Тазартылған су. Алу, сақтау. Суды жұмыс орнына жеткізу
Тазартылған су - (лат. distillatio - тамшылап ағу) — ішінде еріген минералдық түздардан, органикалық заттардан және басқа да қоспалардан дистиляциялау (суды буландырып, қайтадан суға айналдыру) жолымен тазартылған су. Медицина саласында, лабораторияда т.б. қолданылады.
Сұйық дәрілік түрлерге дисперсті орта ретінде өте жиі ҚР МФ І басылым 2
томында келтірілген «Су, тазартылған» қолданылады.
Егер рецептіде еріткіш көрсетілмесе, онда тазартылған су қолданылады.
Тазартылған су еріткіштерге қойылатын талаптарға сай, бірақ, оның басқа
еріткіштер секілді еріткіштік қасиеті шектелген, яғни еріткіштің белгілі нақты
мөлшері дәрілік заттың нақты мөлшерін еріте алады. Микробиологиялық
тұрақсыз, сақтау мерзімі 3 тәуліктен аспайды.
Тазартылған суға қатаң талаптар қойылады:
- ол мөлдір, түссіз сұйықтық;
- суда көмір ангидриді, нитраттар, нитриттер, хлоридтер, сульфаттар және ауыр металдар болмауы керек;
- құрғақ қалдығы 0,001%-дан аспауы керек;
- аммиак қоспасы болуы мүмкін, оның мөлшері 0,0002%-дан аспауы керек.
Дәріханада дистилляцияны дұрыс жүргізуді, аквадистилляторларды және оның бөлшектерін өңдеуді, сонымен бірге суды жинайтын және сақтайтын жауапты
қызметкер тағайындалады. Тазартылған судың сапасына бастапқы құбырдағы
ауыз суының құрамы, дистилляторлардың конструкциясының ерекшеліктері әсер етеді. Өзен немесе құдық сулары қолданылатын ауылды жерлерде суды алдын ала тазалаудан өткізеді, себебі, оның құрамында аммиак және тұздар болуы мүмкін. Тазалау әдісі судағы қоспалардың қасиеттеріне байланысты болады.
Механикалық қоспалардан тазарту тұндыру немесе фильтрлеу арқылы
жүргізіледі.
Суда, оған уақытша және тұрақты кермектілік беретін, кальций және
магний тұздарының болмағаны дұрыс, себебі, суды дистилляциялау кезінде
буландырғыштың қабырғасында қақ түзіледі. Соның нәтижесінде электр
энергиясының шығыны жоғарылайды және судың қайнау температурасына
жету уақытысы да ұзарады, соған байланысты органикалық заттар ыдырап, ұшқыш өнімдер түзіледі. Сонымен бірге, кермекті суды айдаған кезде дистиллятордың қыздырғыш элементтері істен тез шығады.
Аквадистилляторларда қақтың түзілуін болдырмау үшін суды дистилляциялау алдында өңдейді. Суды алдын ала өңдеу оның сапасын жоғарылатады, дистилляциялық аппараттардың пайдалану мерзімін ұзартады. Тазартылған суды алуға дистиллятор деп аталатын айдау қондырғылары қолданылады.
Әр қондырғы негізгі үш элементтен құралады: буландыру камерасы,
конденсатор, қабылдағыш.
Буландырғышта (буландыру камерасы) суды қайнағанға дейін қыздырады.
Су булары конденсаторға өтіп, сұйықтыққа айналады және дистиллят күйінде қабылдағышта жиналады. Судағы барлық ұшпайтын қоспалар аквадистилляторда қалады.
Дистилляторлар бір-бірінен қыздырылу тәсілі, өнімділігі, конструкциясы
бойынша ерекшелінеді. Олар электр тоғымен немесе бумен қыздырылатын
болып бөлінеді. Қазіргі кездегі номенклатура бойынша аквадистилляторлар: ДЭВ
(дистиллятор электрический с водоподготовителем) – суды алғашқы
дайындағышы бар электрлік дистиллятор, ДЭВС (дистиллятор электрический с водоподготовителем и сборником) – суды алғашқы дайындағышпен және
қабылдағышпен қамтамасыз етілген электрлік аквадистиллятор. Конструкциясы бойынша аквадистилляторлар үздікті және (циркуляциялық) үздіксіз жұмыс істейтін болып бөлінеді. Үздікті жұмыс істейтін аквадистилляторларда дистилляцияланған суды бөлек порциямен алады. Буландырғышты бастапқы судың келесі порциясымен
толтыру үшін дистилляциялау процесін тоқтатады. Циркуляциялық аквадистиллятордың конденсаторы салқын су жіберілетін бу көйлегімен» жабдықталады. Циркуляциялық аквадистилляторларда айдау
кезінде буландырғыш автоматты түрде конденсатордың «бу көйлегінен» шыққан жылыған сумен толтырылады.
