Эастракттармен, қиын ұнтақталатын және бояғыш заттармен ұнтақтар технологиясы
Ұнтақтардың жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Ұнтақтар –
ішке және сыртқа қолданылатын, бір немесе бірнеше майдаланған
заттардан тұратын және сусымалды қасиеті бар қатты дәрілік түр.
Ұнтақтар официнальды дәрілік түр. ҚР Мемлекеттік
Фармакопеясының І басылымына жалпы «Сыртқа қолданылатын
ұнтақтар», «Оральдік қолданылатын ұнтақтар» топтық мақалары
енгізілген.
Дисперсиологиялық жіктелу бойынша ұнтақтар дисперстік ортасы
болмайтын, әртүрлі көлемдегі және формадағы майда дисперсті
бөлшектерден тұратын еркін дисперстік жүйе. Дәріханалар
рецептурасының талдауы нәтиждесі көрсеткендей ұнтақтар түрінде
табиғаты әртүрлі қою, сұйық дәрілік құралдар жазылады.
Осы дәрілік түрдің артықшылықтары:
- дозалану дәлдігі – бұл ұнтақ түрінде күшті және улы әсер ететін
дәрілік препараттарды босатуға мүмкіндік береді;
- беттік көлемнің үлкендігіне байланысты, ұнтақтардың
фармакологиялық белсенділігі жоғары;
- қолданылуы ыңғайлы, яғни, балаларға беруге мүмкіндік береді;
- ұнтақ түрінде құрамы және табиғаты әртүрлі препараттарды, соның
ішінде аз мөлшерде сұйық, қою және тұтқыр заттарды босатуға
болады;
- ұнтақтардың дайындалуы оңай;
- сақтау мерзімі ұзақ;
- ұнтақтар тасымалдауға ыңғайлы.
Ұнтақтардың дәрілік түр ретінде кемшіліктері:
- ұнтақтар құрамына сұйық заттарды көп мөлшерде енгізуге болмайды;
- ұнтақ түрінде иісті, бояғыш және ащы дәмді заттарды қолдану
қолайсыз;
- ұнтақ түрінде дәрілік заттар құрамындағы кристаллдық суын оңай
жоғалтады. Осыған орай, егер, дәрілік заттар гигроскопиялық болса,
көгеруге бейім болады;
- ұшқыш заттардың буларын ұнтақтар өз бойына сіңіріп, басқа иісті
болып кетуі немесе өз иісін жоғалтып алуы мүмкін. Мұндай
жағдайларды болдырмау үшін, компоненттердің және дайын дәрілік
түрдің сақтау ережелерін қатаң орындау қажет.
Құрамына экстрактылар кіретін ұнтақтар технологиясы
Дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентрлі спиртті немесе сулы
сығындыларды экстрактылар деп атайды (Extracta). ҚР МФ I т., 554 б. және ҚР
МФ II т., 77 б. «Экстрактылар» мақаласы енгізілген. Фармакопеяға сәйкес
экстрактылар – кептірілген, әдетте, өсімдік немесе жануар тектес шикізаттардан алынатын сұйық, қатты немесе қою концистенциялы концентрленген препараттар. Консистенциясына қарай олар құрғақ (Extracta sіcca), қою (Extracta spіssa), сұйық (Extracta fluіda) болып бөлінеді. Ұнтақтардың құрамына, көбінесе, итжидек экстрактысы кіреді. Ол екі түрлі фармакопеялық препарат ретінде белгілі: құрғақ (1:2) және қою (1:1). Егер рецепті құрамына итжидек экстрактысы кіретін болса, оны құрғақ, қою экстрактылармен және дәріханада дайындалатын қою экстрактының ерітіндісімен дайындауға болады
Қою экстрактымен ұнтақ дайындаудың өзінің ерекшелігі бар. Қою
экстрактыны дөңгелек фильтр қағазға салып (қол таразының табақшасына екі
бірдей дөңгелек фильтр қағаз салынады), өлшейді. Экстракты салынған фильтр
қағазды келсаптың басына жабыстырып, қағазға 2-3 тамшы су немесе этанол
тамызады, сонда қағаз экстрактыдан оңай ажырайды. Келсап басында қалған
экстрактыны келіге аударып, бірнеше тамшы этанол қосып ысқылайды, спирт
ұшып кеткенге дейін біршама уақытқа ашық қалдырады, кейін қалған
ингредиенттерді жалпы ереже бойынша қосып, біртекті ұнтақ дайындалғанша
мұқият араластырады, дозалап, орамдап, безендіреді.
Қою экстрактымен ұнтақ дайындаудың негізгі қиындығы - экстрактыны дәл
өлшеу. Сондықтан, дайындау процесін жеңілдету үшін қою экстрактының
ерітіндісін қолданады.
Ұнтақтарды бояғыш заттармен дайындау. Бояғыш заттарға бриллиант
жасылы, метилен көгі, калий перманганаты, фурацилин, этакридин лактаты,
рибофлавин, индигокармин, акрихин және т.б. жатады. Бояғыш заттар ыдыста,
тығындарда, құралдарда және басқа да заттарда бояулы із қалдырады. Бояғыш
заттар атаулары боынша бөлек тығыз жабылатын арнайы шкафта сақталады.
Бояғыш заттармен жұмыс істеу үшін әр затқа жеке таразы, келі мен келсап,
басқа да керекті бұйымдар бөлек болуы керек. Ұнтақтар арнайы бөлінген
орында дайындалады.
Бояғыш заттарды ұнтақ құрамына «үшқабат» тәсілімен, яғни, бояғыш затты
ақ түсі заттардың арасына салу арқылы енгізеді.
Қиын ұнтақталатын заттармен ұнтақтар дайындау. Қиын
ұнтақталатын заттарды ұшқыш сұйықтықтар (этанол, эфир) қатысында бөлек
майдалайды. Бұл сұйықтықтар кристаллдардың микрожарықтарына жеңіл
еніп, ажыратқыш қасиет көрсетеді және майдалануына ықпал етеді.
Сұйықтық буланып кеткен соң, майда дисперсті ұнтақ пайда болады.
Қиын ұнтақталатын заттарға көптеген иісті және ұшқыш заттар (ментол,
йод, тимол, камфора және т.б.), сонымен бірге, фенилсалицилат, салицил
қышқылы, бор қышқылы, натрий тетрабораты, стрептоцид жатады. Соңғы үш затты қосымша сұйықтықтарсыз да майдалауға болады, бірақ, ұнтақтау ұзақ
жүреді және күш жұмсауды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |