылар (ВКТ), немесе Мор таразысы. Сусымалды материалдарды өлшеу таразыларынан басқа, салмақ бойынша дозалау үшін тарирлі техникалық таразылар кеңінен қолданылады. Олардың бірнеше маркалары болады, колонкадағы тарирлі таразы, немесе Мор таразысы (сурет-7); Т-2 – 2-ші класты техникалық таразы. Дәрілік препараттарды дайындау кезінде құрғақ, қою және сұйық заттарды
салмақ бойынша дозалау үшін жіберілетін жүк шегі 50 г 1 кг дейін болатын тарирлі таразылар қолданылады. Салмақ бойынша дозалау - тарирлеу, яғни, тараға тең тара массасын теңестіруге негізделгендіктен,
оларды тарирлі деп атайды.
Дәл дозалауды қамтамасыз ету үшін, конструкциясына байланыссыз,
таразылар 4 негізгі метрологиялық қасиеттерге ие болуы тиіс:
тұрақтылық, сезімталдық, дәлдік, көрсеткіштердің бір қалыптылығы.
Тұрақтылық – тепе-теңдік қалыптан шығарылған, бірақ, бастапқы
қалпына 4-6 тербелістен соң қайта келетін таразы қабілеті.
Сезімталдық – тостағаншаларда жатқан жүктер арасындағы минимальды айырмашылықты көрсететін таразы қабілеті. Таразы сезімталдығы иінағаш иығы ұзындығына тура және иінағаш
салмағына, жүксалмаққа (тостағанша салмағына, жүкке, артық тиеуге),
иінағаштың иілген шамасына, сүйеу (трек) нүктесінен иінағаштың
орталық күшіне дейінгі қашықтыққа кері пропорционалды
Дәлдік – өлшенетін дене массасы және стандартты өлшегіш тас массасы арасындағы дұрыс қатынасты көрсететін таразы қабілеті.
Көрсеткіштердің бір қалыптылығы – бірдей жағдайларда таразыда жүргізілетін, дене массасын бірнеше рет анықтау кезінде бірдей нәтижелер көрсететін таразы қабілеті.
Таразы тастары. Массаны анықтау үшін миллиграммдық және граммдық өлшегіш тастар қолданылады
Сұйықтықтарды көлем және тамшы бойынша дозалау
Дәріхана тәжірибесінде масса бойынша дозалаумен бірге көлем және
тамшы бойынша дозалау кеңінен қолданылады. Масса бойынша дозалау
дәлірек, себебі, көлем және тамшы бойынша дозалау тәсіліне бірқатар
факторлар әсерін тигізеді: температура, сұйықтықтың табиғаты, өлшегіш
прибордың радиусы, жұмысшы көзінің қырағылығы. Көлем бойынша дозалау
тәсілінің бір артықшылығы бар, ол – уақытты үнемдеу мүмкіндігі.
Сұйық дәрілік препараттар ингредиенттерін өлшеу үшін дәріханалық
бюреткалар, пипеткалар және тамызғыштар қолданылады.
Дәріханалық бюреткалар. Бюреткалық қондырғының негізгі бөліктері, ол:
бюретка, жабдықтау түтігі және жабдықтау трубкасы болып табылады.
Бюреткалық қондырғыны 8, 16 және 20 бюреткадан жинақталады. Бюретка –
концентрлі ерітінділерге арналған градуирленген шыны трубка. Бюретканың төменгі жағына шыны ұштық бекітілген, ол бюретканың өлшегіш бөлігіне кірмейді. Бюреткадағы жабдықтаушы түтіктер шыныдан жасалған.
Дәріханалық пипетка қондырғысы. Дәріханалық пипетка (сурет 10) аз
көлемді сұйықтықтарды өлшеуге арналған. Пипетка комплектісі төменгі
бөлігі тарлау болып келетін градуирленген түтіктен тұрады және 2 тубусы бар: жоғарғы және бүйірлі. Жоғарғы тубусқа сұйықтықты пневматикалық соруға арналған шар тәрізді резина баллон кигізіледі. Бүйірлі тубусқа бос ұшы қатты резина тығынмен жабылған кішірек резина трубка кигізіледі. Пипетканы этикеткамен безендірілген баллон ішіне орналастырады. Пипеткаларды 3, 6, 10 және 15 мл сыйымдылықта шығарады.
Тамызғыш қондырғы. Аз көлемді сұйықтықтарды (1,0 мл дейін)
стандартты тамызғыштан ағу кезінде түзілетін тамшы арқылы өлшейді. МФ
анықтамасы бойынша стандартты тамызғыш – 200 С-температурада 1 мл 20 тамшы суды дозалаушы аспап. Мұндай тамызғыштың тамшы түзгіш бетінің сыртқы диаметрі 3 мм, ішкі диаметрі 0,6 мм. 1 мл (1 г) әртүрлі
сұйықтықтардағы стандартты тамызғыш бойынша тамшы саны МФ
«Тамшылар кестесінде» көрсетілген. Дәріхана тәжірибесінде стандартты
тамызғыш орнына көз пипеткалары қолданылады. Олар алдын-ала
стандартты тамызғыштарға сәйкес калибрленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |