Сұйық дәрілік түрлер үшін дисперстік орталар
Сұйық дәрілік түрлер – суда, спиртте, майда және басқа еріткіштерде дәрілік
заттарды араластыру немесе еріту арқылы алынатын дәрілік түр.
Дисперсологиялық жіктелуі бойынша сұйық дәрілік түрлер еркін дисперстік
жүйеге жатады. Бұл түрде дәрілік зат барлық үш агрегаттық: қатты, сұйық, газ
тәрізді күйде бола алады. Сұйық дәрілік түрлер дәріхананың жалпы
экстемпоральды рецептурасының шамамен 50% құрайды.
Сұйық дәрілік түрлердің артықшылықтары:
- ағзаға тез сіңірілетін болғандықтан, олар терапевтік әсерді тез көрсетеді;
- кейбір препараттарды, мысалы, бромидтерді тек сұйық дәрілік түр ретінде
босату керек, себебі, бромидтер ұнтақ түрінде асқазанның шырышты
қабатында жоғары концентрация түзіп, тітіркендіргіш әсер көрсетеді;
- қолдануы қарапайым және қолайлы;
- ащы дәмді дәрілік заттардың дәмін жасыруға болады;
- технологиясы қиын емес.
Сұйық дәрілік түрлердің кемшіліктері:
- олардың сыртқы орта факторларының (ауадағы бос оттегіннің, жарықтың,
температура өзгеруінің) әсеріне тұрақтылығы төмен;
- олар микроорганизмдердің өсуіне және көбеюіне қолайлы орта болып
саналады, сондықтан, сұйық дәрілік түрлердің сақтау мерзімі қысқа;
- тасымалдауға ықшамды емес;
- дозалануы дәл емес.
ҚР МФ «Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» топтық мақаласы
енгізілген (ҚР МФ т.1, 500 б.). Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер
әдетте, құрамында бір немесе одан да көп әсер етуші заттары бар сәйкес
еріткіштегі ерітінділер, яғни эмульсиялар немесе суспензиялар болып келеді.
Кейбір оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер тек сұйық әсер етуші
заттардан ғана тұруы мүмкін (оральдік сұйықтықтар).
Кейбір оральдік қолданылатын дәрі-дәрмектерді сұйық концентраттарды
сұйылту арқылы немесе оральдік ерітінділер немесе суспензияларды дайындауға
арналған түйіршіктер немесе ұнтақтардан, оральдік тамшылар немесе
шырындарды сәйкес еріткіш көмегімен дайындайды.
Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер ҚР МФ келтірілген жіктелуі:
- оральдік ерітінділер, эмульсиялар және суспензиялар;
- оральдік ерітінділер және суспензияларды дайындауға арналған түйіршіктер
мен ұнтақтар;
- оральдік тамшылар;
- оральдік тамшылар дайындауға арналған ұнтақтар;
- шырындар;
- шырындар дайындауға арналған түйіршіктер мен ұнтақтар.
Сұйық дәрілік түрлердің жіктелуі
Сұйық дәрілік түрлердің келесі белгілері бойынша бірнеше топқа жіктеледі:
147
- қолдану тәсілі бойынша;
- дисперсті фазаның ұнтақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен
байланысы бойынша;
- еріткіштің құрамы мен табиғаты бойынша.
Сұйық дәрілік түрлердің қолдану тәсілі бойынша жіктелуі
1. Ішуге қолданылатын дәрілер – Medіcamentum ad usum іnternum. Бұл
микстуралар (Mіxturae) және тамшылар (Guttae).
2. Сыртқа қолданылатын дәрілер – Medіcamentum ad usum externum.
3. Шаншуға (инъекцияға) арналған дәрілер – Medіcamentum pro іnjectіonіbus.
Сұйық дәрілік түрлердің дисперсті фазаның ұнтақталу дәрежесі және оның
дисперстік ортамен байланысы бойынша жіктелуі
Осы белгі бойынша сұйық дәрілік түрлер келесі топтарға бөлінеді (кесте № 8):
- нағыз ерітінділер;
- жоғары молекулалы қосылыстардың ерітінділері (ЖМҚ);
- коллоидты ерітінділер;
- суспензиялар;
- эмульсиялар;
- күрделі жүйелер – дисперсті жүйелердің негізгі типтерінің қиыстырылуы.
Нағыз ерітінділер. Нағыз ерітінділер екі дисперсті жүйеде болады:
- молекулалы-дисперсті жүйелер, олардың бөлшектерінің өлшемі 1 нм-ден кіші.
Бұлар электролит емес заттардың ерітінділері (қанттың сулы ерітіндісі,
спирттің сулы ерітіндісі);
- ионды-дисперсті жүйелер, олардың бөлшектерінің өлшемдері 0,1 нм-ге жақын болады. Олар электролит ерітінділері (натрий хлоридінің, магний
сульфатының ерітінділері).
Ерітілетін заттың агрегаттық күйіне байланысты нағыз ерітінділер:
- қатты заттардың ерітінділері;
- сұйық заттардың ерітінділері;
- газ тәрізді заттардың ерітінділері болып бөлінеді.