ДЭ-1 типті дистиллятор (сурет 24) түтікті электр қыздырғыш элементтерінен
(15), буландырғыштан (8), конденсатордан (1) және буландырғышты автоматты түрде толтыруға арналған теңестіргіштен (7) тұрады. Буландырғыш (8) сыртынан
болатты қабықпен қапталған. Су аппаратқа ниппель (16) арқылы су құбырынан келіп түседі. Ол конденсатордың сфера тәрізді қақпағынан өтіп, қыздырылып,
воронка (6) арқылы ағызатын құбырмен (5) теңестіргішке барады. Судың артық
бөлігі теңестіргіштің ішкі құбырымен аппараттан ниппельдегі (12) тесік арқылы сыртқа шығарылады. Буландырғышта түзілген бу патрубок (4) арқылы конденсаторға өтіп, сұйықтыққа айналып, дистилденген су төмендегі ниппель (3) арқылы жинағышқа түседі. Конденсацияланбаған бу конденсатордың корпусында орналасқан тесік арқылы шығарылады. Ол аппаратта қысымның бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аппарат электр желіге сымтетік (14)
арқылы қосылады.
Аппарат жұмыс істеген уақытта ниппель (12) арқылы өтетін судың ағыны үздіксіз болуы керек. Аппараттың жұмысын тоқтату үшін, ең алдымен аппарат
электр желісінен өшіріледі. Содан соң аппаратқа судың келуін тоқтатады.
Буландырғыштағы суды тетіктегі (11) кран (10) арқылы сыртқа шығарады.
Аппараттың өнімділігі сағатына 4-5 л тазартылған су.
Аквадистиллятор ДЭ-25 (сурет 25) тазартылған су алу үшін дәріханаларда
кеңінен қолданылады. Оның өнімділігі 25 л/сағ.
Аппараттың негізгі бөлімдері, буды сепарациялауға арналған тойтарыс
экрандары бар буландырғыш камера (11), конденсатор (10), электр қыздырғыш
(13), теңестіргіш (19), судың деңгейін көрсететін қондырғы (12), вентиль (14),
бастапқы судың артық мөлшерін ағызып жіберетін кран (4), сымтетік пен электр
- реле, станина (18), люктың қақпағы (7), тазартылған суды жинағышқа
жіберетін ниппель (1). Сапасы жоғары тазартылған су алу үшін аквадистиллятордың ішіне сепараторлар (9) орналастырылады, олар бумен бірге
көтерілетін тамшылалардағы қоспалардың тазартылған суға түсуіне кедергі болады.
Электр-қыздырғыш (13) буландырғыш камерада (11) орналасады. Жұмыс
алдында вентиль арқылы құбырмен үздіксіз келетін су, буландырғыш камераны бекітілген деңгейге дейін толтырады. Жұмыс кезінде су, буландырғыш камераға
бөлшектеп түседі, оның артық мөлшері штуцерден канализацияға теңестіргіш
арқылы әрі қарай ағызылады. Теңестіргіш буландырғыш камерамен
байланыстырылған, ол камерада судың қажетті деңгейін ұстап тұрады. Аппарат
автоматты қондырғымен, судың деңгейі жіберілетін деңгейден төмен болған
жағдайда, электр қыздырғыштардың күйіп кетуінен сақтайтын, су деңгейі
көрсеткішімен қамтамасыз етіледі.
Су қабылдағыштарды айына 1-2 рет жуғыш құралдармен тазалау керек.
Аз мөлшерде суды химиялық тұрақты шыныдан жасалған баллондарда
сақтайды. Осы баллондарда суды шаңнан және микробтардан сақтау үшін, екі тесігі бар резенке тығынмен немесе полимерлі қақпақпен тығыз жабады, ал
тесіктерге шыны түтіктерді кіргізеді: біреуі дистилденген судың келіп түсуіне
арналған; ішіне стерильді мақта тампоны салынған екінші түтік сыртқы қысыммен қатысуын қамтамасыз етеді. Осы баллондарды аквадистилляторға
шыны түтіктер көмегімен қосады.
Тазартылған су асептикалық жағдайда 3 тәулік бойы 19.04.15 жылы шыққан ҚР Ұлттық экономика министрінің № 232 бұйрығы талаптарына сәйкес сақтлады.
Достарыңызбен бөлісу: |