ерітінділер де нағыз ерітінділер секілді молекулалы-дисперсті, бір фазалы
гомогенді жүйелер. Бірақ, бұл ерітінділердің коллоидты ерітінділерге ұқсас
қасиеттері бар. Мысалы, ЖМҚ ерітінділері диализге бейім емес, коллоидты
ерітінділер секілді диффузия жылдамдығы төмен.
Коллоидты ерітінділер. Коллоидты ерітінділер мицеллалар, олардың
бөлшектерінің өлшемдері 1-ден 100 нм-ге (0,1 мкм) аралығында жатыр. Нағыз
ерітінділерден айырмашылығы: коллоидты ерітінділер гетерогенді жүйелер.
Коллоидты ерітінділердің бөлшектері тұнбаға түспейді, жұқа фильтрден өтеді,
бірақ, ультрафильтрде ұсталып қалатындығы белгілі. Коллоидты ерітінділер,
ЖМҚ ерітінділері және нағыз ерітінділер арасында айқын шекара жоқ.
Сондықтан, барлығы ерітінділер деп аталады, мысалы, натрий хлоридінің
ерітіндісі, протаргол ерітіндісі, желатин ерітіндісі.
Суспензиялар. Бұл қатты дисперсті фазамен дисперсті ортадан тұратын
гетерогенді жүйе. Бөлшектерінің өлшемдері 0,1-10 мкм және одан жоғары
болуы мүмкін. Бұл лайлы сұйықтық, бөлшектері тұнбаға түседі,
седиментацияланады және кез-келген фильтр материалынан өтпейді.
Эмульсиялар. Бұл дисперсті фазасы мен дисперсті ортасы бір-бірінде
ерімейтін немесе араласпайтын сұйықтықтардан тұратын гетерогенді жүйе.
Бөлшектерінің өлшемдері 1 мкм-ден 150 мкм-ге дейін болады.
Күрделі жүйелер (аралас). Күрделі жүйелерге өсімдік шикізатынан сумен
сығындылау арқылы алынатын сығындыланған заттар ерітіндісі, суспензия,
эмульсия түрінде болатын экстракциялық препараттар (тұнбалар, қайнатпалар,
шырыштар) жатады.
Сұйық дәрілік түрлердің құрамы бойынша жіктелуі
- қарапайым сұйық дәрілік түрлер;
- күрделі сұйық дәрілік түрлер.
Сұйық дәрілік түрлердің еріткіштің табиғаты бойынша жіктелуі
- сулы сұйық дәрілік түрлер;
- бейсу сұйық дәрілік түрлер.
Сұйық дәрілік түрлер ішуге және сыртқа қолдануға белгіленеді. Ішуге
қолданылатын барлық сұйық дәрілік түрлердің күрделі жазылымдары
ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар және тұнбалар мен қайнатпалар,
дәріхана тәжірибесінде ертеден микстуралар - Mіxturae (лат. mіscіo -
араластыру) деп аталған. Микстураларда сұйық орта ретінде су қолданылады.
Сыртқа қолданылатын сұйық дәрілік түрлердің де рецептурасы әр түрлі,
белгіленуіне байланысты шайюға, компреске, жууға, сүртуге, бүркуге және т.б.
арналған түрлері кездеседі. Бұл ерітінділерде сұйық орта ретінде судан басқа
сұйықтықтар да қолданылуы (спирт, глицерин, майлар және т.б.) мүмкін.
Сұйық дәрілік түрлердің ішінде (дәрілік заттардың концентрациясына және
дозалануына байланысты), ішуге де және сыртқа да қолдануға белгіленетін,
ерекше орынды тамшылар алады.
Сұйық дәрілік түрлерді дайындаған кезде еріткіш ретінде табиғаты әртүрлі
заттар қолданылуы мүмкін: а) полярлы: су, спирт; б) полярсыз: көмірсутектер.
Сұйық дәрілік түрлерді дайындауға қолданылатын еріткіштер белгілі бір
талаптарға сай болуы керек, соның ішінде:
- еріткіштердің еріткіштік қасиетінің жоғары болуы ;
- еріткіштер химиялық және фармакологиялық индифферентті болуы.
Химиялық индифференттілік - бұл еріткіш пен дәрілік зат арасында
химиялық әрекеттесудің болмауы. Фармакологиялық индифференттік –
еріткіштің ағзаға жағымсыз әсерінің болмауы;
- еріткіштер микроорганизмдердің өсуіне тұрақты болуы;
- жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы;
- еріткіштер арзан және қол жетерлік болуы тиіс.
Еріткіштер: сулы – тазартылған су; бейсу – ұшқыш және ұшқыш емес
еріткіштер болып бөлінеді. Ұшқыш еріткіштерге этил спирті (этанол), эфир,
хлороформ жатады; Ұшқыш емес еріткіштерге өсімдік майлары, глицерин,
этиленгликоль, пропиленгликоль, кремний органикалық қосылыстар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |